"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БЕС БАЛАЛЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

10.01.2023
БЕС БАЛАЛЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
53
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Қайырымдылық ісіңнен көрінеді» дейді қазақ. Қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – халқымыздың қанында ежелден бар қасиет. Елімізде мемлекет тарапынан да, демеушілердің көмегімен де мұқтаж жандарға, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға әрдайым қолдау көрсетіліп келеді. Айталық, 7 қаңтар күні облыс орталығында «Dauletten» қайырымдылық қоры 5 баласы бар жалғыз басты анаға баспана сыйлады.

Бес баласы бар Кенжегүлдің шаңырағында – қоныс тойы. Кенжегүл Сағатбекованың отбасына халықтың көмегімен облыс орталығынан 25 млн теңгеге 100 шаршы метрлік 4 бөлмелі баспана сатылып алынды. Көп балалы ана осыған дейін не жылуы, не суы жоқ жалдамалы екі бөлмелі пәтерде тұрған, қыстың қақаған аязында суды даладан тасыған.

«Dauletten» — бүгінде баспанаға мұқтаж жандар мен білімге құштар жастарға қолдау көрсетіп жүрген қайырымдылық қоры.  Бұған дейін қор еліміздің әр өңіріндегі 55 отбасыға баспана сыйлап, 100 білімді жасқа шәкіртақы тағайындаған. «Dauletten» қайырымдылық қоры блогер, қоғам белсендісі, экономист Дәулет Төлеутайұлының бастамасымен құрылып,  2020 жылы ресми түрде Әділет министрлігінде тіркелді. Қор жұмысының басты мақсаты – түрлі санаттағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар мен білімді жастарға қолдау көрсету.

Қайырымдылық қоры директорының орынбасары Бекзат Қайратұлы үй табыстауда қандай критерийлерге сүйенетіндерін айтып өтті.

— Семейге келудегі себебіміз – Кенжегүл ханымға үй табыстау. Бізге күн сайын көптеген өтініштер түседі. Оларды таңдауда бірқатар критерийлерге жүгінеміз. Бірінші кезекте, отбасы көп балалы болуы керек, одан кейін жолдасының болу-болмауы да есепке алынады. Таңдауда жалпы жағдайы ең төмен отбасыға басымдық береміз. Осыдан бір ай бұрын «Dauletten» қорының менеджерлеріне балалардың сынып жетекшісінен бұл отбасыға көмек қажет екені туралы хат келді. Біз уақыт созбай бұл отбасының жағдайын тексеріп, шынымен баспанаға мұқтаж екендеріне көз жеткіздік. Кенжегүл ханым – жалғыз басты, көп балалы ана. Біздің еріктілер үй жағдайымен танысып, видеотүсірілім жасағаннан кейін, осыдан екі апта бұрын, қаражат жинай бастадық. Бір күнде 24 млн-нан артық қаражат жиналып, осы үйді таңдап, отбасыға табыстауды ұйғардық. Барлық игі істер қайырымды жандардың тікелей қолдауымен жүзеге асып жатқанын айрықша атап өтуіміз керек, — дейді Бекзат Қайратұлы.

Оның айтуынша, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қаражат жинау «Dauletten» қайырымдылық қорының және Дәулет Төлеутайұлының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларында ұйымдастырылады. Халықтың көмегі, қайырымдылығы бір отбасының жақсы өмір бастауына себеп болуда. Бұл ретте игі іске мұрындық болған қаламыздағы №29 орта мектептің мұғалімі Шынар Көрпебаева туралы да айтпай кетуге болмас.

— Сынып жетекшісі болып тағайындалғаннан кейін әр баланың өмірі үшін жауапкершілік жүктелетінін сезінеміз. Қарлығаш, бес баланың ішіндегі үлкені, менің сыныбыма №12 мектептен қыркүйек айында ауысып келді. Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, тұрмыстық жағдайы жайлы толығырақ біліп, тұрғын үй жағдайын тексеру актісін толтыру үшін оқушымның үйіне бардым. Сол кезде отбасының жағдайы ортадан төмен екенін, көмек қажет ететінін байқап, ұзақ ойландым. Қалайда көмек ұйымдастыру керек, осыны ойластыра келе Дәулет Төлеутайұлына тікелей шығуды жөн деп шештім. Хатымды жолдағаннан кейін, көп ұзамай жауап келді. Отбасының тұрмыс жағдайын тексере келе қайырымдылық қоры қол ұшын беретіндерін айтты. Жаңа жылдың алдында жеткен бұл жаңалыққа балаша қуанып, өзім үй алатындай әсерде болдым. Қайырымдылық қорының ұжымына осындай игі іс жасап жатқандары үшін ата-ана ретінде де, мұғалім ретінде де, Қазақстанның азаматшасы ретінде де алғыс айтамын! — дейді Шынар Көрпебаева.

Қуанышқа ортақтасуға келген жандарға дастарқан жайылып, ізгі тілектер айтылды.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Мақалада: БЕС БАЛАЛЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

«РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ

11.04.2023
«РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ

Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау - ең сауапты да қайырлы істердің бірі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Зекет және...

Толығырақ...Details

Қайырымдылық — қадірлі іс

20.01.2023
Қайырымдылық — қадірлі іс

Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Осыған орай, Абай облысы бойынша ҚАЖД...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абайлық балуан Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан Барысы-2025» турнирінде күміс еншіледі

2 часа бұрын

Мақаншы құтқарушыларына жаңа өрт сөндіру көлігі мен дрон берілді

2 часа бұрын

Абай облысында 151 мың гектарға жуық жер қайта алынды: әкім аудандарға қатаң тапсырма берді

2 часа бұрын

Абай облысында кадрлық тұрақтылық пен мектеп асханаларына бақылау күшейеді

2 часа бұрын

Ақсуат ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған жаңа жоба іске қосылды

4 часа бұрын

Президент тапсырмасы бойынша Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын барынша азайту бағытында шаралар қабылдауда

4 дня бұрын

Қазақстанның ұлттық резервтері 64 миллиард долларға жетті – Бейсенбаев

4 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді»

4 дня бұрын

Сәрсенғалиев: «Әскердегі қайғылы оқиғаларды тоқтататын нақты тетік керек» — ІІМ-ге сауал

4 дня бұрын

Трамп Қытаймен сауда текетіресін «соғыс» деп атады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС