"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАЛАЛАРҒА БОЛАШАҚ СЫЙЛАЙДЫ

16.01.2023
БАЛАЛАРҒА БОЛАШАҚ СЫЙЛАЙДЫ
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

БАЛАЛАРҒА БОЛАШАҚ СЫЙЛАЙДЫ

 

Бала денсаулығын сақтау – мемлекеттің маңызды басымдықтарының бірі. Өкінішке қарай, елімізде соңғы жылдары денсаулығында туа біткен ақауы бар балалардың саны көбейіп келеді. Мұндай балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызы зор. Осы мақсатта елімізде оңалту орталықтары ашылуда.

Зарина КӘП

«Семей таңы»

Биыл қаламыздағы «Қамқорлық» оңалту орталығының ашылғанына бір жыл толды. Осыған орай, орталықтың әкімшілігі бүлдіршіндердің, ата-аналардың қатысуымен кеш ұйымдастырды.

— Осыдан 1 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен қаламызда ерте араласу орталығы мен балаларды оңалту орталығы ашылды. Осы 1 жылдың ішінде екі орталықта 1355 бала оңалту емшараларын алып, 86 бүлдіршін алғашқы қадамын жасады. Басын ұстай алмайтын 76 сәби ем алып, жағдайлары қалыпқа келді. Мұндай жетістіктерге жетуімізге ата-аналараның да ықпалы мол. Алдағы күндерден үмітіміз мол, денсаулығында кінәраты бар талай баланы оңалтып, қатарға қосамыз деп сенемін,- дейді орталық басшысы Жанар Қабденова.

«Қамқорлық» өңірдегі инновациялық орталық болып табылады. Мұнда нейро-ортопедиялық аурулары, оның ішінде церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтудың әлемдік үздік әдістері мен заманауи тәсілдері енгізілген. Мамандар аурудың ерекшеліктерін ескере отырып, әр баланы қалпына келтірудің жеке бағдарламасын әзірлейді. Орталықта қозғалыс дағдыларын дамытатын заманауи технологиялар — оңалтудың арнайы техникалық құралдары, тренажерлер, аппараттар мен аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылған.

— Бұрын біздің қаладағы мүмкіндігі шектеулі балалар Астана, Алматы қалаларына барып, ем алатын. Бұл, бір жағынан, ата-аналардың қалтасына салмақ салатын еді. Біздің орталықтың ашылуы өңір тұрғындарына үлкен үміт сыйлады. Жыл бойғы жұмыс барысында ата-аналармен бірлесіп үлкен жетістіктерге жеттік. Орталықта 50 шақты қызметкер жұмыс істейді. Бір жылда кемінде 1200 баланы оңалтудан өткіземіз,- дейді Семей қаласының перинаталдық орталығының «Қамқорлық» неонаталдық және педиатриялық қызметінің басшысы Гүлжазира Дүйсекенова.

Орталықта сонымен қатар емдік дене шынықтыру, электроэнцефалография, физиотерапия, жарықпен емдеу, су массажы, логопед және дефектологпен күнделікті жеке сабақтар қарастырылған.  Иммерсиялық ванна, механотерапия, эрготерапевт және психолог кабинеттері, сенсорлық бөлме, құрғақ ванна жұмыс істейді.

Оңалту орталығы 3 жасқа дейінгі балаларға, ал ерте араласу орталығы 3-тен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. Мұнда жалпы сомасы 207 млн теңгеге медициналық оңалту жабдықтарының 90-нан астам түрі орнатылған. Астана, Мәскеу және Санкт-Петербургте оқып келген арнайы медициналық мамандар жұмыс істейді.

Мақалада: БАЛАЛАРҒА БОЛАШАҚ СЫЙЛАЙДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

21 час бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

21 час бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

22 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

22 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

23 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

23 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС