"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

24.02.2023
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ
25
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше, 24 ақпан күні, қаламыздағы №42 орта мектепте «Білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді жолдарын ұсыну» тақырыбында педагогикалық форум өтті. Форумға қаладағы білім беру мекемелерінің басшылары, әлеуметтік педагогтер қатысты.

Бүгінде Абай облысында ерекше білім беруді қажет ететін 2698 бала бар. Сөз басында «ерекше білім беруді қажет ететін оқушы» деген түсінік «мүмкіндігі шектеулі бала» дегенді ғана білдірмейтінін айта кеткен жөн. Форумға қатысқан мұғалімдердің айтуынша, оқудағы қиындықтар, ең алдымен, интеллектуалдық дамуға емес, әр оқушының жеке қабілетіне де байланысты. Облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың директоры Айнұр Исабаева атап өткендей, мемлекеттік білім беру саясаты — қолжетімді білім беруге және әрбір адамның интеллектуалдық және психофизикалық мүмкіндіктерін дамыту қағидасына негізделген. – Әрине, тәрбие үрдісінде отбасының да орны ерекше. Облысымызда ерекше қажеттілігі бар 2698 бала бар. Әр ауданда психологиялықпедагогикалық көмек көрсету кабинеттері жұмыс істейді. Мемлекетіміз әрбір азаматқа, оның ішінде аталған санаттағы азаматтардың да білім алуына етуге мүмкіндік жасайды, – деді Айнұр Исабаева. « П с и х о л о г и я л ы қ — м е д и ц и н а л ы қ — педагогикалық кеңес» мекемесінің әлеуметтік педагогі Елена Изотова ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. – Кешенді тексеру және кеңес беру жұмыстарын ата-аналардың, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының бастамасымен білікті дәрігерлер мен мұғалімдер жүргізеді. Тексеру барысында мұғалімдер мен психологтер оқушының әлеуметтік-психологиялық қабілеттеріне талдау жүргізеді. Тексерудің ұзақтығы он бес минуттан бір сағатқа дейін созылады. Ерекше қажеттіліктері бар оқушының барлығы бірдей мүмкіндігі шектеулі адамдардың санатына жатпайды. Сондықтан бұл орайда кешенді тәсіл өте маңызды, — деп атап өтті Елена Изотова. «Abai IT-Valley» технологиялық кластерінің директоры Бауыржан Наурызбаев инклюзивті білім беруге инновациялық технологияларды енгізу туралы сөз қозғады. – Мысалы, жасанды интеллект мұғалімдер мен дефектологтерге үлкен көмек пен қолдау көрсете алады.Айталық, Chat-GPT нейрондық желісі чат ботын пайдалану арқылы дамудың белгілі бір бұзылуын диагностикалау бойынша алғашқы қысқаша кеңес алуға болады. Сонымен қатар технологиялық кластер ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға көмектесетін ұлттық нақыштағы 3D модельдерін әзірлеумен айналысуда,- деді Бауыржан Наурызбаев. Форум барысында мұғалімдер оқушылардың мұндай топтарына жан-жақты қолдау көрсету, сондай-ақ материалды ұсыну әдістерін одан әрі дамыту қажеттігі туралы ортақ пікірге келді.

Айтолқын САМАТОВА,
«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

13 часов бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

14 часов бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

15 часов бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

15 часов бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

15 часов бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

16 часов бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

2 дня бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

2 дня бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

3 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС