"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Сайлау өтті… енді ел жағдайын Ойлау қалды

01.04.2023
Сайлау өтті… енді ел жағдайын Ойлау қалды
43
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысы мәслихатының VIII шақырылымының бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Наталья Фесенко, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, құқық қорғау органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестік мүшелері мен жаңадан сайланған 28 депутат қатысты.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Семей таңы»

Күн тәртібінде Абай облысы мәслихатының төрағасын сайлау, мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру, тұрақты комиссиялардың төрағаларын сайлау және депутаттық фракцияны тіркеу мәселелері қаралды.
Сессия барысында Н.Фесенко сайлау қорытындыларымен таныстырып өтті. Бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 15 депутат, партиялық тізім бойынша «AMANAT» партиясынан 13 депутат, «Respublika» партиясы мен «Қазақстан халық партиясынан» бір-бір депутаттан сайланған.
Халық қалаулыларына төсбелгілер мен куәліктер тапсырылған соң дауыс беру нәтижесінде Қуаныш Сүлейменов Абай облысы мәслихатының төрағасы болып сайланды.
— Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы болу — үлкен жауапкершілік әрі абырой. Депутаттардың жұмысын үйлесітіріп, халық пен әкімдік арасын байланыстыра отырып, нәтижелі жұмыс істейміз деген жоспарымыз бар,- деп атап өтті Қуаныш Серқазыұлы.
Сессия барысында тұрақты 5 комиссия құрылып, төрағалары бекітілді. Экономикалық және қаржылық, кәсіпкерлік қызметті дамыту саласындағы тұрақты комиссияға депутат Қанат Әділбай, агроөнеркәсiптiк кешен және экологияны дамыту саласындағы тұрақты комиссияға Уәлихан Майжанов, халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спортты дамыту саласындағы тұрақты комиссияға Риза Молдашева, депутаттық өкілеттілік, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға Шолпан Чегедекова, өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалануды дамыту саласындағы тұрақты комиссияға Бауыржан Қайрамбаев төрағалық ететін болды.
Алда ел игілігі жолында ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын атап өткен облыс әкімі Нұрлан Ұранханхаев VIII шақырылым депутаттарының жұмысына сәттілік тіледі.
Халық қалаулыларының құрамында бұған дейін де бірнеше шақырылымның депутаты болған тәжірибелі азаматтар да, биыл тұңғыш рет халық сеніміне ие болып отырған жастар да бар. Жалпы, 30 депутаттың 6-ауы нәзік жанды болса, 3-еуі — 35 жасқа дейінгі азаматтар. Депутаттардың ең үлкені 67 жаста болса, ең жасы 33-те.
— Халық сенмін ақтауымыз керек. Аймақ әкімдігімен, халықпен бірлесіп Абай облысын дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыруға атсалысамыз. Экономикамыздың өркендеуіне, ауыл шаруашылығы саласын ілгерілетуге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосу – басты мақсатымыз,- деді тәжірибесі мол депутат Марат Құрманбай.
Биылғы жылғы сайлаудың басты ерекшелігі – депутаттар корпусының құрамына жастардың енуі.
— Тұңғыш рет елімізде депутаттар қатарына жастар еніп отыр. Бұл – жастарға берілген үлкен мүмкіндік. Елімізде қара Ертістің сеңі қозғалғандай сең қозғалуда. Қарапайым халықтың ішінен шыққан жандар қарапайым халықтың мұң-мұқтажын, мәселесін көтереді. Міржақып Дулатұлы айтқандай: «Жақсы болу үшін депутат болу шарт емес. Депутат болу үшін жақсы болу шарт». Бұл қағиданы ұстана отырып, осы уақытқа дейін азды-көпті айтып келе жатқан қоғамдағы қордаланып қалған дүниелерді, тұралап қалған тіршілікті, ғылым-білім, мәдениет, спорт, әр түрлі әлеуметтік жағдайларды депутат ретінде мәселе етіп көтеру мақсатым,- деді жастар квотасымен сайланған ең жас депутат Мерей Қарт.

Осылайша, «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс»,- деп Қасым ағамыз айтқандай, біреуді қуантып, біреуді ренжітіп сайлау да өтті. Енді додада бағы жанып, бәйгеден озып келген халық қалаулыларына ойлау қалды. Ал ойланатын мәселе аз емес… Ең бастысы, өздеріне сенім көрсеткен ел аманатын естен шығармаса болғаны.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС