"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІЛІМ САПАСЫ – ТАБЫСТЫ ҰЛТ БОЛУДЫҢ  КЕПІЛІ

18.04.2023
БІЛІМ САПАСЫ – ТАБЫСТЫ ҰЛТ БОЛУДЫҢ  КЕПІЛІ
78
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Педагог мәртебесін көтеру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, 2021 жылғы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді.  Педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түсетіндердің орташа балы да өсті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. Мамандардың пайымдауынша, 2025  жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Осы орайда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы  2025 жылға дейін кемінде мың мектеп салуды тапсырды.

Президент тапсырмасы аясындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде Абай облысында 5700 орынға арналған 11 мектеп салынады. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 42 млрд теңге қарастырылған. Атап айтқанда, Ақсуат, Жарма (2), Бесқарағай, Үржар ауылдарында шағын жинақты мектептер – жиыны 6 шағын жинақты мектеп салынады. Сонымен қатар мектептерге қосалқы 6 ғимарат бой көтереді. Оның екеуі Семей қаласында, төртеуі Аягөз қаласында орналасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі  Қазақстан халқына Жолдауында: «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс»,- деп атап өткен болатын.

Білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін педагогтер қауымы бүгінгі күні инновациялық-цифрлық трансформациядан өтуде. Білім алушылардың әр түрлі өмірлік жағдайларда қолдануға болатын тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, пәнаралық байланыстарын дамыту және білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Педагогтер мен білім алушылардың үздіксіз өздігінен білім алу мүмкіндігіне қолайлы орта қалыптастыру — білім саласындағы маңызды міндеттердің бірі. Абай облысы білім басқармасының бізге берген мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күні аймақ мектептерде 223 физика, 202 химия, 214 биология, 285 информатика және 15 STEM кабинеттері, 1,5 мың интерактивті панельдер, 163 робототехника және 140 ІТ-сыныптар бар. 2023 жылы 36 физика, химия, биология кабинеттері мен 6 STEM кабинетін сатып алу жоспарлануда.

— Инновацияларды қолдау арқылы білім беру жүйесінде цифрлық экожүйені құру мақсатында «Digital Abay» облыстық жобасы және білім беру ұйымдарында STEAM бағытын дамыту аясында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар IT-бағытты жүйелі түрде ілгерілету, ынтымақтастықты кеңейту мақсатында «Болашақ инженер» және «ОZYQ URPAQ»  республикалық жобалары іске асырылуда. Биыл Alikhan Bokeikhan University және Abai IT-Valley технологиялық кластерімен меморандум жасалды. Меморандум аясында «Спорттық бағдарламалау», 3D үлгілеу  және STEAM бағыттары бойынша педагогтердің құзыреттілігін дамыту қолға алынған. Оқушылар мен студенттер алғашқы IT-мектепте  «Инженерия», «Спорттық бағдарламалау» бағыттары бойынша қосымша білім алуда,- дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Салтанат Амантайқызы.

Мемлекет басшысы өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек»,- деген болатын.

Бүгінде Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 37 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 21-і — мемлекеттік, 16-сы – жекеменшік оқу орны.

— Облыстағы 21 колледжде дуальды оқыту енгізілген. Академиялық дербестікті енгізу шеңберінде колледждер білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілердің қатысуымен Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың және кәсіптік стандарттардың талаптары негізінде дербес әзірлейді. Яғни жұмысқа орналасу кезінде колледж түлектері жұмыс берушілердің сұраныстарына толық сәйкес келетін болады.

Облысымызда «Жас маман» жобасы іске асырылуда, сондай-ақ 6 колледж базасында Заманауи құзыреттілік орталықтары ашылды. Құзыреттілік орталықтары барлық облыс студенттеріне халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жабдықтарда тағылымдамадан өту және оқу үшін базалық алаң болып табылады,- дейді Абай облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Вилена Жақыпбаева.

Айта кетейік,  2022-2023 оқу жылында Абай облысында 99 907 бала контингенті бар 301 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бірінші сыныпқа 10 611 бала барса, оның 7 251-і қазақ тілінде, 3360-ы орыс тілінде оқиды. 2023 жылы 14 119 түлек, оның ішінде 9 сыныпты 9 488, 11 сыныпты 4 631 бала тамамдайды. 203 оқушы — «Алтын белгі» төсбелгісіне,  435 оқушы — үздік аттестатқа үміткер. 4047 мектеп бітіруші, немесе оқушылардың 87 пайызы, ҰБТ тапсыруға өтініш берген.

Облыстың барлық мектептерінде IT-сыныптар ашылған, онда оқушылар бағдарламалау, 3D модельдеу, робототехника бағыттары бойынша білім алады.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

22 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

22 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

22 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

22 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС