"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

 АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЖАРМА АУДАНЫНДА

18.04.2023
 АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЖАРМА АУДАНЫНДА
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен сенбі күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарымен Жарма ауданына барып, Қалбатау ауылында тұрғындармен кездесті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Аудан әкімі Жарқынбек Байсабыровтың есебін тыңдаған соң аймақ басшысы Абай облысын және Жарма ауданын дамыту жоспарлары туралы баяндады.

Абай облысы құрылғалы бері халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында аймақтың экономикасын дамытудың жаңа бағыттары әзірленді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканың барлық салаларында оң  көрсеткіштер байқалды. Өндіріс саласында 1,1 трлн теңге өнім өндірілсе, оның ішінде Жарма ауданының үлесі — 281,2 млрд теңге.

— Жарма — тоғыз жолдың торабында орналасқан әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндігі жоғары аудан. Аудан экономикасының дамуына «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны», «Горняк», «Васильевские»,»Асар Инвест» және «Сарытас» өндіріс орындары ықпал етіп отыр. Кәсіпкерлікті дамыту үшін нақты қолдаулар жасалып отыр. Шағын және орта бизнесте жақсы көрсеткіштер бар. Экономиканы дамытудың негізгі бағыттарының бірі — ауылшаруашылық саласы. Бұл бағыттағы өнім 9,8 пайызға өсті. Ет, сүт, жұмыртқа өндіруде жақсы көрсеткіш бар. «ҚазАгроФинанс» қаржы институты арқылы 310,8 млн теңгеге 23 ауылшаруашылық техникасы алынды. Аудан бойынша 2,4 мың гектар жайылым  жер мемлекеттік меншікке қайтарылды. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін тұрғын үй шаруашылық инфрақұрылымын дамыту керек. Біздің басым бағытымыз — тұрғын үй шаруашылық саласындағы мәселелерді шешу, тұрғын үйлер салу,-  деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Бүгінде Жарма ауданындағы Шар қаласы және 21 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Өткен жылы 340 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өңірдегі негізгі мәселенің бірі — жол сапасы. Бұл бағытта өткен жылы ауданға 894,1 млн теңге бөлініп, 3 жоба іске асты. Жұмыстар осы жылы да жалғасады.

 АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЖАРМА АУДАНЫНДА

«Ауылды жердегі денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста 10,8 млрд теңгеге 65 алғашқы медициналық көмек көрсету пункті салынады.

— Медициналық қызметтің әрбір тұрғын үшін қолжетімді болуы — біздің басты міндетіміз. Ұлттық жоба аясында ауданда 7 жаңа медициналық нысан салынып, медициналық мекемелерді қондырғылармен қамтамасыз ету жалғасады. Тағы бір маңызды бағыт – білім беру және тәрбие.  Өкінішке қарай, облыста мектептер жетіспейді. Өткен жылы 1700 орынға арналған  қосымша 4 жаңа мектеп салынды. 2024-2025 жылдары Жарма ауданында 300 орынға арналған мектеп салу жоспарда бар. Осы жылы өңірдегі мектептерге  ағымдағы жөндеу жұмыстарына және күрделі жөндеуге 157,8 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар қауіпсіздік  шаралары күшейтілуде. Халықты әлеуметтік қорғау және қолдау, жұмыспен қамту шаралары да жүзеге асуда,- деді Н.Ұранхаев.

Жиында айтылғандай, Жарма ауданында техникалық және кәсіптік білімге қолдау жан-жақты көрсетілуде. «Ұлттық білім» жобасы бойынша 2025 жылға дейін жастар техникалық және кәсіптік білім берумен 100 пайыз қамтылады. Сонымен қатар Жарма технологиялық колледжінің жылу жүйелерін жөндеу үшін 13,6 млн теңге, инженерлік жүйеге 24 млн теңге бөлінген. Білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі арқылы іске асуда. «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС  және «Жарма технологиялық колледжі»  КММ арасындағы өзара ынтымақтастық арқылы ғимараттың  жөндеу жұмыстарына қажетті  жаңан тауарлар сатып алу қарастырылған.

Кездесуден соң аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев және басқарма басшылары азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

4 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

4 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

5 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

5 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС