"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨЗГЕ САЛАЛАРДЫ ӨРКЕНДЕТУ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНАН БАСТАЛАДЫ

20.10.2014
ӨЗГЕ САЛАЛАРДЫ ӨРКЕНДЕТУ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНАН БАСТАЛАДЫ
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімі Айбек Кәрімовтің төрағалығымен ауылшаруашылық саласын дамытуға арналған ауқымды жиын өткізілді. Оған ауылшаруашылық саласының мамандары, ғалымдар, шаруа қожалықтарының басшылары, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Алғаш болып сөз алған қала басшысы келелі кездесуде шаһардың болашағына қан жүгіртетін бірқатар мәселелердің талқыланатынын атап өтті.

—  Семей қаласын жан — жақты дамыту — біздің негізгі міндетіміз. Осы ретте жеңіл және тамақ өнеркәсібінен айналып өте алмаймыз. Өйткені қаланың негізгі экономикалық құрылымы жеңіл өнеркәсіппен тығыз байланысты. Қазір аталмыш сала, жалпы, еліміз бойынша кенжелеп келе жатыр. Қазіргі нарықты зерттей келе байқағанымыз экономиканы көтеру үшін, әсіресе, өңдеу өнеркәсібін алға ілгерлету үшін, алдымен ауылшаруашылығын жүргізудің жаңа жүйесін жасап шығаруымыз қажет. Себебі, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін қажетті шикізатпен қамтамасыз етуіміз керек. Ал қажетті шикізатқа тек ауылшаруашылығын дамытқанда ғана қол жеткіземіз.Сондықтан, өңірімізде егістік шаруашылығы, мал азығы өндірісі мен өсімдік шаруашылығын дамытуды қарастыруымыз керек, — деген Айбек Мүталапханұлы қазіргі нарықтың жылдам дамып келе жатқанын, сол үшін азық-түлікпен қамтамасыз ету мен экспортқа шығару мүмкіндігін қарастыруды да ескеру керектігін баса айтты.

 

{jcomments on}Қазіргі күні бәсекеге қабілетті шикізат шығара алмай отырмыз. Жеңіл өнеркәсіптің дамуына тікелей әсер ететін қой шаруашылығы төмендеп барады. Біз сондай-ақ ірі қара малының терісін өңдеу нарығына жол ашып отырмыз. Алайда  оның толық мүмкіндігін пайдалануға әзірге қауқарымыз жетіңкіремейді. Бұл жерде мәселе тікелей тұқымдық мал мен мал азығы өндірісінде. Міне,  осы сауалдарға өте жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Ол үшін аумағымыздың  жер қыртысын зерттеп, егістік шаруашылығына жаңа жүйелерді қолдануды қарастыру қажет. Себебі, ғалымдардың ертеректе ұсынған ұсыныстары ескіріп барады. Қазір 70-80-ші жылдары қолданылған технология өзгерді.  Тіпті, 2000-шы жылдары қолданылған технология бүгінгі күнге келмейді. Технологиямен қатар техникалар да жаңаруда, — деп атап өтті Айбек Мүталапханұлы.

 

Қала басшысы, сондай-ақ, қазір ауыспалы егіс талаптары сақталмайтынын, тіпті шаруалар онымен айналысудан қалғанын, бұл ретте тыңайтқыштардың дұрыс қолданылуын қарастыру қажеттігін айтып, егістік алқаптарының неліктен тұрақты өнім ала алмайтынын, көп жылдық және бір жылдық шөптердің, сапалы тұқым алудың жолдарын қарастыру керектігіне де жіті мән берді.

Қала әкімі жиынның басты мақсаты  — шаруашылық басшыларының ой – пікірлерін, көзқарастарын тыңдау екеніне тоқталды. Сондай –ақ, қазір жем-шөп өндіруді дамытпайтын болсақ, онда алдағы уақытта мал шаруашылығын алға жылжыту мүмкін еместігін де еске салып өтті. Әлбетте, ауылшаруашылығы алға жылжымайтын болса, өз кезегінде бұл саланың салқыны жеңіл өнеркәсіпке кесірін тигізетіні де шындық. Осы ретте  Айбек Мүталапханұлы жиналғандарға алдағы бір айдың ішінде барлық шаруашылық салалары бойынша қандай жаңашылдықтар енгізуге болатынын, келешек даму жолына ұсыныстар білдіруге болатынын баса айтты.

Елімізге белгілі ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Сайпитин Құрманбаев өз ойын білдіре келе, араға жылдар сала ауылшаруашылығы саласының мамандары бас қосқаны құптарлық іс екенін атап өтті. Оның сөзіне сүйенсек, салада атқарылуға тиісті шарулар шаш етектен.

— Бүгінгі күні егін шаруашылығында белгілі бір жүйе бойынша жұмыстар атқарылмайды. Көп жағдайда шаруашылықтар талапқа сай жұмыс жасамайды. Топырақты өңдеу жүйесі дұрыс сақталмайды. Күздік жерді өңдеуге келгенде шаруалар оған дайын болмай қалады. Ауыспалы егіс алқаптарының талаптарының қатаң сақталмайтыны бар. Талапқа сай жұмыс жасайтын шаруалар саусақпен санарлық. Ол қайдан сақталсын? Қазіргі күні егіс алқаптарының 40-50 пайызына күнбағыс егіледі. Салдарынан топырақты механикалық және химиялық жолдармен қосымша көптеп өңдеуге алып келеді. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс туындатады. Бұрындары топырақты күзгі өңдеу жүйесі болған. Осы жүйені сақтау керек еді. Топырақты өңдеудің осы жүйесіне келгеніміз жөн, — деді С.Құрманбаев.

Басқосуда қала әкімі мемлекет тарапынан қаржыландыру жұмыстары айтарлықтай қомақты екенін атап өтті.

— Жұмыс жасағысы келгендерге техника, тұқым, субсидия  алу үшін ұзақ мерзімді несие алуға мүмкіндік қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет тарапынан қолдау бар, — деген Айбек Мүталапханұлы, — қазір жерді жалға алып, алайда ешқандай жұмыс жасамай жатқандар жетерлік. Бүгінгі күні жаңа заң бойынша ол жерлерді қайтарып алып, жұмыс жасағысы келетіндерге бере аламыз, — деп атап өтті.

Жиында топырақтың құнарлығын білу мақсатында қаламызға ғылыми тұрғыдан дәлелдейтін зертхана қажеттігі және маман тапшылығы сөз болды. Бұл ретте қала әкімі ауылшаруашылық бөлімі мамандарына жеке меншік зертхана ашуға бар мүмкіндіктерді саралауды, содан кейін барлық шаруа қожалықтарына міндетті түрде өздерінің жер телімдерінің сапасын білу мақсатында зерттеу жүргізуді міндеттейтінін айтып, нәтижесінде ғылыми тұрғыдан ұсыныс алуға болатынын айтып ұсыныс білдірді. Қала әкімінің айтуынша, қаланы картоп, көкөніспен қамтамыз етуде мәселе жоқ. Тек сүт өндіру мен ет өндіруде, сондай-ақ мал басын көбейтуде жұмыстар атқарылуы тиіс екен. Оның айтуынша, алдымен өңірдің егістік шаруашылығын, мал азығы өндірісін және өсімдік шаруашылығын дамыту керек.

Агрономдармен өткен алқалы жиыннан кейін қала әкімі мал шаруашылығы, оның ішінде ветеринария саласы бойынша мамандардың басын қосқан жиын өткізді. Салаға қатысты сөз алған Айбек Мүталапханұлы:

— Бүгінгі күні мал шарушылығы мен ветеринария қаланың негізгі даму көрсеткіші. Семей қаласы  еліміздің өзге қалаларына қарағанда, жеңіл өнеркәсіп орталығы болуға лайықты. Бір ғана көрсеткішті айта кетуге болады. Кеңес заманында қала экономикасында жеңіл өнеркәсіп жалпы өнеркәсіптің 40 пайызын құраған. Сондықтан да жұмыс күшінің негізгі бөлігі де осы салада еңбек еткен болатын. Бүгінгі күні жеңіл өнеркәсіп қала  бойынша 1,8 пайызды көрсетуде. Яғни өнім көрсеткішін 22 есеге жоғалтып отырмыз. Сонымен қатар шикізат сапасын да жоғалтып алдық. Бұл бағытта мал тұқымы мен ветеринария саласы да әлсіз жұмыс атқа- руда, — деген қала басшысы          А.Кәрімов, — бүгінгі күні ірі қара терісі әлемдік деңгейде сапасы жағынан бәсекеге қабілетті екенін айта кетуіміз керек. Алайда тұқым мен мал басын көбейтуде артта келеміз. Селекция нашар, тұқым ісі әзірге әлсіз жұмыс жасауда. Бізде ғылыми негіз жоқ және ветеринария саласы нашар күйде. Бруцеллез, аусыл мәселесі мен сібір жарасы, паратуберкулез мәселелері мал шаруашылығын дамытуға кедергі келтіруде. Зертхана қызметі де әлсіз. Сертификат халықаралық талапқа сай емес. Салдарынан өзге мемлекеттердің қызметіне жүгінуімізге тура келеді. Кейде әртүрлі нәтиже алып, мал шаруашылығы дамуына кедергі келтіреміз. Сондықтан сіздермен мал шаруашылығын ғылыми тұрғыдан жетелеуді қарастыруымыз керек. Дегенмен, бүгінгі күні мемлекет тарапынан көңіл бөлініп келеді. Бірінші кезекте мамандармен қамтамасыз етудегі жұмыстар жүйелі. Қазір қалалық әкімдікте ветеринария бөлімі құрылды. Өйткені, мал дәрігерлері мен ветеринарлық қызметсіз мал ша-   руашылығын дамыту мүмкін емес екенін түсінеміз.

Басқосуда тәжірибелі мамандар даярлау, замануи зертхана жұмысын ұйымдастыру мәселесі де сырт қалған жоқ. Жиналғандардың айтуынша, елімізде ғылымды қаржыландыру, зертхана жұмысын жабдықтау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік зор. Шет мемлекеттерден ғалымдарды шақыруға да қауқарымыз жеткілікті. Қала басшысының пікірінше, бұл өз кезегінде саланың жаңаша дамуына мүмкіндік бермек.

— Бұл біздің бүгінгі алғашқы кеңесіміз.  Ауылшаруашылығы жүйесін жүргізу туралы өз ұсынысымызды білдіруіміз керек. Агрономдардың өсімдік шаруашылығы мен мал азығы өндірісіне қатысты, ветеринарлардың ветеринария бойынша пікірлері қажет. Мемлекеттен қолдау, субсидия беру жұмыстары нәтижелі жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта маман мәселесін де жүйелі түрде шешу қарастырылады. Сонда көп мәселелер шешімін табады,- деді А.Кәрімов.

Қала басшысы жиын соңында құрамына ғалымдар мен ауылшаруашылығы саласының мамандары кіретін жұмыс тобын құрып, өңірдің ауылшаруашылығы саласын дамытуда тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды.  

Асан Мырзаханов,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

2 дня бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

3 дня бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

1 неделя бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

1 неделя бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

1 неделя бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

1 неделя бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

2 недели бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС