Бүгіндері Түркияда тұрып жатқан айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева немерелі болып, әже атанды
Сүйінші хабармен Айнұр Тұрсынбаеваның өзі Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
«Ал сүйінші! Кеше ғана үйленген Беклан мен Мәдинам бүгін ата-ана атанды! Толғақ 40 сағатқа созылды… Алланың шексіз мейірімімен бүгін таңғы сағат 4.25-те Әлем Бекланұлы дүниеге келді! Қазақтың атын әлемге танытатын мықты ұлдардың қатарында болсын дедік… Барлықтарыңызға жұғысты болсын», — деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram