"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қала бюджеті 1,5 есеге ұлғайды

30.06.2023
Қала бюджеті 1,5 есеге ұлғайды
39
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен бейсенбі күні Абай атындағы театрда облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласы тұрғындарымен кездесу өткізді. Аймақ басшысы жүргізілген жұмыстар туралы есеп беріп, қазіргі күні жүзеге асырылып жатқан жобалар жайында баяндады.
Жиынға барлық мекеме, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қала тұрғындары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу алдында салалық басқарма басшылары тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Semeı tańy»

Жиында алдымен Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов шаһардың дамуы мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайлы баяндама жасады.
Абай облысы құрылған сәттен бастап өңірімізде ауқымды жобалар қолға алынды, облыс орталығы ретінде Семей қаласы да дамып келеді.
— Біз алғашқы күннен бастап жоспарлы жұмыстарды қолға алдық. Президент тапсырмасымен өңірді дамытудың кешенді жоспары қабылданды. Оған қоса, республикалық бюджет пен өзге де қаржы көздері арқылы іске асатын жобалар бар. Мақсатымыз – Мемлекет басшысы ұсынған стратегиялық міндеттерді лайықты орындап, халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту,- деген Нұрбол Төлегенұлы әр сала бойынша атқарылған істерге тоқталды.

Қала бюджеті 1,5 есеге ұлғайды Қала бюджеті 1,5 есеге ұлғайды
Жалпы, Кешенді жоспар бойынша 1,9 трлн теңге инвестицияға 102 іс-шара жүзеге асырылмақ. Оның ішінде Семей қаласында 963 миллиард теңгені құрайтын жобалар қолға алынады.
2028 жылға дейін инвестициялық жобалар пулы жасақталып, оған 6,8 мың жұмыс орнын құрумен 870 млрд теңгеге 43 жоба енгізілді. Биыл облыста құны 29,3 млрд теңге болатын 8 жоба іске асырылуда. Бұл жобалар 1034 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Ал Семей қаласында 19,4 млрд теңгеге 4 жоба жүзеге асырылуда.
Шаһардың биылғы жылға арналған бюджетінің көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайды. Тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық саласының шығындары — 38,7 млрд теңге, бұл — қала бюджетінің жалпы көлемінің 40 пайызы, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға 9 млрд теңге қарастырылған.
Қаламыз үшін ең маңызды мәселелердің бірі – жылумен қамту.
— Семей қаласының оң жағалауында 118 Гкал жылу энергиясының тапшылығы бар. Жылу қуатын 40 Гкал-ға ұлғайту мақсатында «Ғаббасов» және «Орталық» қазандықтарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жылу желілерінің тозуы да бұл саладағы басты проблемалардың бірі. Облыстағы жалпы ұзындығы 455,2 шақырым болатын желілердің олардың орташа тозуы – 63,8 пайыз. Желінің шамамен 290 шақырымы қайта жөндеуді қажет етеді. Ал Семей қаласы бойынша жылу желілерінің тозуы – 68 пайыз. Осы проблеманы шешу үшін кешенді жоспарға жылу көздерін қайта жаңартуға 11 жоба, желілерді жаңғыртуға 19 жоба енгізілді. Оларды іске асыруға республикалық бюджеттен 150,4 млрд теңге қажет. Меморандум аясында 23 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, бұл 2,2 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл жобалардың сметалық құны – 105,5 млрд теңге. Қазіргі күні Үкіметпен бірлесіп жоғарыда аталған жобаларды іске асыруға бюджеттен қаражат бөлу мәселесі пысықталып жатыр. Биыл жылыту маусымының дайындығына және жылумен жабдықтауды дамытуға Семей қаласына 7,8 млрд теңге бөлінді, — деді Нұрбол Төлегенұлы.
Маңызды мәселенің бірі – тұрғындарды таза ауыз сумен қамту. Шаһар басшысының айтуынша, халықты таза ауыз сумен қамту мақсатында биыл 54 жобаны іске асыруға 17 млрд теңге бөлінген. Су құбыры желілерінің 66 пайызы тозған. Биыл 19 жобаны жүзеге асыру мақсатында 8 млрд теңге бөлініпті.

Қала бюджеті 1,5 есеге ұлғайды Қала бюджеті 1,5 есеге ұлғайды Қала бюджеті 1,5 есеге ұлғайды Қала бюджеті 1,5 есеге ұлғайды
Халықты тұрғын үймен қамту қашанда өзекті. Облыс бойынша 19 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұрса, Семей қаласында 13 877 адам баспанаға мұқтаж екен. Биыл халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 124 жалға берілетін пәтер сатып алу жоспарлануда. Жалпы ауданы 459 мың шаршы метр болатын 66 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
2023 жылы әлеуметтік осал топтағы 27 отбасыға пәтер кілттері берілді. Шілде айының соңына халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар 45 тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ жыл соңына дейін Ұшақтар шағын ауданы мен Комсомол кентінде салынып жатқан 124 жеке тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға беріледі.
Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында үстіміздегі жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қарағайлы шағын ауданында 1200 орындық мектеп және Водный кентінде 600 орындық мектеп құрылысы басталады. «Самұрық-Қазына»АҚ қоры арқылы қаржыландырылған нысандардың құрылысы 2024 жылы аяқталмақ.
Қала әкімі сонымен қатар білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй — коммуналды шаруашылық және өзге де салаларда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, алдағы жоспарлардан хабардар етті.
Қала әкімінің есебінен кейін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев сөз алды.
Аймақ басшысы атап өткендей, билік халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ниетті. Есепті кезеңде барлық ұйымдастырушылық сәттерді шешуге, тиісті құжаттаманы дайындауды бастауға, қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспарлауды қамтамасыз етуге барынша күш салынды.
Қысқа мерзімде дамудың кешенді жоспары қабылданды. Даму жоспарына объективті себептермен кірмеген жобаларды Премьер-Министр облысқа жұмыс сапары барысында қолдады.
Кездесу барысында жиналғандар өздерін толғандыратын сұрақтарды тікелей облыс әкіміне қоюға мүмкіндік алды. Сұрақтардың дені жолаушылар тасымалы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты болды, яғни жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, таза ауыз сумен қамту, аулаларды абаттандыру, демалыс орындарының жай-күйі сынды мәселелер көтерілді.
Алғашқы сауалды жолдаған Қарағайлы шағын ауданының тұрғыны, көп балалы ана 4 жылдан бері Қарағайлыда мектептің жоқтығы күрделі мәселе болып отырғанын айтып, мектеп құрылысы қашан басталатынын сұрады. Нұрлан Тельманұлы шағын ауданда қыркүйек айында 1200 орындық мектеп құрылысы басталатынын айтты.
Күлпән Ермекбаева есімді әжей Мұрат және Бобровка кенттерінде электр энергиясының қымбатшылығына шағымданды.
— Мен бұл проблемадан хабардармын. Жауапты органдардың өкілдері мен кент белсенділерінің қатысуымен облыс әкімдігі жұмыс тобын құрды. Тексеру жұмыстары 6 шілдеде аяқталады. 10 шілдеге дейін бұл мәселе бойынша шешім шығарылады, — деп жауап берді Нұрлан Ұранхаев.
Кездесуде қоғам белсенділері облыс орталығын абаттандыру мәселесін көтерді. Облыстық Қоғамдық кеңестің салалық комиссиясының басшысы Николай Исаев қаладағы көгалдардың қурап бара жатқанын, арамшөп басып тұрғанын айтып, бұған кім кінәлі екенін сұрады.
— Қазір қалада көп іс атқарылып жатыр, мүсіндік композициялар пайда болды, бірақ мұны қаланың ландшафты аймағы бұзып тұр. Осы жасқа келгенше мұндай жағдайды — көгалдардың қурағанын, субұрқақтардың жұмыс істемей тұрғанын көргенім жоқ. Біз таза ауамен дем алғымыз келеді. Бұған кім кінәлі, кім жауап береді? Болашақта да сұрауы болуы үшін енді абаттандыру жұмыстарына кім жауапты болады? — деді Николай Исаев. — Семей қаласының бюджеті өсуде. Алты ай өтті, біз не істеліп жатқанын, не істелетінін және оны кім істейтінін білгіміз келеді. Біз Орталық саябақтың жөндеу жұмыстары қалай жүргізілгенін жақсы білеміз, — деп қынжылыс білдірді Николай Исаев.
Облыс басшысы қазіргі жағдайға мүлдем риза емес екенін айта келе, қала басшылығына проблеманы шешуді тапсырды.
— Біз бұл туралы бірнеше рет айттық. Орталық саябаққа келетін болсақ, сіз барлық жағдайды білесіз. Қазір суару жүйесін қалпына келтіріп жатырмыз. Әрине, бұл — қаланың жұмысы. Мен де қаланың тозып тұрғанын жақсы білемін, − деді облыс әкімі. — Объективті себептер бар, субъективті себептер бар. Шындығында, ақша жеткілікті, тіпті артығымен жетеді. Бірақ біз бұл ақшаны игере алмаймыз, өйткені бізде мамандар жеткіліксіз. Ақпан айынан бері айтып келемін. Қаланы көгалдандыру керек, ақша жеткілікті бөлінді. Бірақ біз үлгермейміз. Сіздердің шағымдарыңыз орынды. Мен мұның бәрін түзетеміз деп уәде беремін. Қаламызды абаттандырумен айналысатын адамдар мәселелерді шешеді, олардың бәрі қаламыздың тұрғындары, мен бәрін жақсы білемін. Бірақ, «Платон менің досым, бірақ шындық одан қымбатырақ» дегендей, шілденің 10-на дейін бәрін ретке келтірейік, жұмыс істейік. Ақша бар, бәрі бар. Қала бюджетінде 96 миллиард бар. Жыл соңына дейін біз 100 млрд-қа дейін жеткіземіз. Ең бастысы, Семей әдемі қала болуы керек, өйткені бұл — облыс орталығы, − деді Нұрлан Ұранхаев.
Облыс басшысы сондай–ақ көгалдандыру және ағаштарды кесу жұмыстарына қатысты шағымдар көп екенін атап өтіп, егер қазіргі мамандар өз істеріне немқұрайлы қарайтын болса, жұмыс істеуге дайын басқа адамдарды шақыру керек деп қатаң ескертті.
Водный кентінің тұрғыны Гүлнар Малшыбаева соңғы 5 жыл бойы ауыз су мәселесі шешілмей келе жатқанына наразылық білдірді.
Су, жол жөндеу, жарық мәселелерін көтеріп, осы уақыт аралығында талай табалдырықты тоздырғандығын айтқан қоғам белсендісіне облыс әкімі өзі арнайы барып, базыналарын тыңдайтындығын жеткізді.
Сонымен қатар қаланың сыртқы келбетіне алаңдаған тұрғындар еуроконтейнерлер орнатуды күтпей, облыста контейнерлер өндірумен тікелей айналысу қажеттігі туралы ұсыныс жасады.
— Біз бұл туралы машина жасау зауытының өкілдерінен сұрап білеміз, егер олардың мүмкіндігі болса, контейнерлер өндірісіне тапсырыс береміз,- деді Нұрлан Ұранхаев.
Өңір басшысы жолаушыларға арналған өзен көлігін жаңарту туралы сұраққа да жауап берді.
— Біз бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Инвестор бар. Адамдар айналысуға дайын, біз бұл процесте тұрмыз, — деп түйіндеді Нұрлан Ұранхаев.
Үш сағатқа созылған кездесу барысында облыс әкіміне 40-қа жуық сауал қойылды. Кездесудің тікелей эфирі Facebook әле уметтік желісінде өтті, онда пайдаланушылар өздерін толғандыратын сауалдарды қоюға мүмкіндік алды. Әр сұраққа облыс әкімі толықтай жауаптар беріп, уәкілетті органдарға тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуді тапсырды.
Айта кетсек, бұл — Абай облысы әкімінің осымен оныншы кездесуі. Осы уақытқа дейін Нұрлан Ұранхаев 8 ауданда және Курчатов, Семей қаласында халықпен кездесу өткізді.
Кездесуден соң Нұрлан Ұранхаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Облыс басшысының қабылдауына көп балалы, жалғыз басты аналар, зейнеткерлер келді. Жеке әңгімелесу форматында өткен кездесуде облыс әкімі азаматтардың толғандырған мәселелерді тыңдап, оларды қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды. Сондай-ақ қажетті құжаттарды дайындауға көмек көрсетуді Семей қаласының әкіміне тапсырды.
Тұрғындар табиғи апатқа байланысты орман шаруашылығын заманауи техникамен және байланыс құралдарымен жабдықтау мәселесін де көтерді.
Облыс басшысы арнайы комиссия осы проблемалардың бәрін қарастырып, жиналған қаражаттың көп бөлігін дәл осы мақсаттарға жұмсайтынын жетуізді.
Облыс әкімінің қабылдауына 30-дан астам адам келді. Жеке қабылдау шамамен үш сағатқа созылды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысындағы «Шүлбі ГЭС» ЖШС ұжымы Конституциялық өзгерістерді қолдайды

26.02.2026
Абай облысындағы «Шүлбі ГЭС» ЖШС ұжымы Конституциялық өзгерістерді қолдайды

Абай облысындағы «Шүлбі ГЭС» ЖШС ұжымы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын Конституциялық түзетулерді қолдайтынын хабарлады. Кездесу барысында Конституциялық түзетулердің...

Толығырақ...Details

Болашаққа бірге қадам: «Казполиграф» ЖШС ұжымымен референдум тақырыбында ашық диалог

26.02.2026
Болашаққа бірге қадам: «Казполиграф» ЖШС ұжымымен референдум тақырыбында ашық диалог

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалицияның Абай облыстық филиалының мүшелері «Казполиграф» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, жаңартылған Ата...

Толығырақ...Details

Салық төлеушілер берешекті 31 наурызға дейін өтеуге тиіс

26.02.2026
Салық төлеушілер берешекті 31 наурызға дейін өтеуге тиіс

Микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық жүктемесін азайту мақсатында өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару жөніндегі арнайы қолдау шарасы енгізілді. Бұл...

Толығырақ...Details

Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасы аясында Президент тапсырмаларының орындалуы бойынша жиын өткізді

25.02.2026
Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасы аясында Президент тапсырмаларының орындалуы бойынша жиын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент қойған міндеттер шеңберінде жүзеге асырылу барысы қаралған...

Толығырақ...Details

Оқу-ағарту министрлігіне мектептерде смартфондарды пайдалануға толық тыйым салу құзыреті берілмек

25.02.2026
Оқу-ағарту министрлігіне мектептерде смартфондарды пайдалануға толық тыйым салу құзыреті берілмек

Оқу-ағарту министрлігіне мектептерде смартфондарды пайдалануға толық тыйым салу құзыреті берілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты. Оның айтуынша, Bilim,...

Толығырақ...Details

Мұғалімдер оқушының өмірі мен денсаулығына тек оқу процесі кезінде жауапты болмақ

25.02.2026
Мұғалімдер оқушының өмірі мен денсаулығына тек оқу процесі кезінде жауапты болмақ

Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысындағы «Шүлбі ГЭС» ЖШС ұжымы Конституциялық өзгерістерді қолдайды

3 часа бұрын

Болашаққа бірге қадам: «Казполиграф» ЖШС ұжымымен референдум тақырыбында ашық диалог

3 часа бұрын

Салық төлеушілер берешекті 31 наурызға дейін өтеуге тиіс

3 часа бұрын

Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасы аясында Президент тапсырмаларының орындалуы бойынша жиын өткізді

24 часа бұрын

Оқу-ағарту министрлігіне мектептерде смартфондарды пайдалануға толық тыйым салу құзыреті берілмек

24 часа бұрын

Мұғалімдер оқушының өмірі мен денсаулығына тек оқу процесі кезінде жауапты болмақ

24 часа бұрын

Ғалымдарға еліміздегі кез келген зертхана қолжетімді болады

24 часа бұрын

Респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды

24 часа бұрын

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады

24 часа бұрын

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады

24 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС