Абай облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС басқарма төрағасы Кенбейіл Исаев әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды.
⠀
Меморандум аясында көшелерді абаттандыруға (көгалдандыру, электр жарықтандыру желілері және т. б.) 2 100 000 000 теңге бөлу жоспарлануда:
1 квартал (Уәлиханов көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін);
4 квартал (Дулатов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін);
5 квартал (Қабанбай көшесінен бастап батыр Жамақаев көшесіне дейін).
⠀
Бұл меморандум өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы шеңберінде іске асырылатын болады.
⠀
Аумақты абаттандыру қаланың инфрақұрылымдық дамуы тұрғысынан маңызды және өзекті мәселесі.
Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...
Толығырақ...Details






