"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ҒИМАРАТТЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

12.07.2023
ЖАҢА ҒИМАРАТТЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл Қазақстандағы тұңғыш педагогикалық оқу орны – М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің құрылғанына 120 жыл. Мерейтой қарсаңында облыс әкімінің қолдауымен оқу орнының жанынан жаңа ғимараттың құрылысы басталды.

Ғимараттың іргетасын құю рәсіміне Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, ардагер ұстаз, оқу орнының түлегі, еңбек ардагері Р.Каштеков қатысты. Колледж директоры Шағангүл Жанаева құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкіміне алғыс білдірді.
— Облыс әкімі Нұрлан Телманұлының бастамасымен қасиетті оқу орнымыздың алаңында жаңа ғимарат бой көтермекші. Бұл жаңа ғимарат колледжімізде даярланып жатқан болашақ мамандардың кәсіби шыңдалуына, жан-жақты дамуына ықпал ететін мәдени орталық болады деп есептеймін. Өзіміздегі 100 орындық мәжіліс залы әр түрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізуге тарлық ететін. Ұстаз білімді, жан-жақты дамыған, ата-аналармен жұмыс істей алатын, қоғамды ілгері бастап жүретін белсенді тұлға болуы керек,- деді колледж директоры.
Жобада колледждің оқу корпусы мен жатақханасына жалғасатын концерт залын салу қарастырылған. 2 қабатты етіп жобаланған акт залында ішінара жертөлесі мен ғимарат шатырында салқын кеңістік болады. Бірінші қабатта жуынатын бөлмелер, киім ауыстыратын бөлмелер, музыкалық аспаптар мен реквизиттер қоймалары орналасады.
Екінші қабатта хореография және вокал залдары, оқу кабинеттері және басқа да кабинеттерді орналастыру жоспарлануда.
Жертөледе кір жуатын бөлме, техникалық және желілерді басқару блоктары болады.
Ғимараттың іргетасын құю рәсімі Абай облысының әкімі Нұрлан Тельманұлына және ардагер ұстаз Райхан Райысұлына ұсынылды.
Құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталады деп болжануда.
Колледж оқытушылары мен студенттері жаңа концерт залының іргетасының қалану сәтіне куә болғандарын қуанышпен жеткізді.
— Білім ордасында ерекше дизайндағы ғимараттың іргетасы қалануда. Бұл тарихи сәтке куә болғанымызға қуаныштымыз. Концерт залының салынуы Қазақстандағы тұңғыш педагогикалық оқу орны – Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы педагогикалық колледждің 120 жылдық мерейтойына ерекше тарту болды. Облыс әкімінің бұл тартуы біз үшін өте маңызды. Келер жылы жаңа концерт залының ғимаратында игі іс-шаралардың, түрлі байқаулардың жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз,- дейді колледж студенттері.
Айта кетейік, нысан құрылысының демеушісі — Абай облысының әкімдігі мен «Қаражыра» акционерлік қоғамы.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС