"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САЛАДАҒЫ ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

20.07.2023
САЛАДАҒЫ ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Сәбит Ахметов Абай облысына жұмыс сапарымен келді.

Сәбит Ахметов облысымызда іссапармен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновпен және Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаевпен бірге бірқатар медициналық ұйымдарды аралады. ӘМС қорының басқарма басшысы Семей қаласындағы №7 емханада, Жедел медициналық жәрдем ауруханасында, жедел жәрдем станциясында, Облыстық перинаталдық орталықта және Бородулиха аудандық ауруханасында болды. Сонымен қатар облыстың медицина қауымдастығымен кездесіп, түйткілді мәселелерді талқылады.
Бұл — Медициналық сақтандыру қоры басшысының өңірлерге жасаған алтыншы жұмыс сапары. Сапардың басты мақсаты — жергілікті жерлердегі нақты жағдайды көзбен көру және медициналық ұйымдар тәжірибесінде кездесетін барлық мәселелерді барынша ескеру. Биылғы жылдың 3-ші тоқсанының соңына дейін барлық өңірлермен танысу жоспарлануда.
— Менің ойымша, мұндай сапарлар мен кездесулер өте маңызды. Абай облысында жақсы техникалық жарақтандыру, кадрлармен қамтамасыз етудің айтарлықтай жоғары пайызы, мықты мамандар базасы, мамандандырылған медициналық көмектің жоғары деңгейі байқалады. Иә, медицина қызметкерлерінің тәжірибесінде кездесетін проблемалық мәселелер де жоқ емес, біз оларды өзімізге жазып алдық және оларды шешу жолында жұмыс істейтін боламыз, – деп атап өтті Сәбит Ахметов медицина қауымдастығымен кездесуде.
Кездесу барысында қаржыландыру, тарифтерді көтеру, клиникалық-шығынды топтар бойынша қаржыландыру әдісін қайта қарау, жарақтандыру, клиникалық хаттамаларды қайта қарау, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің жалақысының өсуіне орай еңбекақы төлеу қорына жүктеменің артуына байланысты туындайтын мәселелер жайында айтылды.
— Қаржыландыру және тарифтерді көтеру мәселелері егжей-тегжейлі пысықтауды, оның ішінде уәкілетті органмен талқылауды және заңнамалық деңгейдегі өзгерістерді талап етеді. Біз МӘМС бойынша тарифтерді алып, бірден көтере алмаймыз, өйткені ол кезде ТМККК бойынша тарифтерді де көтеруіміз керек болады. Ал бұл — республикалық бюджет. Қазір біздің басты міндетіміз — ТМККК және МӘМС пакеттерін нақты бөлу. Біз бұл мәселені шешкен кезде қаржыландыру бөлігіндегі мәселелер де шешіледі деп ойлаймын. Дегенмен біз өз тарапымыздан барлық сұрақтарды жинадық, міндетті түрде ұсыныстарды тұжырымдап, әрі қарай жұмыс істеу үшін денсаулық сақтау министрлігіне тапсырамыз, — деді қор басшысы.
2023 жылы облыстың медициналық ұйымын қаржыландыру шамамен 10 млрд теңгеге өсті: өткен жылы – 70,1 млрд теңге, биыл — 80,2 млрд теңге.
Нұртай Сабильянов өз кезегінде Сәбит Ахметовке аймаққа келгені үшін алғысын білдіріп, өз тарапынан айтылған мәселелерді шешуде бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.
— Осы күндері біз Семей қаласының 4 медициналық ұйымына барып, олардың жетістіктері мен проблемаларымен жеке таныстық. Енді біз әрбір мәселені өз құзыретіміз шеңберінде шешуіміз керек, атап айтқанда Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне, бұйрықтары мен ережелеріне өзгерістер енгізу қажет. Сондай-ақ «МӘМС туралы» Заңға және Халық денсаулығы туралы кодекске өзгерістер енгізуді әзірлеу қажет деп ойлаймын. Біз қазір барлық проблеманы бірден шешеміз деп айта алмаймыз. Бірақ Денсаулық сақтау басқармасымен және Медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп жұмыс істесек, бұл мүмкін деп ойлаймын. Проблемаларды шешу үшін біз бірігуіміз керек, — деп атап өтті Н.Сабильянов.
Депутат сонымен қатар МӘМС жүйесінде мәртебесінің болмауына байланысты шалғай аудандардың тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімсіздігі туралы проблеманы көтерді.

Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорының баспасөз
қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

11 часов бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

11 часов бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

11 часов бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

11 часов бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

1 день бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС