"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАБАЙЫ САУДАҒА ЖОЛ ЖОҚ

20.07.2023
ЖАБАЙЫ САУДАҒА ЖОЛ ЖОҚ
88
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

18 шілде күні Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі, полиция басқармасы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастырумен Чехов көшесі бойындағы жабайы сауда орындарына рейд жүргізілді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Рейдке шыққан топ Чехов көшесінің екі жағымен де жүріп өтіп, сатушылармен жеке-жеке тілдесіп, жаяу жүргіншілер жолына тауар қоюға тыйым салынғанын және тауарлар дүңгіршектің ішінде ғана сатылуы тиіс екенін еске салды. Сатушылардың кейбірі құқық қорғау органдары өкілдерінің ескертуіне бірден құлақ асса, кейбірі «өзгелер кірсе, мен де кіремін» деген жауаптар қайтарды. Олар әкімдік 1 тамызға дейін сауданы жалғастыруға рұқсат бергенін айтады.
— Біз заңнама аясында профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт болған жағдайда ғана тексерулер жүргізе аламыз. Яғни актісіз ешкімді тікелей тексере алмаймыз. Дегенмен жабайы сауданың халық денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін түсіну керек. Өйткені далада сатылатын ет, балық, сүт өнімдерінің сақталу шарттары санитарлық ережеге мүлде сай емес,- деді Семей қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Айдар Әлменов.
Рейдке шыққан топ көшеде сауда жасап отырғандарды «Ақшың», «Мереке», «Арғымақ» сынды жабық сауда орындарын жалдауға шақырды. Өз кезегінде, сатушылар оларда жалдау бағасының екі есе қымбат екенін алға тартты. Қалай болғанда да, 1 тамыздан бастап бейберекет саудаға рұқсат берілмейтінін барлығы біледі екен.
— Менің бұл орынды жалға алып отырғаныма 23 жыл болды. Нәпақамды тауып жүрмін. Енді қайда барамыз? Зейнет жасына әлі ерте. Зауыт-фабрикалар істеп тұрған жоқ. Бұйырғанын көреміз енді,- дейді сатушылардың бірі — Нұргүл Кәкішева есімді қала тұрғыны.
Заңға бағынбаған сатушыларға, ҚР ӘҚБтК-нің «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» туралы 204-бабының 1-бөлігі бойынша, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы тиіс. Бірақ бұл жолы да жергілікті полиция ескертумен шектелді.
— Біз бүгін сонымен қатар коммуналдық қалдықтардың шығарылмағанына да куә болып отырмыз. ҚР ӘҚБтК-нің «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу» туралы 505-бабы бойынша, қазір полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жалпы, жыл басынан бері аталған заң ясында 500-600 хаттама толтырылып, тиісті айыппұлдар салынды. Бүгінгі рейдтің қорытындысы туралы алда хабарлайтын боламыз,- дейді Семей қаласы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полковник Виталий Таиров.

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

10 часов бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

10 часов бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

11 часов бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

11 часов бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

1 день бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС