Жалпы, қалада 8 жер асты өткелі бар, биыл 4 өткелге ағымдағы жөндеу, 4 өткелге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткелдер «ARLAN TRANS-LOGISTICS» ЖШС мердігерлік ұйымының күшімен қалыпқа келтірілуде.
“Қаланың барлық жерасты өткелдеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңартылуда. Аталған жер асты өткелдерінде ішкі және сыртқы әрлеу, сырлау, әктеу, жарықтандыруды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бейнебақылау камералары орнатылады.Сондай-ақ жер асты өткелдерінің қабырғалары ұлттық нақыштағы муралдармен безендіріліп жатыр”,- деп атап өтті мердігер мекеменің өкілі Темірлан Жаманқұлов.
Өз тілшіміз