"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕГІНДІ УАҚЫТЫНДА ЖИНАП АЛУ – БАСЫМ МІНДЕТТЕРДІҢ БІРІ

24.08.2023
ЕГІНДІ УАҚЫТЫНДА ЖИНАП АЛУ – БАСЫМ МІНДЕТТЕРДІҢ БІРІ
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқанына дайындық және жемшөппен қамтамасыз ету, сондай-ақ алдағы жылу беру маусымына дайындық бойынша өзекті мәселелер қаралды.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биылғы қолайлы жағдай егін орағын уақтылы бастауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Бүгінгі күні республика бойынша барлығы 2,4 млн гектар немесе 14,1 пайыз дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Орташа түсім гектарына 11,5 центнер болып, 2,8 млн тонна астық бастырылды.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жиналатын алқабы 24 млн гектарды құрайды.
Егіс науқаны сапалы тұқымдарды пайдалану арқылы оңтайлы мерзімде жүргізілді. Диқандар тыңайтқыштарды дер кезінде беріп, егінді арамшөптер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын уақтылы жүргізді.
Сонымен қатар вегетациялық кезеңде диқандар құрғақшылық пен егістік суының жетіспеушілігіне байланысты бірқатар қиындықтарға тап болды, бұл егістіктің жағдайына әсер етті. Осы ретте өңірлік ауқымды төтенше жағдай жариялау және шаруалардың шығындарын жабу, субсидияларды жеделдетіп төлеу және несие мерзімін ұзарту жұмыстары жүргізіліп келеді.
Премьер-Министр егінді уақытында және сапалы жинап алу – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.
«Бірқатар өңірлерде егін орағы басталып кетті. Үкімет тарапынан қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды», — деді Әлихан Смайылов.
Мәселен, нарықтық бағадан 15 пайызға төмен бағамен (250 теңге/литр) 426 мың тонна дизель отыны бөлінді. 140 млрд теңге бюджеттік несие беру көзделген. Сондай-ақ жаңа астықты форвардтық сатып алуға 81 млрд теңге бөлінді. Биыл мал азығын дайындауға арналған техника мен суару жүйелерін сатып алу үшін «ҚазАгроҚаржы» компаниясының жарғылық капиталын ұлғайтуға 20 млрд теңге бөлінді.
«Өздеріңіз білетіндей, жаз айлары жылдағыдан ыстық болды. Құрғақшылықтан бірқатар өңірлер зардап шекті. Оларда жиналатын өнім көлемі азайып қалайын деп тұр. Құрғақшылықтың салдарын жою мақсатында шұғыл шаралар қабылданды. Оның ішінде Үкімет резервінен қаражат бөлінетін болады», — деп атап өтті Премьер-Министр.
Бұл ретте «Бәйтерек» холдингіне құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың несиелері бойынша борыштарды төлеу мерзімін ұзарту және оны қайта құрылымдау мәселесін пысықтау тапсырылды.
«Жеткілікті көлемде өнім жиналады. Қазақстандықтар нансыз қалмайды», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар ол климаттың өзгеруі мен су тапшылығы ауыл шаруашылығы үшін үлкен қауіп-қатерге айналып отырғанын айтты. Сондықтан Су ресурстарын тиімді пайдалануды күшейту бойынша жол картасын әзірлеу, ал өңірлерге белсенді түрде су үнемдеу технологияларын енгізу талап етіледі. Премьер-Министр жемшөп дайындауға ерекше назар аударуды тапсырды.
Қорытындылай келе, Үкімет басшысы астықты дер кезінде тасымалдап, сақтау орындарын дайындау бойынша жұмысты уақтылы жүргізу, сондай-ақ тұрақты бағаны сақтай отырып, жемшөп қорын сапалы дайындау бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Үкімет отырысында алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселесі де талқыланды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңірлік коммуналдық қызметтер мен жылу орталықтарының іс-қимылының әр қадамы жазылған алгоритм бекітілуі тиіс екенін айтты.
«Жалпы, жылыту маусымына дайындық және оны өткізу барысы – күнделікті маңызды мәселе. Сондықтан әрбір өңірде жол картасын әзірлеп, бекіту қажет. Онда жылу желілерін дамытуды, жаңа жылу орталықтарын салу мен қолданыстағы орталықтарды күрделі жөндеу жұмыстарын нақты айқындау керек. Сондай-ақ авариялар болған жағдайда өңірлік коммуналдық қызметтер мен жылу орталықтарының іс-қимылының әр қадамы жазылған алгоритм бекітілуі тиіс», — деді Ә. Смайылов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, осы сектордағы цифрландыру мен автоматтандыру деңгейін арттыру маңызды.
«Жылу желісі инфрақұрылымының жай-күйі, шығын деңгейі, тұтынатын жылу энергиясының қуаты мен сапасы туралы объективті деректер қажет. Бұл жылу жүйесін басқаруға және жылу беретін объектілердегі авариялар санын азайтуға мүмкіндік береді», — деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысы өңір әкімдіктері белгіленген мерзімде барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарының аяқталуын және қажет көлемде отынның алдын ала жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Ішкі көмір нарығында дүрбелеңге жол бермеу үшін өңір әкімдіктері тиісті тәртіппен 2 апта мерзімде көмірді дайындау және өткізу пункттерінің жағдайына, оның сапасына, жеткізу кестелеріне, баға деңгейіне тексеру жүргізуі қажет. Индустрия министрлігі «Қазақстан Темір Жолымен» бірлесіп, көмір жеткізу үшін вагондардың қажетті санын қамтамасыз етуі тиіс. Өңірлерде жеткізілген отын үшін кәсіпорындардың, сондай-ақ коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың дебиторлық берешегін өтеу жұмыстарын күшейту керек», — деді Премьер-Министр.

primeminister.kz сайты ақпараты бойынша әзірленді

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 день бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

3 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

5 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

5 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС