"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Қант бағасы 1000-1500 теңгеге баруы мүмкін»

Жамбылда 10 мың гектарлық қызылша алқабының жартысы қурап қалды

24.08.2023
«Қант бағасы 1000-1500 теңгеге баруы мүмкін»
462
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жамбылда ағын судың аздығынан 10 мың гектарға егілген қызылша алқабының жартысы қурап қалды. Құрғақшылық салдарынан қызылша өсірушілер шығынға батып жатыр. Облыс бойынша 300 мың тонна өнім алу жоспары екі есеге азайған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгіннің өзінде түрлі дақыл еккен 350 қожалықтың зардап шеккені анықталды. Ал тіршілік нәрінен тарыққан Байзақ ауданының шаруалары келесі жылы қызылша екпейміз дейді. Базарбай каналының бойындағы 60-тан астам шаруа қазір сусыз отыр. Ағын су алдағы аптада берілмесе, мың гектарға жуық қызылшаның қурап қалу қауіпі бар.

«Негізі осы қызылша жарты келі болу керек еді. Қазір көріп отырғандарыңыздай 100-150 г болмайды. Кішкентай. Бұл су ішпеген сайын жұмсақ болады. Қанттың құнарлығы болмайды. Ертең қант зауыты «мұндай шикізат қажет емес, қант шықпаса, не пайда?» деп айтады маған. Келесі жылы су болмаса, суға кепілдік болмаса, мүлде екпеуіміз де мүмкін», — дейді диқан Демірбек Зууфов.

Аймақта 6-шы тамыздан бастап көршіден келетін су толық тоқтады. Дегенмен суға жауаптылар каналдардағы қалдық сулар қызылшаға жетеді деп сендіреді. Ал тәтті түбір өндірушілер қауымдастығы «өнімнің аздығы қант бағасына әсер етпейді» деп отыр. Өйткені Меркі қант зауытының қорында 7 жарым мың тоннаға жуық шекер бар. Биыл мемлекеттен қызылшаның бір келісіне 25 теңге субсидия төленеді. Бұдан бөлек Меркі қант зауыты 15 теңге, тасымалы үшін тағы 4 теңге қаржы бермек.

«Өзіміздің отандық өнімді үкімет қолдамаса, 3-4 жылдан кейін қанттың бағасы 1000-1500 теңгеге баруы мүмкін. Су ұңғымасы мен су үнемдеу технологияларына ақша бөліп, бұны жандандырумыз керек. Сонда ғана біздің отандық өніміміз жоғары деңгейде болады. Сонда ғана өз елімізді 70-80 пайызға қамтамасыз етуге мүмкіндік болады», — деді облыстық қызылша өндірушілер қауымдастығының төрағасы Саха Манатов.

Мақалада: "Қант бағасы 1000-1500 теңгеге баруы мүмкін": Жамбылда 10 мың гектарлық қызылша алқабының жартысы қурап қалды

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

27.04.2026
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды. Бұдан кейін Президентке жауапты мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Семейде санитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 41 өтініш түсті

27.04.2026
Семейде санитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 41 өтініш түсті

Тағамнан улану – микробты немесе микробсыз табиғаттағы, ауру тудыратын микроорганизмдермен не олардың токсиндерімен ластанған тағамдарды тұтыну нәтижесінде туындайтын жедел инфекциялық...

Толығырақ...Details

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді, онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде экономиканы қолдау және ірі инфрақұрылымдық...

Толығырақ...Details

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

27.04.2026
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Бүгін Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі республикалық штабтың...

Толығырақ...Details

Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026
Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының машина жасауды дамыту және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмалары аясында Еуропа, Канада және АҚШ-тың ауылшаруашылық техникаларын...

Толығырақ...Details

Алакөлде қауіпсіздік күшейді: жаңа құтқару бөлімшесі іске қосылды

27.04.2026
Алакөлде қауіпсіздік күшейді: жаңа құтқару бөлімшесі іске қосылды

Semeytany.kz – Абай облысындағы Алакөл жағалауында туристердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

3 минуты бұрын

Семейде санитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 41 өтініш түсті

11 минут бұрын

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

3 часа бұрын

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

3 часа бұрын

Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

3 часа бұрын

Алакөлде қауіпсіздік күшейді: жаңа құтқару бөлімшесі іске қосылды

8 часов бұрын

Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

8 часов бұрын

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

8 часов бұрын

Жарма ауданындағы киелі бұлақ маңы тазартылып, көшет отырғызылды

1 день бұрын

Семейде 200-ден астам ағаш отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары басталды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС