"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛАДА ЖҰМЫС ҚАРҚЫНДЫ

27.08.2023
ҚАЛАДА ЖҰМЫС ҚАРҚЫНДЫ
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде Чехов, Найманбаев, Аймауытов және Уәлиханов көшелерінің жолдарын орташа жөндеу жұмыстары басталды. Ал Қарағайлы ықшам ауданында нефрология орталығы мен мектеп құрылысы жүргізілуде. Шығыс кентінде де осындай жұмыстар қолға алынды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»
Биыл облыс орталығында жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 30 көшеге асфальт төселді. Жуырда Чехов, Найманбаев, Аймауытов және Уәлиханов көшелерінде, Орталық базар ауданында жол және тротуарларды ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.
Бұдан бұрын қалалық әкімдік мамандары мен жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері Чехов, Аймауытов көшелеріндегі саудагерлерге жолды босату қажет екенін айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын. Бейсенбі күні қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов базар көшелерін аралап, мердігер ұйым басшысына бірқатар тапсырмалар берді.
— Қаншама жылдан бері саудагерлер белгіленбеген орындарда сауда жасап, базар көшелеріндегі тротуарларды жауып тастады. Бұның салдарынан жаяу жүргіншілерге ыңғайсыздық туып, кептелістер орын алды. Заң бәріне ортақ. Саудагерлерге саудамен айналысуға арнайы орындар беріледі. Биыл жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Қала халқы осыны түсініп, қолдау көрсетулері керек,- деді Нұрбол Нұрсағатов.
Айта кетейік, қалалық әкімдік осы көшеге жақын маңдағы “СМОКК”, “Мереке”, “Нұр”, “Жансая”, “Северный”, “База-R” базарларынан саудагерлерге арнайы орындар берді. Сондай-ақ қала әкімі базар көшелеріне жол белгілерін орнатып, сызықтарын сызуды тапсырды.
— Ағымдағы жылдың басынан бері учаскелік полиция инспекторлары ҚР Әқбтк 204- бабымен қоғамдық орында сауда жасауға қатысты заңсыз сауданың 395 фактісін тоқтатты. Осы баптың санкциясы ескерту жасауға және
5 АЕК көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады, — деді жергілікті полиция бөлімінің бастығы Елдос Оразалин
Нұрбол Нұрсағатов сонымен қатар Қарағайлы ықшам ауданына да барды. Онда салынып жатқан нефрология орталығы мен мектептің құрылыс жұмыстарымен танысып, абаттандыру бағытындағы жұмыстардың барысын да тексерді.
Еске сала кетсек, қаланың бас жоспарына сәйкес, оң жағалауда Қарағайлы шағын ауданының егжей-тегжейлі жобалау жоспары әзірленген. Қазіргі таңда шағын ауданда нефрологиялық орталық пен емхана салу мақсатында ауданы 0,4906 гектар жер телімі бөлініп, құрылыс жүргізуге дайындық басталды. Сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында бұл ауданда 1200 оқушыға арналған мектеп салу жоспарланған болатын, қазір іргетасы қаланып жатыр.
— Қарағайлы ықшам ауданының даму қарқыны өте жоғары. Соңғы жылдары мұнда қоныстанушылардың да саны артты. Мектеп құрылысы келесі жылы жаз маусымында толық аяқталып, қыркүйек айында аудан оқушылары осы мектепке баруы керек. Жұмысты жылдам әрі сапалы аяқтаңыздар. Жер астындағы желілердің сапалы жүргізулеріне көңіл бөліңіздер,- деді Нұрбол Нұрсағатов
Айта кетерлігі, Семей қаласы бойынша үй кезегіне 13 000-нан астам қала тұрғыны тіркелген. Осыған орай, Қарағайлы ықшам ауданында 26 көп қабатты бюджеттік тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан 15 көп қабатты тұрғын үйдің (487 пәтер) құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Шығыс кентінде де ауқымды жобаларды жүзеге асыру көзделген. Атап айтқанда А.Көшкінбаева көшесіне асфальт төселіп, жиек тастары ауыстырылуда. Усть-Каменогорская көшесінен ИТ колледжіне дейінгі жолды орташа жөндеу аяқталды. Сонымен қатар кенттегі мектепке апаратын бірнеше көше жарықтандырылып, қосымша қоқыс контейнерлері орнатылатын болады. Ал Декоративная көшесінде аумағы үлкен қоғамдық кеңістіктің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде.
Қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов кент белсенділерімен кездесу өткізіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Жиынға барлық мекеме, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Халық алдында есеп берген Нұрбол Төлегенұлы қала тұрғындарын алаңдататын ең өзекті мәселелерге де тоқталды. Ал тұрғындар ТКШ жұмысына, қоғамдық көлікке қатысты шағымдарын айтып, әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Қала басшысы көтерілген мәселелердің барлығы да өзекті екенін атап өтіп, бәрі де ретімен жүзеге асатынын, айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша хаттама түзілгенін айтты. Атқарылған жұмыстар әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.
Биыл Семей қаласының әкімдігі шеткері аудандарды дамытудың іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Қазіргі таңда шеткері кенттерде 9 қоғамдық кеңістіктің құрылысы жүріп жатыр.
— Қыс маусымында іс-шаралар жоспарын әзірлеп, тұрғындармен келіскен едік. Енді соған сәйкес жұмыс жүргізудеміз,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

8 часов бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

8 часов бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

8 часов бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

8 часов бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

8 часов бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

8 часов бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

8 часов бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

8 часов бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

8 часов бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

8 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС