"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қаржылық бұзушылықтардың алдын алу – облыс экономикасының дамуының кепілі

05.09.2023
Қаржылық бұзушылықтардың алдын алу – облыс экономикасының дамуының кепілі
52
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым – ойлап қой,

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Абай Құнанбайұлы

 Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №887 Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік — аумақтық бөлінісі жүргізіліп, Абай облысы құрылды.

Осынау тарихи маңызы мол оқиға жаңа облыс жұмысына қажетті облыстық деңгейдегі бірқатар мемлекеттік ұйымдарды құруды талап етті.

Бұл ретте, «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 961 Жарлығының негізінде Абай облысы әкімдігінің 2022 жылдың 3 тамызындағы қаулысымен «Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі құрылып, 5-ші қыркүйекте әділет органдарында тиісті тіркелуден өткеннен кейін өз жұмысын бастап кетті.

Тексеру комиссиясының миссиясы, яғни мақсаты Абай облысының аумағында қаржы тәртібін нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру.

Тексеру комиссия жергілікті бюджетінің атқарылуына сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Мұндай мемлекеттік органның бастапқы пайда болу тарихы 2011 жылғы 2 мамырдағы «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығынан басталды.

Бұл күнге дейін тексеру комиссиялары мәслихаттардың құрамында болып қызмет атқарған. Бұл ретте тексеру комиссиясы сыртқы бақылауды жүзеге асыру кезінде өз өкілеттіктерінде шектеліп, сыртқы қаржылық бақылаудың толыққанды органдары емес. Сонымен бірге, Бюджет кодексіне сәйкес тексеру комиссиялары мемлекеттік органдар болуы тиіс. Тексеру комиссиясының басшысы тек депутаттар арасынан сайланды. Мүдделер қақтығысы сөзсіз туындады: тексеру комиссиясының төрағасы мәслихат депутаты ретінде жергілікті бюджетті қалыптастыруға және бекітуге қатысты және сонымен бірге бақылау органының басшысы ретінде оның орындалуы туралы қорытынды дайындады. Мәслихаттардың тексеру комиссиялары қызметкерлерінің аздығы жергілікті бюджеттің басым бөлігін бақылаумен қамтуға мүмкіндік бермеді.

Айтылып кеткен 2011 жылғы Президент Жарлығының негізінде құрылған тексеру комиссиялары өңірлік деңгейдегі тәуелсіз сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау институты бола отырып, қаржылық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, тиімділікке бақылау жүргізу, жергілікті бюджеттердің атқарылуын бағалау, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету бағыттарында бақылауды жүзеге асыру арқылы өз қызметтерін бастады.

Бір жыл бұрын, яғни 2022 жылғы 5 қыркүйекте қызметін бастаған Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы қалыптасу кезеңінде бірқатар ұйымдастырушылық – әкімшілік күрделі мәселелерге тап болған жайы бар. Оның ішінде қызметтік ғимарат мәселесі, материалдық-техникалық жабдықтау және ең өзектісі – кадрлық мәселе.

Тексеру комиссиясы кадрлық құрамының басты ерекшелігі болып, оның мемлекеттік аудиторларының болуы, яғни заңнама талабына сәйкес мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын қызметкердің мемлекеттік аудитор сертификаты болуы шарт. Сондықтан да, жаңадан құрылған Абай облысында сертификаты бар аудитор мамандар жоқтың қасы. Сол себепті басқа, жақын орналасқан облыстардан аудиторларды тарту — бірден бір басты мәселе. Ондай білікті аудиторларды облысымызға тарту мәселесі тұрғын үймен қамтамасыз ету, басқа да материалды тұрғыда көмек көрсету сияқты сұрақтарды тудыратыны сөзсіз.

Мемлекеттік орган құрылғаннан бастап бірнеше рет жарияланған конкурстар қорытындысы бойынша бүгінгі күні Тексеру комиссиясының толыққанды қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кадрлық құрам 74 пайызға жасақталды.

Жалпы, тексеру комиссиясы жоғары білікті кадрлар құрамын қалыптастыру, аудиторлық және талдамалық қызметті дамыту, сондай-ақ кадрлардың кәсіби деңгейін үздіксіз арттыру жолымен мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға арналған жұмыс бағытын алды.

Кадр тапшылығына қарамастан, бүгінгі күні, ағымдағы жылға жоспарланған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген аудиторлық іс-шаралардың 80 пайызы жүргізілген. Бұл көрсеткішке Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлерінің біліктілігі, кәсіпқойлығы және еңбекқорлығы арқасында қол жеткізілді. Олардың арасында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында көп жыл қызмет еткен Асыл Аманғалиұлы Өміртаев, Гүлжан Сапарбекқызы Саденова, Маржан Акебайқызы Нұрғожина, Зауреш Құсайынқызы Хасенова секілді білікті қызметкерлер бар. Олар, Абай өңіріндегі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау институтын дамытуға үлесін қосып қана қоймай, мемлекеттік органның жас мамандарына тәлімгерлік етіп, тәжірибелерімен бөлісуде.

Абай облысы бөлінгеннен кейін өңірімізді жандандырып дамытуға бағытталған үлкен міндет пен жауапкершілік артылды. Бұл бағытта қызмет етіп келе жатқан 1000-ға жуық мемлекеттік мекемелер, онымен қатар квазимемлекеттік мекемелер мен бюджеттен қаражат алатын кәсіпорындар бар. Демек, бүгінгі күні тексеру комиссиясының алдында осы 1000-ға жуық ұйымдарда рет-ретімен аудит жүргізу мәселесі тұр.  Бұл тұрғыда 2-3 жылда бір тексерумен  қамтып, кемшіліктердің алдын алу үшін уақыт та, мамандар да жеткіліксіз. Сондықтан біз, тексеру жұмыстарын күшейтілген режимде атқаруды жоспарлап отырмыз.

Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің толыққанды мемлекеттік орган ретінде қалыптасқанына тексеру комиссия төрағасының жанында Консультативтік кеңесінің құрылғаны, мемлекеттік мекемеде тұрақты түрде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер этикасын ұстануға бағытталған бірқатар шаралар зор әсерін тигізуде.

Тексеру комиссиясының жыл басынан бері атқарған жұмысына көз жүгіртсек,  өңірдегі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты және экономикалық тұрақтылықты қалыптастыру және қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізілгені байқалады.

Тексеру комиссиясы осы кезеңде өз қызметінде барлығы 12 аудиторлық іс-шараның сегізін жүргізіп, қорытындылады. Аталған сегіз іс-шара аясында жалпы сомасы 29 млрд теңгеден астам 65 аудит нсыаны қамтылды. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 16 млрд теңгеден асады. Олардың арасында жиі кездесетін бұзушылықтар — бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізбеу, бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз жоспарлау, бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдалану және өзге де рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

Жалпы, тексеру комиссиясы өз қызметін 2016 жылдың 15 қарашасындағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңы негізінде атқарады. Бұл Заңға сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жоғары органы болып Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы (ЖАП) белгіленген. ЖАП тексеру комиссиялар жұмысын үйлестіріп, әдіснамалық көмек көрсетеді.

2023 жылғы 23-24 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының ұйымдастыруымен Азия жоғары аудит органдары ұйымының экологиялық аудит жөніндегі жұмыс тобының (АЗОСАИ ЭАЖТ) 9-шы отырысы өтті.

Іс-шараға 16 шет елдің (Вьетнам, Индонезия, Үндістан, Иордания, Қытай, Кувейт, Малайзия, Марокко, Непал, Пәкістан, Филиппин, Ресей Федерациясы, Тайланд, Түркия, Финляндия, Өзбекстан Республикасы) жоғары аудит органдарының (ЖАО) өкілдері – АЗОСАИ ЭАЖТ мүшелері, БҰҰДБ, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің, Астана қаласы әкімдігінің және ҚР тексеру комиссияларының өкілдері қатысты.

Семинар барысында Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы атынан Абай өңірінің экологиялық ахуалы, оның ішінде Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдары және де жақында орын алған жойқын өрттің қоршаған ортаға әкелген залалы сияқты сұрақтар бойынша баяндамалар жасалды.

Көптеген елдерде экологиялық аудит белсенді жүргізілуде. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау саласындағы аудит 2015 жылдан бастап Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) мандатына енгізілген. Қазіргі уақытта ЖАП экологиялық аудит әдіснамасын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруда. Алдағы уақытта Қазақстанның әрбір өңірінде тексеру комиссияларымен экологиялық аудит жүргізу басты мақсаттардың бірі болатыны сөзсіз.

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы ретінде Тексеру комиссиясының алдында Абай облысының аумағында бюджет қаражатын тиімді басқаруды қалыптастырудың және қаржылық, атқарушылық тәртіпті күшейтудің нақты бағыттарын айқындау бойынша түйінді міндеттер тұр.

Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы құрылғанына аз ғана уақыт өтсе де, қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін қалыптастыру мен пайдаланудың ашықтығын, тиімділігін қамтамасыз етуде одан әрі күш салу қажеттігін терең түсіне отырып, болашақта атқарылар жұмыстарды сеніммен жоспарлауда.

Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының құрылғанына 1 жыл толуына орай барлық әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Баршаларыңа бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке тілейміз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай!

Нариман Таушов, Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 часа бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 часа бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

5 часов бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

5 часов бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

1 день бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС