"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙ — ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАСЫ

19.10.2023
СЕМЕЙ — ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАСЫ
48
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл Семей тарихының қарашаңырағы — облыстық тарихи — өлкетану музейіне 140 жыл толып отыр. Осыған орай Alikhan Bokeikhan университетінің бас ғимаратында «Семей-Ертіс өңірінің археологиялық мұрасы, этнографиясы және музей ісі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық отырысы өтті.

Абай облысы әкімдігінің музейлерге қойып отырған талабы — өлкенің тарихи-мәдени мұраларын сақтау, зерттеу, жинақтау, рухани құндылықтарын насихаттау. Қазыналы қарт Семейдің тарихы терең әрі бай екені мәлім, бірақ, сол тарихымыз заман үрдісіне сай жүйеленбей келеді. Осы тақырыпта музейдің мерейлі датасына арналған конференция жаңадан құрылған Абай облысының тарихи хронологиясын тағы бір зерделеп, тарихи-мәдени мұрасын кешенді зерттеуге бағытталды.
Шараға Абай облысының әкімдігі, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі бақармасының өкілдері, ҚР Ұлттық музейі, Жетісу облысының М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейі, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері, мәдениет мекемелері, ЖОО оқытушылары, Семей қаласы мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.
Конференция алдында қонақтар мен қатысушыларға Семейдің тарихи — өлкетану музейінің «Семей: өткен ғасырға саяхат», «Алтын адам», «Бозай алтыны» көрмелері таныстырылды.
Шараны Абай облысы әкімінің аппарат басшысы Жасұлан Сәрсебаев және Облыстық тарихи – өлкетану музейінің директоры Қайрат Сабырбаев жүргізді.
Конференцияға шетел, еліміздін түкпір-түкпірінен ғалымдар, өлкетанушылар, археологтар мен музей мамандары шақырылған.
Археолог, тарихшы ғалымдардың ғылыми негіздемесіне сүйеніп, өңір тарихын тас дәуірінен бері қарайғы кезеңдерге жіктеу – басты мақсаттардың бірі. Осы орайда, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының профессоры Зейнолла Самашев, Ө.Марғұлан атындағы археология институтының директоры Оңғар Ақан, Семей қаласы Шәкәрім атындағы университетінің профессоры, Амантай Исин, Англияның Лестер университеті археология және ежелгі тарих мектебі, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жойылып кету қаупі төнген археология бөлімінің ғылыми қызметкері Доктор Кенави, Ресейден Алтай мемлекеттік университетінен Николай Головченко, Италиядан жоғары ғылым мектебінің «Мәдени мұраны талдау және басқару» бағдарламасының аспиранты Кристина Бекенова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті Ғани Омаров, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің археология кафедрасының меңгерушісі Ұлан Үмітқалиев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты Оралбай Ерден және басқа да ғалымдар тас дәуірінен бергі Ертіс – Семей өңіріндегі археологиялық ескерткіштер мен олардың маңыздылығы туралы баяндамалар оқып, облыстық археологиясын дамыту жайлы ұсыныстарын білдірді. Баяндамаларын ZOOM платформасы арқылы фотосуреттермен ұсынды.
— Конференцияда айтылар ғылыми негіздемелер мен дәйекті ұсыныстар музейдің алдағы жоспарларына арқау болмақ. Болашақта Абай облысы археологиялық ескеткіштерінің тізімін, Абай облысы тарихи және киелі жерлерінің картасын, Семей-Ертіс өңірі археологиялық мұрасының 3D форматын, Семей-Ертіс тарихи кезеңдерінің хронологиясын дайындау секілді жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр, — деді Абай облысы әкімінің аппарат басшысы Жасұлан Сәрсебаев.

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

9 часов бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

10 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС