"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Шахтада қаза болған әнші жігіт жайлы не білеміз?

01.11.2023
Шахтада қаза болған әнші жігіт жайлы не білеміз?
10.2k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы жарылыс кезінде қаза болған боздақтардың бірі – АҚЫНЖАН РАСБАЙҰЛЫ ОРАҚБАЕВ.

Кешелі-бері әлеуметтік желі арқылы әнін тыңдап, дүйім қазақты жылатып жатқан сүйкімді, өнерлі жігіт Қарақалпақстанның Тамды ауданы, Керегетау ауылында туған екен. Еліміз тәуелсіздігін алған соң ата-анасымен тарихи отанына оралған жігіт Қарағанды облысындағы Абай қаласында қоныстанып, отау тіккен. Өзінің өмірлік ұстанымы ретінде «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға» деген Ұлы Абайдың өлең жолдарын жазып қойған Ақынжанның инстаграм парақшасынан әндерімен бірге жанұясымен желідегі суреттері арқылы танысып шықтық. Жас жігіттің достарының көп болғандығын, бос уақытын жанұясымен яғни кішкентай қызы және келіншегімен өткізетінін аңғардық. Желіден жеткен ақпаратқа сүйенсек Ақынжанның 10 жасында әкесі қайтыс болып, анасы жалғыз жеткізген. Осыдан үш жылдай уақыт бұрын шаңырақ құрған оның анасы бірге тұрған. Ал келіншегі екінші баласына аяғы ауыр деседі.

Ән шырқағанда кәсіби әншілерден кем түспейтін әуезді үні арнайы музыкалық білімі бар ма деген ой туғызады. Ақынжанның орындауындағы «Оралман әнінің» сөзі мен әні кімдікі екенін білмейміз. Ән естіген жанның жүрегін шымырлатады.

Алайда «Қытай мен түрік қаптаған жерде, Құп-құрттай менің не салмағым бар» немесе «Жерімді менің қызғанған жандар, Қызғанатын шығар жердің астын да» деген жолдар әр түрлі ойға жетелейді… Бәлкім осы бір елім деп елге, еліне қызмет етуге оралған жігітті де жат жерден келгенін айтып шеттеткендер, жанына жара салғандар болды ма екен, кім білсін?!

Құлаққа қоштасу сынды естілетін әннің мазмұны тереңде жатқандай… Егер Ақынжан аман болса шахтада жүре бермей, өнерімен талайды мойындатар ма еді… Жаны жәннәттің төрінде болсын деген сөзді айтудың өзі ауыр.
Бір кем дүние…

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Оракбаев Акынжан (@orakbaevakynzhan)

Шахтада қаза болған әнші жігіт жайлы не білеміз?
Ақынжан қызымен. Фото: orakbaevakynzhan

Ақынжан достарымен. Фото: orakbaevakynzhan Анасы мен қызы. Фото: orakbaevakynzhan

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС