"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАС ҒАЛЫМНЫҢ ЖЕТІСТІГІ КӨП

09.04.2024
ЖАС ҒАЛЫМНЫҢ ЖЕТІСТІГІ КӨП
27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің оқытушысы, үш тілді жетік меңгерген жас ғалым Әсемгүл Байқадамова жеке өзінің және бірлесіп жазған 50-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде бір патенттің авторы. Бүгінде электрофизикалық және радиациялық өңдеу әдістеріне негізделген ұзақ мерзімді сақтау жағдайында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін зерттеп жүр.

 

Әсемгүл Мәдениетқызы Бесқарағай ауданы Ново-Николаевка ауылының тумасы. Алты жасынан отбасымен Семей қаласына көшіп келіп, шаһардағы №34 мектепте білім алыпты. Орта мектепті тамамдаған соң 2010 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіне  «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша оқуға түседі.

2016 жылы  «Тағам қауіпсіздігі» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, 2018 жылы  PhD докторантураға тапсырады.  2021 жылы «Ет және сүйек пастасын пайдалана отырып, ет өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

Әсемгүл 2015 жылы академиялық ұтқырлық шеңберінде Болгария мемлекетінің Пловдив қаласында Тамақ технологиялары университетінде бір семестр бойы оқыды.  Содан бері ғылыми-зерттеу қызметімен белсенді айналысып жүр. Scopus жүйесі бойынша Хирш индексі 3-ке тең.

Осы уақытқа дейін жеке өзінің және бірлесіп жазған 50-ден астам ғылыми еңбегі жарық көріпті. Оның ішінде 3 патент, журналдарда 8 мақала, 2 аналитикалық шолу, 4 монография, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті  ұсынған басылымдар тізбесінде 15 ғылыми мақаласы жарық көрді, халықаралық және республикалық конференцияларда 15-тен астам тезис-баяндама жасады.

— Мен оқушы кезімнен математика, физика, химия пәндеріне бейім болдым. Сондықтан болашақ мамандығымның нақты бір ғылым саласымен байланысты болатыны анық еді.

Ғылымға деген қызығушылығымды оятқан «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Бақытгүл Қажкенқызы болды. Ол кісі маған ғылыми магистратураға түсіп, ғылыми-зерттеумен айналысуға кеңес берді,- дейді Ә.Байқадамова.

Әсемгүл Мәдениетқызы 2015-2016 жылдар аралығында ҚР БҒМ-нің «Жаңа тағам өнімдері мен тағамдық қоспалардың инновациялық технологияларын жасай отырып, ұн тартудың қайталама шикізатын – бидай ұрығын кешенді өңдеу» гранттық жобасын,  2018-2020 жылдар аралығында «Жергілікті табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және биологиялық құндылығы жоғары тамақ өнімдерінің ассортиментін кеңейту мақсатында өсімдік шикізатын кешенді өңдеу», 2021-2022 жылдар аралығында ҚР АШМ-нің «Функционалды ет өнімдерін өндіруде ірі қара мал мен құстың қайталама шикізатын өңдеудің ресурс үнемдейтін технологиясын әзірлеу» гранттық жобаларын жүзеге асыруға қызу атсалысады.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап «Ет өнімдерін өндіруде пайдалану және олардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ірі қара малдың еті мен сүйек шикізатын қалдықсыз өңдеу технологиясы» тақырыбы бойынша гранттық қаржыландыру жобасын жүзеге асыруда.  Сонымен қатар өткен жылдың қараша айынан бастап «Электрофизикалық және радиациялық өңдеу әдістеріне негізделген ұзақ мерзімді сақтау жағдайында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу» бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жобасының ғылыми қызметкері.

— Шәкәрім университетіне оқуға түскенде еңбек жолымды ұстаздықпен, ғылыми ізденіспен байланыстырамын деп ойламаған едім. Білікті профессорлық-оқытушылық құрамның арқасында өзімді осы саладан таптым. Факультет пен университет ғалымдары мақсаттарыма қол жеткізуге әрқашан қолдау көрсетіп, көмектеседі,- дейді Әсемгүл Мәдениетқызы.

Конрад Аденауэр атындағы  Sur Place Қорының стипендиаты Ноттингем университеті (Ноттингем қ., Ұлыбритания), Азық-түлік технологиялар университеті (Пловдив қ., Болгария), Федералды Алтай агробиотехнологиялар ғылыми орталығы (Барнаул қ., Ресей) сияқты халықаралық серіктестермен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Жас ғалым 2019 жылдың 30 маусымы мен 12 шілдесі аралығында Германияның академиялық алмасу қызметі – DAAD гранты аясында Гумбольдт атындағы Берлин университетінде «Food Berlin – Sustainable Diets» курсынан өтсе, 2023 жылы Erasmus+ ұтқырлық гранты аясында халықаралық апталыққа қатысқан.

Магистратураны тамамдаған соң Әсемгүлдің еңбек жолы осы қара шаңырақта басталады. Ғылыми жұмыстардан бөлек, 2016 жылдан 2021 жылға дейін білім алуды жалғастыру факультетінің жоғары деңгейлі жетекші маманы лауазымында қызмет атқарды.

2022 жылдан бүгінге дейін Коммерцияландыру және инновациялар орталығының басшысы. Осы жылы жас ғалымның «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» атағын жеңіп алғанын да айта кеткен жөн.

— Жас ұстаздар мен ғалымдарды қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың арқасында білім мен ғылым саласында түрлі бағдарламалар жүзеге асуда. Шәкәрім университетінде де өз-өзіңді дамытуға барлық жағдай жасалған. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауы оқу барысындағы және ғылыми қызметтегі жетістіктерді де ескереді. Ғылыми жетекшім, профессор, т.ғ.д. Айтбек Қалиұлы Кәкімовтің  қолдауымен ғылыми қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткіздім.  Ұстазымның жетекшілігімен PhD докторы дәрежесін алдым, ғылыми жобамды қаржыландыру мақұлданды. Кафедрадағы және жалпы университеттегі оқыту шарттарының арқасында оқытушылық тәжірибем қалыптасты,- дейді кейіпкеріміз.

Әсемгүл Мәдениетқызы университеттегі ғылыми-танымдық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға да белсенді қатысады. Осы уақытқа дейін білім беру жүйесін бақылау бойынша көптеген комиссиялардың мүшесі болды.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы ғылыми қызметкерлердің баспана сатып алуларына арналған несие бағдарламаның арқасында биыл Әсемгүл Семей қаласынан пәтер кілтіне де ие болыпты.

Жас болса да «ақырын жүріп, анық басып» өмірден өз орнын айқындап үлгерген Әсемгүл Мәдениетқызы еңбек ұжымы мен студенттері арасында үлкен құрметке ие. Әріптестері жас ғалымды адалдығы мен нақтылығы, еңбекқорлығы мен жауапкершілігі үшін жоғары бағалайды. Сөзі мен ісі нық маман тәртіп жақсы көреді және студенттерінен де соны талап етеді.

— Алдағы жоспарым — халықаралық ынтымақтастықты және ғылыми зерттеулерді тәжірибеде қолдануды дамыту, сондай-ақ біліктілігімді арттыру,- деп сөзін түйіндеді Әсемгүл Мәдениетқызы.

Мақалада: Әсемгүл Байқадамовағалым

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

11 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

11 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

14 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

14 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

14 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

14 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

15 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

15 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

15 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

15 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС