"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ВИЦЕ — МИНИСТР ЖЕКЕ МЕНШІК ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ

29.12.2013
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қр Денсаулық сақтау вице — министрі Эрик Байжүнісов «Жан-Ер» стоматологиялық орталығында болды. Жуырда ғана пайдалануға берілген орталықтың мамандандырылған және тіс емдеу бөлмелерімен, рентген, орталық залалсыздандыру, тістехникалық зертхана, физиоемдеу, хирургия және балалар тіс емханасы  бөлмелеріндегі құрыл- ғылармен танысты. Балалар тіс емханасы бөлмесін та-ныстырған орталық директоры Сиязбек Ахметов тіс емдеу барысында  балалардың көңілін аулау үшін арнайы құрылғылар орнатылғандығын, қабылдауға келген әр бала бұл жерден ризашылықпен қайтатынын айтты.

 

— Қазіргі уақытта біз орталықта тіс емдеудің барлық түрін  жүргіземіз. Ең жеңіл тіс ауруларынан бастап, күрделі  тіс ауруларына дейін, тіске күрделі ота жасау, хирургиялық емдеу, заманауи технологияда тіс түзету, имплонтация және протездеу, тіс ауруларының алдын алумен бірге емдеу шараларын жүргіземіз, — деген емхана ұжымына Эрик Байжүнісов:

 

-Жарайсыздыр!-деп баға беріп, — мемлекет тарапынан қандай көмек қажет?- деп сұрады.

Мемлекет тарапынан мемлекеттік тапсырыс жөнінен қолдау болып жатса,  қалғаны өз ретіне келетіндігін айтқан С. Ахметов мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істеуге    дайын екендіктерін жеткізді. Сонымен қатар, бұл орталық балалар үйімен келісімге келіп, алдағы уақытта  арнайы күн белгілеп, балаларды тегін қабылдамақ.

Тіс емханасынан кейін вице — министр өткен жылдың қыркүйек айында ашылған “IN VITRO+” жеке меншік емханасында болып, емдеу мекемесінің жұмысымен танысты. Тіркеу бөлімінен бастап, зертханалық және функционалдық диагностика, клиникалық, биохимиялық зертханалар мен инсульт алғандарға, сал ауруына шалдыққандарға ем жүргізіліп, емдік курс жасалып жатқан бөлмелермен де танысты. Осы емхананың құрылғылары көмегімен дене мүшелері қимылға келген инсультке шалдыққан науқастарға тезірек сауығып кетуге тілектестік білдірді.

-Инсульттен кейін науқастардың 60-70 пайызы қалыпты өмір жағдайына қайта оралады. Сондықтан, сырқаттар инсультке шалдыға салысымен, дереу оңалту орталығына келуі керек,- дейді емхана директоры Нәсиба Изатоллаева.

Бұл мүмкіндікті осы емханадағы заманауи құрылғылар сыйламақ. Сондай-ақ, шет елден әкелінген түрлі құрылғылар бүгінгі заман талабына сай жұмыс істеуге мүмкіндік береді, емхананың бірден-бір артықшылығы да осында. Мысалы, шет елден әкелінген “Evolis” құрылғысы ШҚО — да біреу ғана болса, еліміз бойынша бес емдеу орталығында орнатылған. Сол құрылғылардың қызметімен жылдар бойы байқалмаған С гепатитінің 99 пайызын анықтауға мүмкіндік туып отыр. Бұл жөнінде:

— С гепатитінің көлемі артып кетті деп қорықпау керек, керісінше, сол гепатитті анықтау мүмкіндігіне ие болдық деп қуану керек. Біз ол науқастарды емдейміз, тегін дәрі-дәрмек ұсынамыз,- деді Эрик Байжүнісов.

Зертханалардың мүмкіндіктерімен танысқан вице — министр алдағы уақытта ауруханалармен байланыс орнатып, зертханалық жұмыстарды жүргізу қажеттігін айтты. Осындай орталықтар неғұрлым көп болса, соғұрлым мемлекетіміз үшін өте жақсы екенін айтқан вице — министр:

-Қазір біз сауықтыру тарифтерін есептеп жатырмыз. Жыл соңында бюджетте қаржы қалса, сіздерге инсульттен кейінгі науқастарды емдеуге мемлекеттік тапсырма ретінде бөлеміз, — дей келе, бұл емхананы заманауи құрылғылармен жабдықталған еліміздегі жетекші емханаларының бірі деп бағалады.

Келесі кезекте Эрик Байжүнісов жаңадан салынып жат-қан радиологиялық орталыққа да бас сұқты. Қолданысқа беріле қоймаған емхананың әр қабатын аралап, орнатылып жатқан қондырғылармен танысты. «Бұл орталық Қазақстандағы ең жақсы, заманауи орталық болмақ. Басқа қалаларда онкологиялық орталық ашылғанға дейін еліміздің түпкір-түпкірінен науқастар сіздерге келетін болады. Мына технологиялар іске қосылғанда қатерлі ісік гастрит ауруындай болып қалатын болады», — деген вице — министр науқастардың бұл орталықты асыға күтіп отырғанын жеткізді. Радиологиялық орталық басшылығы  алдағы уақытта науқастарға арнап пансионат салу да жоспарда бар екенін айтты.

Бұдан кейін вице — министр Физкультурная көшесінде жаңадан ашылған №3 диагностикалық емдеу орталығының жұмысымен танысты. Емхана бүгінгі заман талабына сай жабдықталған, қызмет көрсету сапасы да аса жоғары деп бағаланған емханадағы   сандық рентген құрылғысы бар болғаны сегіз минут ішінде рентген нәтижесінің қорытындысын шығарып бере алады. Емдеу мекемесінің бір тәулікте 300 адамға дейін қабылдауға қауқары бар. Сонымен қатар, емхана қызмет көрсетудің 23 түрі бойынша бейімделген. Емдеу мекемесі акушер — гинекология, невропатология, гастроэнтерология, гематология, кардиология, физотерапия, эндокринология, онкология, хирургия, травматология, ортопедия және тағы да басқа қызмет түрлерін ұсына алады. Жаңа емхананың жұмысымен, кең, жоспармен салынған әр кірпішін бағамдаған Эрик Байжүнісов:

-Емхана салу жай ғимарат салу емес, емхана салу үшін жүрекпен сезіну керек. Еліміздің әр аймағына емхана салатын қаржы жоқ деген мәселелер көп. Осылай кәсіпкерлерді бұл іске тарту керек,-деді.

Вице — министрдің бұл сөзі қаладағы емханалардың құрылысына, жұмысына берілген баға еді. 

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

“Семей таңы”.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: кінәлілер қамауға алынып, полиция басшылары қызметтен босатылды

04.04.2026
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: кінәлілер қамауға алынып, полиция басшылары қызметтен босатылды

Мемлекет басшысының 2026 жылғы 30 наурызда Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес ІІМ Алматы қаласындағы резонанстық жол-көлік оқиғасының мән-жайын жан-жақты...

Толығырақ...Details

Абай облысында тәртіп сақшыларына 137 қызметтік автокөлік тапсырылды

04.04.2026
Абай облысында тәртіп сақшыларына 137 қызметтік автокөлік тапсырылды

Semeytany.kz - Семей қаласында Абай облысы полиция департаментінің мамандарына 137 қызметтік автокөліктің кілті салтанатты түрде тапсырылды. Іс-шараға облыс әкімі Берік...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жұқпалы аурулардың алдын алудағы иммунопрофилактиканың рөлі талқыланды

04.04.2026
Семей қаласында жұқпалы аурулардың алдын алудағы иммунопрофилактиканың рөлі талқыланды

Семей қаласында жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Семей...

Толығырақ...Details

Қазақстан өнеркәсіптік бағытты күшейтуде – Бектенов жаңа экономикадағы машина жасаудың рөлін айқындады

03.04.2026
Қазақстан өнеркәсіптік бағытты күшейтуде – Бектенов жаңа экономикадағы машина жасаудың рөлін айқындады

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумының пленарлық отырысына қатысып, Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі қазақстандық өндірушілердің...

Толығырақ...Details

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

03.04.2026
Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

Толығырақ...Details

Абай облысында Курчатовты ғылым қалашығы ретінде дамыту мәселелері талқыланды

03.04.2026
Абай облысында Курчатовты ғылым қалашығы ретінде дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысында ғылым, инновацияларды дамыту шаралары 2026-2030 жылдарға арналған өңірді дамыту жоспарына енгізілді. Өңірде ғылым және технологиялар жөніндегі кеңес жұмыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: кінәлілер қамауға алынып, полиция басшылары қызметтен босатылды

6 часов бұрын

Абай облысында тәртіп сақшыларына 137 қызметтік автокөлік тапсырылды

9 часов бұрын

Семей қаласында жұқпалы аурулардың алдын алудағы иммунопрофилактиканың рөлі талқыланды

10 часов бұрын

Қазақстан өнеркәсіптік бағытты күшейтуде – Бектенов жаңа экономикадағы машина жасаудың рөлін айқындады

1 день бұрын

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

1 день бұрын

Абай облысында Курчатовты ғылым қалашығы ретінде дамыту мәселелері талқыланды

1 день бұрын

Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

1 день бұрын

Семейде биыл 100 көше мен 100 аула жаңарады

1 день бұрын

Сот актілерін апелляциялау және сот билігінің тәуелсіздігі

1 день бұрын

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің өңір халқына үндеуі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС