"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Мемлекет қаржысы тиімді жұмсалуы керек

15.08.2024
Мемлекет қаржысы тиімді жұмсалуы керек
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 Әлемдегі әрбір мемлекет сыбайлас жемқорлықпен өздігінше күресуде. Жемқорлықтың зардабы мемлекеттің экономикасына үлкен залал келтіретіні анық.

«Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай, онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек. Әзірге мен мұндай кешенді және түбегейлі жұмысты көріп отырған жоқпын. Шенеуніктер шеңбер жасап, бірінен кейін бірі ауысып жатыр. Ал жүйелі проблемалар шешілмеген күйі тұр»,- деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін де атап өтті. Бұл бағытта бірқатар маңызды міндеттер атқарылды. Қазақстан халықаралық Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО ұйымына) мүше болды, қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы анықталған жағдайда оның басшысының қызметінен босатылуы заңмен бекітілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін заңнамамен сараптау жұмыстары күшейтілді.

Жалпы, ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жыл басынан бері Қатар, Гонконг, Әзербайжан және Ресей Федерациясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарымен ынтымақтастық туралы 4 меморандумға қол қойған. Сондай-ақ шілде айының соңында Қазақстанға Қытайдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша делегация келіп, ынтымақтастыққа қол жеткізілген еді.

Елімізде 2014 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Аталған стратегияның мақсаты — мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттырып, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік  саясатын қалыптастыру арқылы елдегі парақорлық деңгейін төмендету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, жыл басынан бері елімізде 947 жемқорлық қылмысы тіркеліп,  660 адам әшкереленген.  Оның 104-і – әр түрлі деңгейдегі басшылар. Тергеу амалдары аяқталған қылмыстық істер бойынша 193,5 миллиард теңге өтелген.

Біздің облыста да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет волонтерлері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында қызметті сатып алу бағасын негізсіз көтеруге қатысты бірнеше фактіні анықтаған.

Мысалы, Ақсуат аудандық жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы әр шаршы метр үшін 7 мың теңге төлей отырып, алаңы 600 шаршы метр болатын үй-жайды бір жыл мерзімге 50,4 млн теңге сомаға жалға алмақ болған. Еріктілер аталған аудандағы осындай үй-жайларды жалдаудың орташа құны 3 мың теңге шамасында екенін анықтаған.  Департамент араласқаннан кейін сатып алу жоспарына өзгерістер енгізіліп, жалға алу құны 3,3 мың теңгеге дейін төмендетілген, сөйтіп, 22,4 млн теңге  бюджет қаражаты үнемделген.

Мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында Ақсуат ауданының «Балдырған» балабақшасы 13 тонна шай сатып алуды жоспарлағаны да анықталды. Департаменттің араласуымен аталған көрсеткіш 13 тоннадан 19 келіге дейін төмендетіліп, 57 млн теңге қаржы мемлекет бюджетінде қалды.

Сондай-ақ Аягөз ауданындағы №6 мектеп әрқайсысы 3 млн теңге тұратын 3 жуатын шаңсорғыш сатып алуды жоспарлаған. Алайда аталған құрылғының нарықтағы орташа бағасы 250-300 мың теңгеден аспайтыны белгілі болды. Енгізілген ұсыным нәтижесінде сатып алу сомасы 900 мың теңгеге дейін төмендетілді.

— Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай терезе арқылы мониторингілеу мәселесінде еріктілер бізге айтарлықтай көмек көрсетеді. Олардың белсенділігінің арқасында жыл басынан бері 97 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Жалпы, І тоқсан қорытындысы бойынша, үнемделген қаражат көлемі 347,4 млн теңгені құрады, — дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ұлан Сәдуақасов.

Жалпы,  республика бойынша «Бірыңғай сатып алу терезесі» порталына мониторинг жүргізу арқылы 31 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатының  жымқырылуына жол берілмеген.

Денсаулық сақтау саласында да сыбайлас-жемқорлық тәуекелдері аз емес. Департаменттің осы жылы денсаулық сақтау саласына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша медициналық мекемелердің бірінің үш жыл ішінде медициналық жабдықтарды өндірмейтін компаниялармен 608 млн теңге сомасында 23 негізсіз шарт жасасқаны белгілі болды. Сондай-ақ талдау барысында медициналық жабдықтарға жалған сервистік қызмет көрсету, медициналық қызметтерді асыра тіркеу, бас дәрігерлерді өз бетінше жұмыстан шығару, дәрілік препараттарды  жөн-жосықсыз пайдалану және еңбекақы төлеу қоры бойынша ақша қаражатын жымқыруға байланысты бірқатар тәуекелдер анықталған.

— 2023 жылы мемлекет тарапынан ТМККК шеңберінде облыс халқына 7 млрд теңгеден астам сомаға 400 мыңнан астам дәрілік препараттар бөлінді. Алайда, талдау көрсеткендей, дәрі-дәрмектердің бөлінген көлемі соңғы адресатқа жетпеген. Сондай-ақ аудандардың бірінде аурухана дәріханасында жалпы сомасы 1,3 млн теңгеге препараттардың жетіспеушілігі анықталды. Талдау қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған 25 ұсыныс енгізілді,- деді департамент басшысының бірінші орынбасары Рүстем Рақышев.

Шымкент қаласында өткен Қазақша күрестен халықаралық турнирге Семей қаласының атынан қатысатын 10 спортшы мен жаттықтырушының шығындарына бюджеттен 1 миллион теңге бөлінген. Бірақ турнирге іс жүзінде 2 спортшы қатысқан. Сондай-ақ Тараз қаласында өткен турнирге 10 спортшыны қаржыландыруға өтінім беріліп, іс жүзінде 3 спортшы ғана барғаны мәлім болды.

— Жаттықтырушылардың есептері бойынша команданы тасымалдау үшін шағын автобус жалға алынған. Ал, шындығында, спортшылар темір жол көлігімен барған. Мұндай деректер іссапар шығындарын жаттықтырушылардың тікелей шоттарына аударудан және спорт мектептерінің басшылары тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан туындаған. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың барлық кезеңдері мен рәсімдерін автоматтандыру үшін мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланған бірыңғай цифрлық платформа құру ұсынылады,- дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ұлан Сәдуақасов.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 жылға дейін,  заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі келтіргені үшін 10 жылға дейін, лауазымын асыра пайдаланғаны үшін 7 жылға дейін, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналасуға өмір бойы шектеу қоюға әкеп соғады. Ақша, бағалы қағаздар, демалуға немесе емделуге жолдамалар – мұның барлығы заңсыз игіліктерге жатады. Ал сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаушыларға бір жолғы ақшалай сыйақы қарастырылған. Оның ішінде құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша 30 АЕК, онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша 40 АЕК, ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша 50 АЕК, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша 100 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы беріледі.

— Абай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік тобы жол салу, су құбырларын тарту, тұрғын үй құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау  сынды маңызды салаларға үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өз құқығын қорғауды, өздеріне қатысты заңға  қайшы қандай да бір іс-әрекет жасалған жағдайда не істеу керектігін нақты білулері қажет.  Қандай да бір жемқорлық фактісіне кез адам Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке немесе Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарласуына болады,- дейді  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ұлан Сәдуақасов.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

02.09.2026
Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

Кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамуына қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелер ғана емес, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы да тікелей әсер ететіні...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

01.09.2026
Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

Семейде өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School Semey ашылып, алғашқы қатысушылар оқуын бастады. Іс-шараға Абай облысы цифрлық технологиялар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

4 дня бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

4 дня бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

5 дней бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

6 дней бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

6 дней бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

6 дней бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

1 неделя бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

1 неделя бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС