"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Әйелдер кәсіпкерлігі: ынтымақтастық пен жаңа мүмкіндіктер

05.02.2025
Әйелдер кәсіпкерлігі: ынтымақтастық пен жаңа мүмкіндіктер
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2024 жылғы 4 ақпан күні «Respublica» партиясының Абай облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы: ынтымақтастық пен жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында кәсіпкер әйелдермен диалогтық кездесу өтті. Шараның басты мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, бизнесті дамытудағы өзекті мәселелерді талқылау және олардың шешу жолдарын қарастыру.

Кездесуді партия филиалының аймақтық кеңес мүшесі Ләйлә Оралқызы Ахметқанова жүргізді. Іс-шараға партияның белсенді әйелдер қауымы, кәсіпкер әйелдер және партияның мәслихат депутаттары қатысты. Қатысушылар әйелдердің кәсіпкерліктегі рөлі, бизнесті жүргізудегі кедергілер және мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

Абай облыстық мәслихат депутаты Ахметканов Арман партияның саяси әлеуетінің жоғары екенін және кәсіпкерліктегі мәселелерді шешудің тиімді жолдарын қарастыру қажеттігін атап өтті. Ол өз сөзінде әйелдердің шағын және орта бизнес саласындағы белсенділігін арттыру үшін мемлекет тарапынан қолдау шаралары күшейтілуі тиіс екенін баса айтты.

Партияның Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш партияның мақсат-міндеттері мен сайлауалды бағдарламасына тоқталып, арнайы баяндама жасады. Өз сөзінде:

• «Respublica» партиясы – кәсіпкерлер мен жастардан құралған жас партия. Биыл екі жыл толып отыр. Облысымызда барлық деңгейдегі төрт мәслихат депутаты бар және кәсіпкерлерден құралған аймақтық кеңес жұмыс істейді. Алдағы уақытта партия жанынан Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін кеңес құру жоспарда бар. Осыған орай, сіздермен кездесуді жөн көрдік, — деді.

Кездесуде кәсіпкер әйелдер өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Олар бизнесті жүргізу кезінде кездесетін әкімшілік кедергілерді азайту, қаржылық қолжетімділікті арттыру, әйелдерге арналған гранттар мен жеңілдіктер енгізу мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында аймақтық деңгейде арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру ұсынылды.

Қатысушылардың пікірінше, мұндай кездесулер әйел кәсіпкерлердің дамуына серпін береді және олардың бизнес жүргізудегі құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі. Іс-шара соңында қатысушылар алдағы уақытта да осындай кездесулер өткізуді ұсынып, бірлескен ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

19.10.2026
Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

Бородулиха ауданына қарасты Петропавловка ауылында сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында магистральдық су құбырының 2,5 шақырымы ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары су беру...

Толығырақ...Details

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

1 день бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

3 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

4 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

4 дня бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

4 дня бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

4 дня бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

4 дня бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

5 дней бұрын

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

1 неделя бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС