"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Инвестиция тарту – әр аудан әкімінің нақты міндеті» — Берік Уәли

27.05.2025
«Инвестиция тарту – әр аудан әкімінің нақты міндеті» — Берік Уәли
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей таңы – Инвестициясыз даму болмайды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Берік Уәли кезекті аппараттық кеңесте шегелеп айтты. Жиында өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалу барысы, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен инвестиция тарту мәселесі кеңінен сөз болды, деп хабарлайды Semeytany.kz тілшісі.

22 мыңнан астам жұмыс орны құрылмақ

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, биыл өңірде 22 885 жұмыс орнын ашу көзделген. Оның 14 873-і — тұрақты, ал 7 808-і — уақытша жұмыс орындары болмақ.

Жұмысқа орналастыру ұлттық және мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асуда. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты», «Дипломмен ауылға» жобалары мен инфрақұрылымдық бастамалар шеңберінде жұмыс күші тартылуда.

Ал өңірлік жұмыспен қамту картасының субсидияланатын бағыттары арқылы қазіргі таңда 5 323 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, Президенттің 10 мың адамға шаққанда 100 жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмасына сәйкес, жаңадан ашылған кәсіпорындарда 824 адам еңбекке тартылған.

Семей мен Аягөздің белсенділігі төмен

Кеңесте Семей, Курчатов қалалары мен Аягөз, Ақсуат, Бородулиха, Көкпекті, Мақаншы аудандарында жұмыс орындарын ашу жоспары мардымсыз орындалып жатқаны айтылды.

Берік Уәли әкімдерге бұл бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды:

«Облыста 10 790 адам ресми жұмыссыз ретінде тіркелген. Тіркелмегені қаншама. Ауылда жұмыс болмаған соң, ел облыс орталығына ағылуда. Қалаға келген адамға жұмыс тауып, баспана, мектеп, балабақша мен емхана мәселесін шешу оңай емес. Сондықтан әр аудан өз ішінде жаңа жұмыс орындарын ашуға міндетті. Бұл – әкімдердің негізгі жұмысы», – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ әкім, жұмыс орындары қағаз жүзінде емес, нақты болу керек екенін, зейнетақы жарналары мен еңбек шарттарының рәсімделуін ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.

88,3 млрд теңге инвестиция тартылған

Экономика және бюджеттік жоспарлау мен Қаржы басқармаларының басшылары баяндама жасап, облыстың алғашқы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқталды. Былтырмен салыстырғанда 10 негізгі көрсеткіш бойынша өсім бар. Жыл басынан бері облысқа 88,3 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл — нақты көлем индексімен есептегенде 116 пайыз.

Дегенмен, өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндірісі, құрылыс пен тұрғын үйді пайдалануға беру бағыттарында көрсеткіштер төмендеген.

Осыған байланысты Берік Уәли бюджет кірісі мен шығысын жоспарға сай орындау керектігін атап өтті. Ал инвестиция тарту мәселесіне келсек, әкім өз тәжірибесімен бөлісті:

«Қызметке тағайындалған сәттен бастап 40-тан астам инвестормен кездестім. Алайда, аудан әкімдері бұл бағытта белсенді емес. Әлі де болса, бюджетті ғана арқа тұтып отыр. Қымбат офтейк келісімдеріне жабысып алған. Сондықтан инвестиция тарту бағытындағы жұмысты күшейту қажет», – деді өңір басшысы.

Ерлан Айқынұлы,
Semeytany.kz

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 день бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 день бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

1 день бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

1 день бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

2 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС