"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған адам сенбілікке шықты

29.05.2025
Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған адам сенбілікке шықты
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей таңы – Туған өлкенің тазалығы – әр азаматтың парызы. Осы ұстаныммен Абай облысында Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды сенбілік өтті. Шараға 197 мыңнан астам тұрғын қатысып, өңірдегі елді мекендер, өзен жағалаулары мен қоғамдық орындар тазартылды, деп хабарлайды Semeytany.kz тілшісі.

Семей мен Курчатовта — өзен жағалауына ерекше назар

Семейде 50-ден астам студент пен ерікті Ертіс өзенінің сол жағалауындағы көпір маңын қоқыстан тазартты. Жастар бұл қадам арқылы өңірдің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты.

Курчатов қаласында да жағажай маусымына дайындық шеңберінде жағалау аймағы тазаланып, арнайы ескерту белгілері орнатылды. Жастар белсендісі Сержан Ерболатұлының айтуынша, сенбілік — туған жерге жанашырлық танытудың жарқын көрінісі.

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған адам сенбілікке шықты

Үржар мен Аягөзде — ауқымды тазалық шарасы

Үржар ауданында 30-дан астам мекемеден 300-ден астам адам қатысып, Балалар және «Болашақ» саябақтары абаттандырылды. Мөлдір Токтамысова:

«Бұл сенбілік — болашақ ұрпаққа үлгі болатын қадам», – деді.

Аягөз ауданында 200-ге жуық адам қатысып, Аягөз өзенінің бойынан 70-тен астам қап қоқыс жиналды.

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған адам сенбілікке шықты

Ерекше формат — интеллектуалды квест

Бородулиха ауданында сенбілік ерекше үлгіде — квест-форматта өтті. Жас еріктілер карта бойынша аумақтарды іздеп, белгіленген нүктелерді тазалады. Бұл әдіс сенбілікті қызықты етіп қана қоймай, командалық рухты да нығайтты.

Нәтиже: мыңдаған тонна қоқыс шығарылып, мыңдаған ағаш егілді

Жалпы облыс бойынша:

  • 9 092 ұйым мен 6 573 техника жұмылдырылды;

  • 122 мың аула, 1 777 саябақ пен 733 ескерткіш айналасы тазартылды;

  • 35,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық полигондарға жеткізілді;

  • 46 348 ағаш пен бұта отырғызылды;

  • 2 072 су айдыны, 144 субұрқақ пен 88 мың метр арық тазаланды.

Сондай-ақ 26 сәуір күні «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» аясында қосымша 23 мыңнан астам көшет егілген.

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған адам сенбілікке шықты

«Таза Қазақстан» — бір реттік емес, мәдениет қалыптастыратын қозғалыс

«Абай жастары» ресурстық орталығының директоры Айдос Төлеуканов бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып:

«Бұл — туған жерге деген жауапкершілікті арттыратын жүйелі қозғалыс. Әрбір қатысушының үлесі — жарқын болашаққа жасалған қадам», – деді.

Экологиялық акциялар өңірдегі барлық елді мекендерді қамтып, алдағы уақытта шалғай ауылдарды да қамти бермек.

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған адам сенбілікке шықты

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

4 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

4 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

5 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

5 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС