"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде чип пен электроника өндіретін зауыттың құрылысы басталды

03.06.2025
Семейде чип пен электроника өндіретін зауыттың құрылысы басталды
44
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей таңы – Семей қаласында чиптер мен электронды құрылғылар шығаратын индустриялық парктің құрылысы ресми түрде басталды. «Өндіріс» индустриялық аймағында бой көтеретін бұл зауыт Қазақстандағы жоғары технологиялық өндірістердің алғашқы қарлығаштарының бірі болмақ, деп хабарлайды Semeytany.kz тілшісі.

Жаңа кәсіпорынның іргетасын қалау рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли мен шетелдік инвесторлар қатысты. Жобаны «SUTO KAZAKHSTAN» ЖШС атты қазақстандық-қытайлық бірлескен компания жүзеге асырады. Кәсіпорын чип, оптоэлектронды модульдер, қуат блогы, интеллектуалды хост-контроллерлер, энергия үнемдейтін шамдар мен электронды дисплейлер өндірісіне маманданады.

Жоба – жуырда облыс делегациясының Қытай Халық Республикасына жасаған сапарының нақты нәтижесі. Атап айтқанда, Шыңжаңның Алтай қаласында өткен «Үлкен Алтай» субөңірлік конференциясы аясында 1,5 миллиард АҚШ долларына тең 15 меморандумға қол қойылып, инвестициялық әріптестік жолға қойылған болатын.

Семейде чип пен электроника өндіретін зауыттың құрылысы басталды

Іргетас қалану рәсімінде аймақ басшысы бұл жобаның өңір экономикасын әртараптандыруға, заманауи өндірісті жолға қоюға және жүздеген жаңа жұмыс орнын ашуға серпін беретінін айтты. Құрылыс кезеңінде 140 адам жұмысқа тартылады, ал зауыт іске қосылған соң 500-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Жалақы көлемі 250 мыңнан 500 мың теңгеге дейін болмақ.

Бұған қоса, зауыт жергілікті жастарды жұмыспен қамтуға ниетті. Семейдегі IT және жаңа технологиялар жоғары колледжімен өзара келісімге келіп, студенттерге өндірістік тәжірибе ұсыну және үздіктерін тұрақты жұмысқа алу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Семейде чип пен электроника өндіретін зауыттың құрылысы басталды

Жобаның жалпы құны – 50 миллион АҚШ доллары. Құрылыс үш кезеңмен, 2025–2028 жылдар аралығында жүзеге асады. Кәсіпорын 20 гектар аумақта орналасып, өнімін ішкі нарықпен қатар ТМД елдері мен Еуропаға экспорттауды көздеп отыр.

«Енді Семейде “Қазақстанда жасалған” деген белгісі бар чиптер өндіріледі. Бұған дейін елімізде мұндай өнім шығарылмаған, тек құрастырумен шектеліп келдік. Енді өзіміз өндіріп, нарыққа шығарамыз», – деді «SUTO Kazakhstan» ЖШС құрылтайшысы Ернұр Болатұлы.

Алғашқы зауыт ғимаратының құрылысы небәрі 90 күнде аяқталып, алғашқы өнім осы жылы шығарыла бастамақ.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС