"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ақсуатта «Асыл бесік» фестивалі басталды: Абайдың рухын ардақтаған республикалық шара

07.06.2025
Ақсуатта «Асыл бесік» фестивалі басталды: Абайдың рухын ардақтаған республикалық шара
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Ақсуат ауданында Абайдың 180 жылдығына арналған ауқымды «Асыл бесік – Ақсуат» республикалық спорт және өнер фестивалі басталды. Үш күнге жоспарланған салтанатты шараның шымылдығы «Асыл тас» театрының «Мені тауып алшы» спектаклімен түрілді.

Ақсуатта «Асыл бесік» фестивалі басталды: Абайдың рухын ардақтаған республикалық шара

Фестивальдің ресми ашылуына облыс әкімі Берік Уәли қатысып, туған жерге қызмет етудің маңыздылығын атап өтті. «Бұл – ел бірлігі мен ұлттық рухты дәріптейтін үлкен оқиға. Абай елінде елге шын жанашыр азаматтар әрқашан ерекше құрметке ие. Солардың бірі – белгілі кәсіпкер Дулат Тастекеев. Ол туған жерге жанашырлықты нақты іспен көрсетіп келеді», – деді аймақ басшысы.

Инвестициялық серпін мен нақты жобалар

Берік Уәли өз сөзінде Ақсуат ауданында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобаларды да атап өтті. Атап айтқанда:

  • Ақсуатқа кіре беріс жол төрт жолақты болып кеңейтілді;

  • Көкжыра ауылында мәдениет үйінің құрылысы басталды;

  • Ақсуат орталық ауруханасы күрделі жөндеуден өтуде;

  • 48 отбасы жаңа пәтерге ие болмақ;

  • Екпін мен Ойшілік ауылдарында спорт кешендері бой көтеруде;

  • Тебіске өзені арқылы өтетін көпір жаңғыртылып жатыр.

Ақсуатта «Асыл бесік» фестивалі басталды: Абайдың рухын ардақтаған республикалық шара

Сонымен қатар, ұзақ жылдар тоқтап тұрған Ақсуаттағы жаңа мектеп құрылысы облыстық бюджет есебінен аяқталатын болды. Ал Екпін ауылындағы апатты мектеп мәселесі де биыл шешімін таппақ.

Спорт пен өнер тоғысқан алаң

Фестиваль аясында республикалық «Assyl Arlan» қазақ күресі турнирі өтті. 74 келіге дейінгі салмақта 24 балуан (Өгіз балуан), ал +74 келіде 18 балуан (Түйе балуан) өзара мықтыны анықтады. Кешкілік жұртшылық әнші Гүлдана Ноғайбаеваның «Елге сәлем» жеке концертін және «Қазақша терапия» әзіл-сықақ тобының өнерін тамашалады.

Ақсуатта «Асыл бесік» фестивалі басталды: Абайдың рухын ардақтаған республикалық шара

Ат бәйгесі мен Гала-концерт

Фестиваль аясындағы басты шаралардың бірі – 8 маусым күні Екпін ауылындағы атшабарда өтетін «Assyl Tulpar» бәйгесі болмақ. Ал қорытынды кеште Ы.Досханаұлы атындағы стадионда «Асыл тас» театрының «Абай әлемі» қойылымы мен қазақ эстрада жұлдыздарының Гала-концерті өтеді.

Түйін:
Ақсуаттағы «Асыл бесік» фестивалі – туған жерге тағзым мен ұлттық дәстүрді дәріптеудің жарқын үлгісі. Ауыл мәдениеті мен спортын ұлықтайтын мұндай шаралар елді бірлікке ұйыстырып, Абай рухын жаңа биікке көтереді.

Ақсуатта «Асыл бесік» фестивалі басталды: Абайдың рухын ардақтаған республикалық шара

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС