"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Облыста ауыз су, қаржылық сауаттылық және экологиялық бастамалар талқыланған кеңейтілген аппараттық кеңес өтті

09.06.2025
Облыста ауыз су, қаржылық сауаттылық және экологиялық бастамалар талқыланған кеңейтілген аппараттық кеңес өтті
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдің өзекті мәселелері талқыланды. Жиынға облыстық басқарма мен департамент басшылары қатысып, аудан және қала әкімдері бейнебайланыс арқылы қосылды. Күн тәртібінде «Қарызсыз қоғам» жобасының іске асырылу барысы, «Таза Қазақстан» бағдарламасының жай-күйі және облысты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Раджан Сейітқановтың айтуынша, өңір тұрғындарын ауыз сумен қамту деңгейі қазіргі таңда 95,3 пайызды құрайды. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу үшін жалпы құны 7,6 млрд теңгені құрайтын 26 жобаны жүзеге асыру қажет. 2025 жылға жоспарланған тағы 21 жоба су құбырларының тозуын азайтуға бағытталып отыр.

Қазіргі кезде облыстағы су желілерінің жалпы ұзындығы 3 687,9 шақырым болса, олардың орташа тозу деңгейі – 44,1 пайыз. Жаңа жобалардың іске асырылуы бұл көрсеткішті 35,1 пайызға дейін төмендетеді деп күтілуде. Айта кетерлігі, түгендеу барысында 102 блоктық-модульдік станцияның 25-і жұмыс істемейтіні анықталған. Облыс әкімі тиісті аудан әкімдеріне бұл нысандарды бір ай ішінде қалпына келтіріп, іске қосу жөнінде тапсырма берді.

– Мемлекет басшысы 2025 жылдың соңына дейін халықты толық ауыз сумен қамтамасыз етуді міндеттеді. Бұл – халық тарапынан жиі көтерілетін және өте маңызды мәселе. Аудан әкімдері жобаларды жыл соңына дейін аяқтауға күш салуы керек, – деді Берік Уәли.

Кеңесте сондай-ақ «Қарызсыз қоғам» жобасының өңірде іске асырылу барысы қаралды. Қаржы басқармасының басшысы Гүлфайрус Серікболова 2024 жылы 7352 адамды қамтыған 34 оқу өткізілгенін, биыл бұл жоба жаңартылып, «Қарызсыз қоғам 2.0» нұсқасында жалғасын тапқанын мәлімдеді. 17 ақпан мен 26 мамыр аралығында 1051 адам оқытылып, заңгерлік кеңес алған. Енді бағдарлама толық онлайн форматқа көшіп, жыл соңына дейін ай сайын 2500 адамды қамту көзделуде.

– Бұл жоба Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Қаржылық сауаттылық – халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі тетігі. Осыған қарамастан, азаматтардың белсенділігі төмен. Сондықтан аудан әкімдері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруы тиіс, – деді аймақ басшысы.

Кеңес қорытындысында облыс әкімі барлық жобалардың жүзеге асырылу барысына қатаң бақылау жүргізуді, әсіресе ауыз су және әлеуметтік маңызы бар бастамалар бойынша нәтижелі жұмыс атқаруды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС