"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы басталды

20.06.2025
Семейде «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы басталды
38
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Бүгін Семей қаласында «Туған жерге туыңды тік» атты инвестициялық форум өз жұмысын бастады. Ауқымды шараға ҚР Парламенті мен Сенатының депутаттары, шетелдік және отандық инвесторлар, Абай өңірінен шыққан кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Форумға 500-ге жуық кәсіпкер шақырылған.

Ашылу салтанатында облыс әкімі Берік Уәли өңірдің экономикалық әлеуеті туралы баяндама жасап, инвесторларды бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Оның айтуынша, Абай облысының табиғи ресурстары, инфрақұрылымы және географиялық орналасуы аймақтың тұрақты дамуына негіз бола алады.

– Бұл форум – пікір алмасып, келешекке бірге қадам басатын маңызды алаң. Бізге кәсіпкерлер мен инвесторлардың белсенділігі аса қажет. Семей – тарихи мәні зор өңір. Қазір біз жаңаша даму жолына бет бұрдық, – деді аймақ басшысы.

Семейде «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы басталды

Форум аясында ұсынылған жобалар мен көрсеткіштер:

  • Облыс экономикасына бағытталған 38 жоба бар, жалпы құны – 2,7 трлн теңге.

  • 2024 жылы 14,4 млрд теңгеге 8 жоба іске асып, 330 жұмыс орны ашылды.

  • 2025 жылы 31,1 млрд теңгеге 10 жоба іске асырылып, 767 жұмыс орны құрылмақ.

  • 2024 жылы нақты секторға тартылған инвестиция – 575,3 млрд теңге.

  • Шетелдік инвестиция көлемі – 775,3 млн АҚШ доллары.

Мәселен, биыл:

  • «СемАз» ЖШС жылына 6 мың арнайы техника шығаратын желіні іске қосады.

  • «Казполиграф» ЖШС қағаз және картон бұйымдарын өндіру көлемін 40 миллион данаға жеткізеді.

Семейде «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы басталды

Шетелмен әріптестік:
Өткен айда Абай облысының делегациясы Қытайдың Шыңжаң өңіріне барып, 1,5 млрд АҚШ долларына тең 15 меморандумға қол қойды. Сол келісімдердің бірі негізінде Семейде чиптер мен электронды қондырғылар шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Жоба құны – 50 млн АҚШ доллары.

Индустриялық аймақты кеңейту жоспарлануда

Қазіргі таңда Семей қаласындағы 96 гектарды құрайтын «Өндіріс» индустриялық аймағында 4 жоба іске асып жатыр. Өндіріс алаңына сұраныс артқан соң, бұл аймақты 600 гектарға дейін ұлғайту жұмыстары қолға алынады.

Форум аясында:

  • 14 өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылмақ;

  • Өңірдің өндірістік және ауыл шаруашылығы әлеуетін таныстыратын көрме ұйымдастырылды;

  • Қонақтар облыс әкімімен бірге көрмені аралады.

Форумның басты мақсаты – туған жерге инвестиция тарту арқылы Абай өңірінің дамуына серпін беру.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС