"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

27.06.2025
Абай облысында мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Бүгін Семейде Абай облыстық мәслихатының кезекті, жиырма сегізінші сессиясы өтіп, күн тәртібіндегі бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Сессияда облыс әкімі Берік Уәли депутаттар алдында есеп беріп, өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы баяндады.

Аймақ басшысы 2024 жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім 4,3% өсіммен 3,2 трлн теңгеге жеткенін айтты. Өңірде жылумен және ауыз сумен қамту, жолдарды жөндеу, мектептер мен медициналық нысандар салу бағытында кешенді жұмыстар жүріп жатқаны атап өтілді.

Берік Уәли облысты басқаруға кіріскен уақыттан бастап барлық аудан мен қалаға, шалғай ауылдарға іссапармен барғанын айтты. Шар, Баршатас, Таскескен, Жаңа Шүлбі, Қайнар ауылдарында халықпен жүздесіп, жергілікті мәселелерді талдағанын жеткізді.

Инфрақұрылым және әлеуметтік сала

Семей, Курчатов, Аягөз қалалары мен Жарма ауданындағы Шуақ ауылында жылу желілері мен қазандықтарды жөндеуге 3,4 млрд теңге бөлінді. Ауыз су жобаларына 6,4 млрд теңге қарастырылып, 28 мыңнан астам адам таза сумен қамтамасыз етілмек.

«Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 3 мектеп пайдалануға берілді. Биыл 11 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі. Суықбұлақ пен Екпін ауылдарында жаңа мектептер салына бастады. Семейдегі апатты мектептер мәселесі де күн тәртібінде.

Медициналық инфрақұрылым бойынша Семейде жаңа облыстық аурухананың құрылысы басталды. Аягөзде көпсалалы аурухананың реанимация бөлімі ашылды.

Инвестициялық жобалар

Өңірде жалпы құны 2,7 трлн теңге болатын 38 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобалар 8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға бағытталған. Осы сұранысқа байланысты «Өндіріс» индустриялық аймағының аумағы 96 гектардан 600 гектарға дейін ұлғайтылады.

Көпірлер мен жолдар

Семейдегі аспалы көпірдің бір бөлігіндегі жөндеу аяқталып, жол белгілері орнатылған соң пайдалануға берілмек. Ескі көпір құрылысының аяқталуына қатысты қаржылық мәселе министрлікпен пысықталуда.

Бюджет және ұсыныстар

Сессия барысында облыстық бюджеттің 2024 жылғы атқарылуы туралы есеп бекітіліп, бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізілді. Депутаттар білім беру, әлеуметтік сала және жол инфрақұрылымына қатысты сауалдар жолдады.

Облыс әкімі Президент тапсырмаларын жүзеге асыруда халық пен депутаттардың қолдауы аса маңызды екенін атап өтіп, алдағы міндеттер кезең-кезеңімен атқарылатынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС