"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

30.06.2025
Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Мақаншы ауданына жұмыс сапары кезінде Алакөл туристік аймағын дамытуға арналған Бас жоспар тұжырымдамасымен танысты. Бұл құжат Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленіп отыр.

Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Әнуар Бейсеновтің айтуынша, қазіргі таңда көл жағасында 300 гектарға жуық жағажай аймағы бар. Жаңа Бас жоспар аясында бұл аумақты ұлғайтып, сол жағалауды дамыту көзделуде. Себебі зерттеу нәтижесінде оң жағалаудың сазды жерде орналасқаны анықталған.

Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

Бас жоспарды әзірлеу барысында Түркия мен Мысырдың жағажай инфрақұрылымын дамыту тәжірибесі негізге алынбақ. Жаңа стандарттар бойынша су жиегінен 100 метр қашықтықта тек құм жабыны болуы керек.

Облыс әкімі инфрақұрылымды әлемдік деңгейде дамыту қажеттігін атап өтті:
– Алакөлге келетін туристердің саны жылдан жылға артып келеді. Сондықтан жағажай аумағын кеңейтіп, туристер үшін барынша қолайлы жағдай жасауымыз қажет, – деді аймақ басшысы.

Көл жағалауында «Алакөл жағалауын бекіту» жобасы да таныстырылды. Аталған жобаны бұған дейін Жайық жағалауын бекіту жұмыстарын жүргізген тәжірибелі «ТЕКА Проект» компаниясы әзірлеуде. Құрылыс басқармасы – жобаның тапсырыс берушісі.

Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

Сапар барысында облыс әкімі Қытайдан келген инвесторлармен бірге көл үстінде катерге отырып, бірқатар инвестициялық жобаларды талқылады. «Сан Бао», «Ванджан», «Juding Group» сынды компаниялар халықаралық мейманхана, эко-үйлер, су сарайы, ғарыш базасының сауықтыру кешені және ұлттық мәдениет көрме-сауық орталығы секілді нысандар салуға қызығушылық білдірді.

Инвесторлар алғашқы кезеңде жағажай маңына 100 ағаш үй жеткізіп, бірден орналастыруға дайын екендерін айтты. Аймақ басшысы жобаларды жергілікті компаниялармен бірігіп, концорциум негізінде жүзеге асыруды тапсырды.

– Алакөлдің Бас жоспары негізінде көлдің инфрақұрылымы жүйелі түрде дамытылады. Инвестор тарту жұмыстары жалғасады, – деді Берік Уәли.

Ұқсас жаңалықтар

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

3 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

3 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

3 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

4 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

4 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

4 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС