"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарын кешіктірмеуді тапсырды

01.07.2025
Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарын кешіктірмеуді тапсырды
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында жол жөндеу жұмыстарының барысы жан-жақты талқыланды. Жиында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардағы құрылыс пен жөндеу жұмыстарының кестеден кешігіп жатқандығы айтылды.

Облыстың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асхат Есеев пен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Айбек Әнуарбеков өңірдегі жол инфрақұрылымының қазіргі жай-күйін баяндады. Биыл жергілікті маңызы бар 391 шақырым жол мен елді мекен көшелерін жөндеуге 30,4 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 63,3 шақырым болатын 23 көшеге орташа жөндеу жүргізілуде.

Алайда бірқатар аудандарда жұмыс кестесінен кешігу байқалады. Осыған байланысты облыс әкімі жауапты тұлғалардың — аудан әкімдері мен басқарма өкілдерінің жауапкершілігін қарастыруды тапсырды.

– Аудандарға барғанда ең бірінші көтерілетін мәселе – жол. Халықпен кездескенде де, әлеуметтік желідегі пікірлерде де осы мәселе жиі айтылады. Жол сапасы – күн тәртібінен түспейтін тақырып. Әр әкім өз аумағындағы жолды жеке бақылауға алуы тиіс, – деді Берік Уәли.

Сондай-ақ жиында «Талдықорған–Қалбатау–Өскемен» және «Омбы–Майқапшағай» бағыттарындағы автожолдарды қайта жаңғырту жұмыстарының барысы айтылды. Биыл облыс аумағындағы «Семей–Қайнар», «Қарағанды–Аягөз–Тарбағатай–Боғас», «Өскемен–Семей», «Таскескен–Бақты» бағыттарында 250 шақырым жолға асфальт төселмек.

Жиында медициналық сақтандыру жүйесінің жүзеге асырылу барысы да сөз болды. Облыс тұрғындарының 83 пайыздан астамы сақтандырылған. Жыл басынан бері тұрғындармен 100-ден астам түсіндіру кездесуі, 4000-нан астам жеке кеңес ұйымдастырылған. Облыс әкімі бұл жұмыстарды күшейту қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар аймақ басшысы балалардың қауіпсіздігіне қатысты да нақты тапсырма беріп, жергілікті әкімдіктер мен құқық қорғау органдарына ата-аналармен тығыз жұмыс істеуді жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

12.05.2026
Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалық-сметалық...

Толығырақ...Details

Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті

06.05.2026
Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті

Бүгін Семейдегі Абай атындағы театрда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Елім деп...

Толығырақ...Details

Аягөзде 31 отбасы жаңа пәтерге ие болды

30.04.2026
Аягөзде 31 отбасы жаңа пәтерге ие болды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында аудан орталығында өткен баспана кілттерін табыстау рәсіміне қатысты....

Толығырақ...Details

Жарма ауданындағы киелі бұлақ маңы тазартылып, көшет отырғызылды

26.04.2026
Жарма ауданындағы киелі бұлақ маңы тазартылып, көшет отырғызылды

Semeytany.kz – Жарма ауданының Ортабұлақ ауылында «Таза Қазақстан» бағдарламасының «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында экологиялық шара өтті. Тазалық жұмыстары жергілікті халық...

Толығырақ...Details

Семейде 200-ден астам ағаш отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары басталды

26.04.2026
Семейде 200-ден астам ағаш отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары басталды

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Семей қаласында ауқымды ағаш отырғызу шарасы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан телекөпірден кейін өңір басшысы Берік...

Толығырақ...Details

Абай облысы Қытаймен шекаралық жобаларды күшейтпек

21.04.2026
Абай облысы Қытаймен шекаралық жобаларды күшейтпек

Semeytany.kz – Абай облысы мен Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесіне қарасты Тарбағатай округі арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері онлайн форматта өткен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» өтті

2 дня бұрын

Абай облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ ашылады

2 дня бұрын

Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

2 дня бұрын

Президент мәдениет және өнер саласы мамандарына алғыс білдірді

2 дня бұрын

Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

3 дня бұрын

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

3 дня бұрын

“AMANAT” партиясымен қолдауымен ашылған амбулаториялық пункт ел игілігіне қызмет етуде

3 дня бұрын

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

4 дня бұрын

Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

4 дня бұрын

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС