"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімі Семейдегі Қарттар үйі мен психоневрологиялық орталықтың жағдайымен танысты

04.07.2025
Облыс әкімі Семейдегі Қарттар үйі мен психоневрологиялық орталықтың жағдайымен танысты
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әлеуметтік

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын аралап, олардың бүгінгі жай-күйі мен өзекті мәселелерімен танысты. Аймақ басшысы алдымен №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына – Қарттар үйіне барды.

1985 жылы салынған ғимарат 155 адамға арналған. Қазіргі таңда мұнда 152 тұрғынға қызмет көрсетіліп отыр. Олардың 87-сі – егде жастағы азаматтар, ал 65-і – мүгедектігі бар жандар. Мекемеде 5 бөлімше, 11 арнайы кабинет бар, қауіпсіздік үшін 113 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбектің айтуынша, Қарттар үйі аумағын абаттандыру, бөлмелерге ағымдағы жөндеу жүргізу, жиһаз бен есіктерді жаңарту, желдеткіштер мен терезелерді ауыстыру мәселелері шешімін күтуде.

Қарттармен жүздескен Берік Уәли мекемеде тұрып жатқан азаматтардың әрқайсысының тағдыры бөлек екенін атап өтті.

– Қарттар үйі дегенде ел арасында түсініспеушілік көп. Мұнда тек бала-шағасы тастап кеткендер ғана емес, жалғызбасты, паналар жері жоқ азаматтар да бар. Соңғы уақытта мұнда ер адамдардың саны артқан. Мемлекет міндеттемелерін толық орындап отыр. Әкімдік тарапынан қосымша көмек көрсетіледі, – деді облыс әкімі.

Берік Уәли сондай-ақ №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына да барды. Бұл мекеме 18 жастан асқан психоневрологиялық диагнозы бар азаматтарға қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда орталықта 399 адам тұрып жатыр, оларға 190 қызметкер қызмет етеді.

Орталықтың екі ғимараты бар: біреуі 1964, екіншісі 1970 жылы салынған. 2023 жылы алғашқы корпусқа ағымдағы жөндеу жасалса, соңғы күрделі жөндеу 2014 жылы жүргізілген.

Мекеме басшысы Айдынбек Нұрдыбаев мекемедегі өзекті мәселелерді тізіп өтті. Атап айтқанда, санитарлық көлік тозған, инватакси қарастырылмаған, бақылау-өткізу бекеті мен кездесу бөлмесі жоқ. Сонымен қатар, ғимараттардың қасбетін жаңарту және тұрғындардың бөлмелерін жөндеу қажет.

Берік Уәли бұл мәселелердің назарда екенін айтты. Оның мәлімдеуінше, орталыққа жөндеу жүргізу үшін облыстық бюджеттен 141 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ прокуратура органдары мемлекет меншігіне қайтарған активтер есебінен мекеме аумағында 100 орындық жаңа ғимарат салынып жатыр.

– Үш жүз адамға арналған орталықта бүгінгі таңда 400 адам тұрып жатыр. Жаңа ғимарат бұл жүктемені жеңілдетеді. Әлеуметтік мекемелер заман талабына сай қызмет көрсетуі тиіс. Екі орталықтың жағдайы жеке бақылауымда болады, – деді облыс әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС