"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Үкімет Абай облысына жан-жақты қолдау көрсетпек

15.07.2025
Үкімет Абай облысына жан-жақты қолдау көрсетпек
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің негізгі көрсеткіштері мен алдағы жоспарлары туралы баяндама жасады.

Әкімнің айтуынша, облыстың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 103,7 пайызға жетіп, межеленген 103,6 пайыздық жоспардан асып түскен. Көлік, құрылыс, байланыс, ішкі сауда, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында өсім тіркеліп отыр.

Облыста жалпы құны 31,1 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі — құны 1 млрд теңге болатын «Eastern Gold» алтын өндіру фабрикасы іске қосылған. Бұған қоса, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға 2,7 трлн теңгелік 38 жоба тіркеліп, нәтижесінде 8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылмақ.

Семейдегі «Өндіріс» индустриялық аймағында 4 жоба жүзеге асырылуда. Аймақтың 80 пайызы игерілген, енді оны 600 гектарға дейін кеңейту жоспары бар.

Ауыл шаруашылығы саласында суармалы жерлер көлемі арттырылып жатыр. Қазіргі 113,4 мың гектар алқапты 2028 жылға дейін 214,4 мың гектарға дейін жеткізу көзделген. Бұл үшін 6 жаңа су қоймасы салынып, Ертіс өзенінің мүмкіндігі кеңінен пайдаланылмақ.

Семейде 75 мың адамға арналған жаңа әкімшілік-іскерлік орталық бой көтереді. Мың гектар аумақты қамтитын бұл жобада 40-тан астам әлеуметтік, коммерциялық және әкімшілік нысан қарастырылған.

Алакөл туристік аймағын дамыту мақсатында арнайы бас жоспар әзірленіп жатыр. Онда демалушылар санын 15 мыңнан 90 мыңға дейін ұлғайту және жағалауды 4 шақырымнан 19 шақырымға дейін ұзарту қарастырылған.

Маусым айында өткен «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумында 15 меморандумға, ал Қытаймен 1,5 млрд АҚШ долларынан асатын 20 келісімге қол қойылған. Бұл халықаралық ынтымақтастықты арттырып, жаңа жобаларға жол ашуы тиіс.

— Облыс әкімдігі экономикалық өсімді сақтауға күш салады. Міндеттерді уақытылы орындаймыз, — деді Берік Уәли Үкімет отырысында.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет мүшелеріне Абай облысына қолдау көрсетуді тапсырды.

— Абай облысы — жаңадан құрылған өңір. Республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы жеткіліксіз. Сондықтан бұл мәселені ескеріп, қаржыландыру көлемін арттыру керек, — деді Үкімет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС