"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Президент Тоқаев: «Құрлық арқылы байланыс орнату – болашақтың жолы»

05.08.2025
Президент Тоқаев: «Құрлық арқылы байланыс орнату – болашақтың жолы»
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өткен Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның үшінші конференциясында сөз сөйледі.

Президент өз сөзінде мұндай маңызды жиынды өткізуге бастамашы болғаны үшін Түрікменстан басшысына және бұл бастаманы қолдағаны үшін БҰҰ Бас хатшысына алғыс білдірді. Сондай-ақ Қазақстанның теңізге шығар жолы жоқ мемлекеттерге арналған алғашқы конференцияны өткізу арқылы бұл үдеріске бастан-аяқ белсенді қатысып келе жатқанын еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде бұл топқа кіретін 32 елде жарты миллиардтан астам адам тұратынын, олардың көбінде қаржы, технология және нарыққа жол табуда айтарлықтай қиындықтар бар екенін атап өтті. Әсіресе көлік қатынасының шектеулері транзит пен сауда шығындарын арттырып, геосаяси сын-қатерлерге осал етеді. Дегенмен Президент теңізге шығар жолы жоқ елдерді әлемдік шешімдерге атсалысатын, тең құқылы серіктес ретінде қарау қажеттігін айтты.

Қазақстан Президенті Авазада қабылданатын жаңа іс-қимыл бағдарламасын толық қолдайтынын айтып, көлік, энергетика және цифрлы инфрақұрылым салаларына жаңа инвестициялық тетіктер қажет екенін жеткізді.

Президент климаттың өзгеру мәселесіне де ерекше тоқталып, өңір елдерін бұл бағытта бірлесіп әрекет етуге, ал келер жылы сәуірде Астанада өтетін БҰҰ-мен бірлескен өңірлік экологиялық саммитке шақырды.

Қазақстан Орта дәліз және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттарындағы көлік желісін дамытып, Еуразиядағы транзиттік хабқа айналуды көздеп отыр. Сонымен қатар, Астана қаласында жаңадан ашылған Alem.AI жасанды интеллект орталығы мен іске қосылған суперкомпьютер арқылы цифрлық серпін берілмек.

– Қазір теңізге шығар жолымыз болмағанымен, келешекте амалын табамыз. География – шектеу емес, ынтымақтастық пен даму – басты басымдық, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстан БҰҰ-мен бірге Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық ашу жөнінде келісімге қол қойған. Бұл бастама – Аваза бағдарламасымен үндес.

Сөзінің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің халықаралық серіктестіктен шет қалмауы керектігін баса айтты.

Мақалада: АвазаБҰҰ конференциясытеңізге шығар жолы жоқ елдерТоқаевтранзит хабы

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС