"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ

06.02.2015

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 26-28 аралығында Семей өңірінде кең көлемде «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы өткізілді. Аймақ көлемінде орын алып отырған мал ұрлығы қылмыстарының жолын кесіп, ізін ашу және алдын алу шараның негізгі мақсаты болды. Жақында тәртіп сақшылары операцияның қорытындысын шығарды.

{jcomments on}Үш күнге жалғасқан жедел алдын алу шарасына орай арнайы жұмыс тобы құрылып, ішкі істер органдарының барлық бөлімері мен қызметтерінің жеке құрамы жұмылдырылған.  Жедел алдын алу шарасы барысында полицейлер ет және мал тасымалымен айналысқан автокөліктерді, ет сататын орындарды тексерген. Нәтижесінде Семей қалалық Ішкі істер басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жергілікті халыққа 5 миллион теңге көлемінде шығын келтіріп, мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады. Абыралы өңірінің 48 және 50 жастағы тұрғындары алдын ала сөз байласып, бір жылдан бері халықтың адал еңбегін қолды қылыпты.

 

— Бүгінгі күні олардың 20 бас жылқы мен сиыр малын бас пайдалары үшін барымталып кеткені анықталып отыр. Алайда басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы алдағы уақытта анықталмақ. Ұрланған малды барымташылар сыбайластары арқылы көршілес Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында саудалағаны анықталып отыр. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің мал ұрлығы бабы   бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, — дейді Семей қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Асқар Тыканов.

 

Полицейлердің айтуынша, «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы барысында өткен жылдары жасалған қылмыстар да ашылған. Оның үстіне қылмыскерлер көп жағдайда қараусыз жүрген малдарды айдап әкетіп отырыпты. Аталған қылмыс та осындай жолмен жасалған.

— Шаруалар малдарын еш қараусыз өріске бірнеше күн жібере салған. Оның үстіне тұрғындар жоғалған малды бірден іздемейді. Араға бірнеше күн салып барып қана полицейлерге жүгінеді. Сондықтан шаруалар мал бағатын адам жалдап, болмаса әрбір малға GPS трекер орнату арқылы ұрылардан қорғау керек. Аталмыш құрылғыларды Қарағанды мен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары қолданысқа енгізген. Оның құнын әрбір шаруа қалтасы көтере алады және нәтижесі жаман емес, — дейді криминалдық полиция өкілі.

Тәртіп сақшылары ұрлықтың алдын алу үшiн тұрғындарға малдарын қараусыз жібермей, күзетті күшейту керектігін және жергілікті тұрғындар арасында сенімді адамға немесе бақташыға тапсыруын  сұрайды.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

12 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

12 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

12 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

1 день бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

1 день бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС