"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰСАУКЕСЕР: ҒҰЛАМА ҒҰМЫРЫ САХНАЛАНБАҚ

06.02.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай театрының сахнасында жаңа спектакль қойылады. Драманың бас кейіпкері – қазақтан шыққан тұңғыш этнограф, фольклортанушы, саяхатшы және ағартушы Шоқан Уәлиханов. Қойылым Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Ассамблеясы жылына, ғалымның дүниеге келгеніне 180 жыл толуына орайластырылып отыр.

{jcomments on}- Жеке өзім үшін бұл спектакльдің сахналануына жетекшілік ету, «Манас» эпосын зерттеп, әлем назарын аудартқаны үшін, қыр-ғыз халқының атынан Шоқан Уәлихановтың рухына тағзым жасаудың бір түрі,- деді қойылым туралы берген сұхбатында қырғыз елінен келген режиссер Шамиль Джапаров. Драмада қазақ халқының ұлы перзентінің өмірінің ең соңғы түні көрсетілмек. Тіпті, демі үзілер алдындағы бірнеше минут. Осы арқылы басты қаһарманның ғұмырында бастан кешкен оқиғалары, тағдырында із қалдырған қилы кезеңдер көрініс таппақ.

 

Дауасыз дертке душар болып, қайта оралмас мәңгілік сапарға аттануға таяу қалған Шоқан туған елінің даласындай дархан жүрегінде сақталған тұлғалар – әкесі Шыңғыс Уәлихановтың, алғашқы махаббаты Жадыраның, досы Достоевскийдің бейнелерімен сырласады. Тартысқа толы тілдесулер – бұл, әлбетте, өз өмірін туған халқына қызмет етуге арнаған, орда бұзар шағында ауыр сыр-қаттың салдарынан о дүниелік болғалы жатқан жігерлі жастың ішкі монологы. Сұхбат барысында қойылымның бас режиссері       Шамиль Джапаров спектакльдің мазмұны жайлы осылай дей келе, сөзін былай деп  жалғастырды:

 

— Белгілі бір деңгейдегі бір ақпараттан басқа, бұл драманы көрген жандар үлкен мәнге ие мағлұмат алады деген ойдамын. Тіпті  көрермендер өздерін осыдан бір жарым ғасырдай уақыт бұрын өмір сүрген бас кейіп-кердің орнына қою мүмкіндігін алады. Жалпы, Шоқанды өз басым үлкен дарын иесі,   әлеуеті зор тұлға, қажырлы қайраткер деп білемін. Туындыларымен танысу барысында мен оның қаншалықты озық ойлы, ғұлама болғанына таңғалдым.  Осы орайда спектакльді қоюдағы тағы бір мақсат – жас ұрпақтың ұлы ағартушының шығармашылығына, халқына сіңірген еңбегіне деген қызығушылығын ояту.

Тұсаукесері ақпан айының сегізі күні өтетін спектакль Абай театрының сахнасында алдағы уақытта маусым бойы көрермен назарына ұсынылмақ. Пьесаның қойылымына Абай театрының актерлері мен Достоевский театрының актерлері бірге қатыстырылады. Қазақ халқының ұлы перзенті Шоқан Уәлихановтың бейнесі суреттелген бір актілі драманың авторы – танымал жерлесіміз, тарих ғылымдарының докторы, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

02.09.2026
Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

Кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамуына қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелер ғана емес, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы да тікелей әсер ететіні...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

01.09.2026
Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

Семейде өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School Semey ашылып, алғашқы қатысушылар оқуын бастады. Іс-шараға Абай облысы цифрлық технологиялар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

4 дня бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

4 дня бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

5 дней бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

6 дней бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

6 дней бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

6 дней бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

1 неделя бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

1 неделя бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС