"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Заманауи білім ордасының мүмкіндігі мол

19.08.2025
Заманауи білім ордасының мүмкіндігі мол
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының Водный кентінде салынған 600 орындық жаңа мектепте Ашық есік күні өтті. Іс-шара «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген білім ордасының заманауи мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жаңа үлгідегі үш қабатты №52 мектеп 2025–2026 оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашады. Бұл — жоба шеңберінде салынған облысымыздағы үшінші, ал Семей қаласындағы екінші білім ошағы. Бұған дейін Қарағайлы шағын ауданында 1200 орындық және Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп пайдалануға берілген болатын.

Ашық есік күніне 100-ден астам ата-ана, 60-қа жуық оқушы, ұстаздар, БАҚ өкілдері және облыстық, қалалық білім бөлімдерінің мамандары қатысты. Қонақтар спорт және акт залы, асхана, хореография залы, бастауыш және арнайы пән кабинеттері, STEM-зертханалар, робототехника кабинеті, коворкинг аймақтары, кітапхана және оқу залымен танысты. Мектеп ауласында футбол, волейбол, баскетбол алаңдары мен жүгіру жолақтары да салынған.

— Бүгін «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған жаңа білім ошағында Ашық есік күні өтуде. Мұнда балалардың сапалы білім алуына толық жағдай жасалған. Енді балалар бөлмелері кең әрі жарық, озық технологиялармен жабдықталған заман талабына сай мектепте білім алады. Бастауыш және орта буын сыныптары жеке блоктарда орналасқан. Бұл оқушылардың өз жастарына сай тыныш әрі ыңғайлы, қауіпсіз ортада білім алуына мүмкіндік береді,- деді мектеп директорының міндетін атқарушы Тілек Сапышев.

Білім ордасында 28 заманауи оқу кабинеті, физика, химия, биология зертханалары, информатика және робототехника кабинеттері, графика және модельдеу бөлмесі, ағаш және металл өңдеу цехтары, аспаздық және тігін шеберханалары орналасады. Оқу процесі үшін 30 интерактивті панель, ноутбуктер, стационарлық компьютерлер және принтерлер орнатылады. Инклюзивті білім беру талаптарына сай ғимарат жеделсаты, пандустар, тактильді жолақтар және арнайы санитарлық тораптармен жабдықталған. Қауіпсіздік үшін бейнебақылау, турникеттер, өрт дабылы, 19 апаттық шығу есігі және 7 баспалдақ қарастырылған.

Ата-аналар мен оқушылар мектептің кең әрі жарық кабинеттерін жоғары бағалап, мұндай Ашық есік күнінің облыста алғаш рет өтіп отырғанын ерекше атап өтті.

— Мен осы Водный кентінің тұрғынымын. Немерелерімді осы заманауи мектепте оқытқым келеді. Кабинеттерді, асхана, спорт залдарын көріп шықтым. Бастауыш сыныптарға бөлек, жоғары сыныптарға бөлек спорт залдары бар. Үлкен немерем каратэмен айналысады. Кіші немерем домбыра үйірмесіне қатысады. Енді осы мектептегі үйірмелерге баратын болды,- дейді ата-ана Үзім Рамазанқызы.

— Мектептегі спорт залдары кең әрі жайлы екен. Бұл әсіресе мен сияқты кәсіби деңгейде спортпен айналысатын оқушылар  үшін үлкен мүмкіндік, енді заманауи спорт залында жаттығатын боламыз, — дейді 8-сынып оқушысы, спорттық гимнастикадан республикалық чемпионаттардың бірнеше дүркін жүлдегері, спорт шеберлігіне үміткер Алгиз Айтмұхаметова.

Жалпы, «Келешек мектептері» жобасы аясында өңірде бес жаңа білім беру нысаны бой көтереді. Аягөз ауданындағы 600 орындық мектеп биыл күзде ашылмақ, ал Семейдің Шығыс кентінде 300 орындық мектептің құрылысы биыл басталады деп жоспарлануда.

Еске сала кетсек,  «Келешек мектептері» жобасы аясында елімізде барлығы 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп салу жоспарланған. Биыл 112 білім ордасы пайдалануға беріледі. Жаңа оқу жылында қосымша 200 мыңнан аса оқушыға заманауи мектепте білім алуға мүмкіндік туады.

Кәмшат СЕРІКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС