"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жолдау-2024: Президенттің экспортты дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі тапсырмалары қалай орындалып жатыр

25.08.2025
Жолдау-2024: Президенттің экспортты дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі тапсырмалары қалай орындалып жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында сауда саласын дамыту және еліміздің экспорттық әлеуетін күшейту мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде аталды. Президент отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайту, шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру, шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасау сияқты нақты міндеттер қойды. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін бизнесті жүргізудің ашық қағидаларын әзірлеп, ішкі сауданы дамытуда және отандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуына қажетті инфрақұрылым қалыптастырады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қабылданған шаралар кешенінің нәтижесінде сала тұрақты өсуді көрсетіп отыр: 2025 жылғы қаңтар–шілде айларында сауда көлемі 8,6%-ға, ал инвестиция көлемі І жартыжылдықта 37%-ға өсіп, 438 млрд теңгеге жетті.

«Сауда саласында 800 мыңнан астам бизнес субъектісі айналысып, 1,5 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. “Айтылды-жасалды» қағидаты бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмалары белсенді түрде жүзеге асырылуда», — деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Нарықты қорғау және қазақстандық тауарларды ілгерілету

Үкімет ішкі нарықты қорғауға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған реттеуші шараларды әзірледі. 2025 жылдың мамыр айында тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілді. Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалады онда өндірушілер туралы нақты деректер жинақталып, оларға мемлекеттік қолдау шараларына, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Сауданы ынталандыру және дүкен сөрелеріндегі отандық тауарлар үлесін арттыру мақсатында қазақстандық өндірушілер өнімдері үшін кемінде 50% сөрелік кеңістікті көздейтін бағдарлама іске қосылды.

Сонымен қатар сапасыз әрі қауіпті өнімдердің ішкі нарыққа енуіне шектеу қою бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Барлық бақылаушы органдардың қатысуымен Ахуалдық штаб тиімді жұмыс атқаруда. 47 мыңнан астам көлік тексерілді, тауарлық салмақта бұл 600 мың тоннадан астам мал шаруашылығы өнімдері. Оның ішінде 900-ден астам автокөлік кері қайтарылды, 1 мыңнан астам сәйкестікті растау құжаттарының күші жойылды», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Экспорттаушыларды қолдау және өнімді шетелде ілгерілету

Президенттің тапсырмасы бойынша шикізаттық емес экспортты әртараптандыру және арттыру мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша қаражат құралдарының толық спектрін ұсынатын Экспорттық-кредиттік агенттік құрылды.

Биылғы 7 айда көрсетілген қаржылай қолдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 200 млрд теңгеге артып, 394 млрд теңгені құрады. Қолдау көрсетілетін барлық жобалардың 71%-ын құрайтын шағын және орта бизнеске ерекше назар аударылуда. Бұл ретте орташа және жоғары қайта бөлу өнімдерінің үлесі 83%-ға жетіп отыр.

Қазақстандық тауарларды сыртқы нарықта ілгерілетуді күшейту үшін халықаралық инфрақұрылым қалыптастырылуда. Қытай провинцияларында серіктестік кеңселер, өкілдіктер және ұлттық павильондар іске қосылуда, соның ішінде ондай нысандар Чэнду, Үрімші, Нанкин және Шандун провинцияларында бар. Өзбекстанда «Термез» халықаралық сауда орталығының аумағында қазақстандық өнімдердің сауда павильоны жұмыс істеп тұр. Экспортты ілгерілету бойынша жұмыс БАӘ, Түркия, Үндістан, Иран және Қытайда қарқынды жүргізілуде

Оған қосымша алдағы уақытта экспортқа шығуымыз керек елдерде сауда-экономикалық миссиялар өткізілуде, қазақстандық тауарларды халықаралық электрондық алаңдарда ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізілуде, мысалы олардың арасында jd.com, Doiyin, Alibaba сияқты сауда-саттық алаңдары бар.

Ашық және бәсекелес биржа нарығына арналған жаңа ережелер

Президент тапсырмаларын орындау үшін 2024 жылғы желтоқсанда нарықтың ашық жұмыс істеу ережелерін орнату үшін бәсекелестік ортаны дамытуға бағытталған Биржалық сауда туралы заң қабылданды.

«Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауар» ұғымы заңнамалық түрде енгізілді, ол энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шешуші маңызға ие. Бұл алыпсатарлықты жойып, бағаны ашық белгілеуге және отандық нарықты осы тауарлармен тұрақты қамтамасыз етуге кепілдік береді», — деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар тауарлармен сауданы жүзеге асыруға уәкілетті биржаларды конкурстық іріктеу тетігі енгізілді. Бұл аффилиирленген құрылымдардың құрылуын болдырмайды және қатысушылардың сауда алаңдарына тең қол жеткізе алуына кепілдік береді.

Әлеуметтік аз қамтылған санаттағы азаматтарға көмек көрсетудің жаңа тетіктері

Президенттің азаматтардың әлеуметтік аз қамтылған санаттарына тиімді атаулы қолдауды қамтамасыз ете отырып, тікелей бағаны реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту туралы тапсырмасын орындау үшін 2024 жылғы сәуірде бизнесті жүргізуді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Осы өзгерістерге сәйкес біз әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тікелей реттеуден бас тартамыз және атаулы әлеуметтік көмекке көшеміз. Сауда үстемесінің 15%-ы бақылауды күшейту пайдасына әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті бағаларды енгізу тетігі алынып тасталады», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Дайындық кезеңінде атаулы көмек тетігін тестілеуге бағытталған «Цифрлық азық-түлік ваучері» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Оның шеңберінде алушыларға әлеуметтік маңызы бар тауарларды сауда үстемесінсіз сатып алу бағасымен сатып алуға мүмкіндік беретін азық-түлік ваучерлері ұсынылады, бұл көмекті мақсатты және әділ бөлуді қамтамасыз етеді.

«Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары ерекше бақылауда. Әрбір іс-шараны жүзеге асыру жоспарлы режимде жүріп жатыр, міндеттер сапалы және белгіленген мерзімде орындалатын болады», — деп атап өтті сауда және интеграция министрі.

Сауда мен шикізаттық емес экспортты дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені Президенттің тапсырмаларын орындауға жүйелі және дәйекті көзқарасты көрсетеді.

Үкіметтік шаралар экономикалық өсу үшін тұрақты негіз құруға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және Қазақстанның халықаралық сауда тізбектеріне интеграциялануына бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

3 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

3 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

3 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС