"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БЕС БАЛАБАҚША БАЛҒЫНДАР ҮШІН

14.02.2015

Қалалық әкімдікте ШҚО білім саласының концессиялық жобалары, атап айтқанда, шаһарда бой көтеретін балабақшалар мәселесі қаралды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева және облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Лариса Глазовская, «Мемлекеттік-меншіктік әріптестіктің аймақтық орталығы» АҚ төрайымы Әлия Масакова және кәсіпкерлер қатысты.

{jcomments on}Мамандардың сөзіне сүйенсек, бүгінгі таңда қалада 33 мектепке дейінгі мекеме, 50 шағын орталық бар болса, жасқа толмаған сәбилер мен үш жас аралығындағы 12 мыңға жуық бүлдіршін балабақшаға кезекте тұрған көрінеді.

— Өткен жылы қаламызда 252 орынға арналған 4 жекеменшік балабақша, 75 орынға арнал-ған шағын орталық ашылды. Тағы 14 мектепке дейінгі мекемеге 1782 орынға мемлекеттік тапсырыс бердік. Мектепке дейінгі мекемелердің тапшылығы, бір жағынан, мемлекет меншігіндегі балабақша ғимараттарының жоқтығымен, екіншіден, жыл санап бала санының артуымен байланысты, — деді Зәуреш Исабаева.

 

Мәселені шешу үшін биыл мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 5 балабақша салынбақ. Балабақшалар құрылысы 2 млрд. 639 млн. теңгеге жоспарланып отыр. Қаржыландыру көзіне келсек, құрылыс кезеңінде инвестор 10% өз қаражатын құйса, қалған 90 пайызды заемдік қаржы ретінде мемлекеттен ала алады екен.

 

— Семей қаласында 1290    орынға арналған 5 балабақша салу көздеуде. Құрылыс кезеңі 10 айға жоспарланып отыр. Құны  2 млрд. 639 млн. теңгені құрайды, — деді Әлия Масакова.

Жоспар бойынша Жангелдин көшесінде 320 орындық, Энергетик ықшам ауданында 280 орындық, Глинка көшесінде 140 орындық, Дачная көшесінде 320 орындық және Рудная көшесінде 230 орындық балабақша бой көтермек. Балабақша орындарымен қатар, құрылыс жоспарлары және құрылысты өз жауапкершілігіне алатын мердігерлердің міндеттері мен мүмкіндіктері жиын барысында кеңінен талқыланды. Сонымен қатар  жиын барысында концессиялық әдістің тиімділігі мен ұтымды тұстары да сөз болды. Кәсіпкерлер өз кезектерінде облыстан келген мамандарға сауалдарын жолдап, тиісті жауаптар қайтарылды.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

14 часов бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

14 часов бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

14 часов бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

18 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

1 день бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

1 день бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

1 день бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

1 день бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС