"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында 18,9 мың жұмыс орны ашылды, бірақ бірқатар аудан жоспардан қалыс

23.09.2025
Абай облысында 18,9 мың жұмыс орны ашылды, бірақ бірқатар аудан жоспардан қалыс
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларындағы жұмыспен қамтудың кешенді жоспарының орындалуы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және бюджеттің игерілуі қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары мен өңірлік департамент жетекшілері қатысып, қала және аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қосылды.

Өңірлік жұмыспен қамту картасының іске асырылуы туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбек баяндады. 15 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста 18 904 жұмыс орны құрылған: оның 10 713-і тұрақты, 8 191-і уақытша. Инфрақұрылымдық жобалар аясында 1 277 жұмыс орны ашылды, еңбек шарттарының 91,9 пайызы электронды түрде рәсімделген. «Жайлы мектеп», ауылдық аумақтарды дамыту және облыстың даму жоспары шеңберінде де жаңа жұмыс орындары қалыптасты.

Мемлекет басшысының әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жаңадан іске қосылған кәсіпорындарда 6 мыңнан астам адам жұмысқа тұрды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 7 198 азамат орналастырылып, жоспар 108,5 пайызға орындалды. Бөлінген қаржының нысаналы жұмсалуын бақылау үшін өңірде арнайы жұмыс топтары құрылған.

Кеңесте Семей қаласы, сондай-ақ Аягөз, Ақсуат, Көкпекті және Жарма аудандарында жұмыс орындарын құру жоспарының тиісті деңгейде орындалмай отырғаны атап өтілді. Аймақ басшысы әкімдерге жобаларды уақытылы іске асырып, жаңа жұмыс орындарын ашуды, жұмыспен қамтылған азаматтардың зейнетақы жарналарын уақтылы төлеу мен еңбек келісімшарттарын рәсімдеуді қатаң бақылауды тапсырды. «Қаралған мәселе облыс халқының әл-ауқатын және өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталғанын басты назарда ұстау қажет», – деді Берік Уәли.

Экономика және бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ Қаржы басқармаларының мәліметінше, 2025 жылдың сегіз айында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 102,8 пайызды құрады. Экономикалық өсімді айқындайтын 9 көрсеткіштің алтауы бойынша оң динамика бар. Жыл басынан бері өңірге 275,7 млрд теңге инвестиция тартылған. Тұрғын үйді пайдалануға беру, өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, инвестиция тарту бағыттарындағы көрсеткіштерді көтеру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Қорытындылай келе, облыс әкімі қала-аудан әкімдеріне бюджеттің кіріс жоспарын толық орындауды, бағдарламалар бойынша қаралған қаржыны тиімді игеруді және инвесторлармен жұмысты күшейтуді міндеттеді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС