"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙЛІК МАЙДАНГЕР ӘЖЕЛЕР

06.03.2015
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Халықтың басына күн туып, ел іргесіне жау шапқан сұрапыл соғыста ерлермен бірге нәзік жандылар да қолдарына қару алып, жауға қарай беттеді. Жеңісті жақындатуға қасық қандары қалғанша үлес қосқан, отансүйгіштіктерімен ерекшеленген майдангер әжелеріміздің ерлігі әлі күнге дейін халықтың жадынан өшкен жоқ. Сол кездері қаһарман қыздар атанған ержүрек апаларымыздың жиырма үші бүгінгі таңда Семей өңірінде ғұмыр кешуде. Бірі әкесінің, бірі ағасының, бірі жарының соңынан соғысқа өз еркімен аттанып, ерліктің ерен үлгісін көрсете білген. Өнегелі өмір иелері жайлы қыс—қаша ақпаратты назарларыңызға ұсынбақпыз.

{jcomments on}Батыщикова Валентина Тихоновна. 1927 жылдың 27 маусымында Красноярскінің Курагино ауылында дүниеге келген. Соғыс ардагері. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған. Соғыс аяқталған соң, денсаулық сақтау саласында қызмет атқарған.

Ванеева Таисия Васильевна. 1923 жылдың 14 қарашасында туылған. Соғыс ардагері. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған. Герасимова Таисия Варфоломеевна. 1922 жылдың 25 мамырында Новосібір облысының Мосты ауылында туған. Соғыс ардагері. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Горбачева (Кузнецова) Надежда Анисимовна. 1923 жылдың 1 қазанында бұрынғы Семей облысының Ескі Шүлбі ауылында туған. Соғыс ардагері. Майданда 1942 жылдан бастап болған. Шені — кіші сержант. ІІІ Украина майданында 1423- арнайы байланыс бөлімінде аға радиотелеграфшы болып қызмет еткен. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Денисова Раиса Александровна. 1926 жылдың 8 мамырында Калужск облысының Логино ауылында туған. Соғыс ардагері. 1943-1947 жылдары әскер қатарында болған.    Ленинград және Сталинград майдандарында әскери әуе күшінің құрамында ерлік көр-сеткен. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен,  Жуков медалімен, «Сталин-градты азат еткендігі үшін» және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Дронова Александра Григорьевна. 1927 жылдың 1 тамызында туған. Соғыс және еңбек ардагері. 1943-1945 жылдары Батыс және Шығыс майдандарында әскер қатарында болған.

«Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Астанаға 10 жыл» және  мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Соғыстан кейінгі жылдарда сүт зауытында еңбек етіп, сол жерден құрметті демалысқа шыққан. Қазіргі таңда Шүлбі кентінің тұрғыны.

Кораблева Валентина Михайловна. 1926 жылдың 25 желтоқсанында Челябинскіде туған. Соғыс ардагері. 1944 жылдан бастап әскер қатарында,  арнайы батальонның аэродромдық 171-ші қызмет бөлімінде  болған.  ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Котлярова Зоя Семеновна. 1924 жылы 10 наурызда бұрынғы Семей облысының Камышенка ауылында туылған. Соғыс және еңбек ардагері. 1942 жылдың мамыр айынан бастап Қиыр Шығыс майданы мен  Кореяда әскери әуе күштерінің қатарында болған.

І және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен,  «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

Краснянская Екатерина Семеновна. 1928 жылдың 8 қарашасында туған. Соғыс ардагері. «Ленинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған.

 

Соғыстан кейінгі жылдары денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, № 2 қалалық балалар ауруханасынан зейнетке кеткен.

Лось Мария Семеновна. 1924 жылы 27 қарашада Алтай өлкесінің Павловка ауылында туған. Соғыс ардагері. 1941-1943 жылдары II Беларусь майданында медицина қызметінің старшинасы болған. Өзімен бірге өз еркімен соғысқа аттанған екі ағасы майданнан оралмаған.

Мартынова Василиса Кирилловна. 1927 жылы 23 тамызда Қырғыз ССР-нің Фрунзе қаласында туған.  Соғыс ардагері. 1944 жылы медбике курсына оқуға түсіп, өз еркімен майданға аттанған. «Ерлігі үшін» медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Соғыстан соң еліне қайтып, кейіннен Мәскеуде геологтар экспедициясы құрамында болып, 1996 жылы Семей қаласына қоныс аударған.

Мачулина Зоя Ильинична. 1925 жылдың 28 мамырында Алтай өлкесінің Шубинка ауылында туған. Соғыс ардагері. Майданда 1943-1945 жылдары болған.

«Германияны жеңгені үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған.

Мирных Таисия Константиновна. 1926 жылы 12 маусымда туылған. Соғыс ардагері. 1941 жылдан бастап майданда болған.

Шұлық фабрикасында қызмет етіп, құрметті демалысқа шыққан.

Миронова  Мария Константиновна. 1923 жылы 23 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген. Соғыс ардагері.                     ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

ПОШ фабрикасында қызмет етіп, құрметті демалысқа шыққан.

Митрофанова Елена Иосифовна. 1923 жылы 17 наурызда туған. Соғыс және еңбек ардагері. 1942 жылдың мамырынан 1945 жылға дейін І және ІІ Беларусь майданында радиоротаның 102 — байланыс полкінде сержант шенді радиотелеграф болған.

ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Никитина Евгения Васильевна. 1923 жылы 23 наурызда туған. Соғыс және еңбек ардагері. 1942 жылдың мамырынан 1945 жылға дейін Балтық теңізі майданында болған.

ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Соғыстан соң Ригада, 1965 жылдан Семей қаласында авиакәсіпорында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан.   Ардагерлер ұйымдарының жұмысына белсене араласады.

Плотникова Валентина Александровна. 1925 жылдың 8 қаңтарында Ленинград облысының Фан кентінде туған. 1942 жылдың маусымынан 13-ші  Домбровск  атқыштар дивизиясы штабының әкімшілік-шаруашылық бөлімінде болған, гвардия ефрейторы. «Ленинградты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Страмилова Наталья Ивановна. 1925 жылдың 26 желтоқсанында туған. 1943-1945 жылдары Қиыр Шығыс майданындағы алғашқы медициналық көмек көрсету батальонының дивизиясында болған. «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. «Қазақкабель» кәсіпорынынан зейнетке шыққан.

Трухина Клавдия Петровна. 1923 жылдың 13 қарашасында бұрынғы Павлодар облысы, Бесқарағай ауданының Долонь ауылында туған. Соғыс және еңбек ардагері. Соғыс басталған кезде, алты айлық медбикелер курсын аяқтап, 1942 жылы Семей қалалық госпитальдың оңалту хирургиясы бөлімінде ота медбикесі қызметін атқарған.  Бірнеше рет майданға баруға өтініш білдіріп, 1943 жылдың қыркүйегінен бастап ІІІ және І Беларусь майданында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету батальонында болған. Ұрыс барысында ауыр жарақат ал-ған. № 380 госпитальда медбике болған, 1945 жылы мамырда Кенигсбергте соғысты аяқтаған. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Кенигсбергті алғаны үшін» медалімен және Белоруссия президентінің Алғыс хатымен, мерекелік медальдармен марапатталған.

Соғыстан кейін Семей қалалық госпитальдың оңалту хирургиясы бөлімінде еңбек етіп, ол жабылған соң, 1953 жылы қалалық орталық ауруханада, кейіннен атауы өзгерген алғашқы медициналық көмек ауруханасында қызмет еткен. 48 жасқа дейін абыройлы еңбек етіп, 1991 жылы зейнетке шыққан.  Қазақ КСР-нің «Ден-саулық саласының үздігі» марапатына ие.

Трясунова Анастасия Даниловна. 1924 жылы 3 қарашада Алтай өлке-сінің Кузнецов ауылында туған. Соғыс ардагері. 1943 жылдың қарашасынан 1945 жылдың қыркүйегіне дейін Балтық теңізі, Қиыр Шығыс майдандарында болған.

ІІ дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

Харитоненко Екатерина Петровна. 1923 жылы 28 желтоқсанда Алтай өлкесінің Верх-Анойск ауылында туған.  1942 жылдан 1945 жылға дейін Солтүстік-Батыс, Батыс, І Беларусь майданында болған.

ІІ дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз орденімен,  «Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін»,«Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Шевченко Таисия Ильинична. 1921 жылы 28 қыр-күйекте туған. 1942 жылдан Қызыл Армия қатарына алынған. Ефрейтор. 315 — атқыштар дивизиясының 1328 атқыштар полкінің санитарлық ротасында санитар болған. ІІ дәрежелі Отан соғысы  орденімен,  «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Янчук Ольга Тимофеевна. 1922 жылы 14 қазанда Бородулиха ауданының Петропавловка ауылында дүниеге келген. Соғыс және еңбек ардагері. 1942 жылдың 13 сәуірінде өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 1946 жылға дейін жауынгерлер қатарында болған. Кіші лейтенант. Әскери қызметі Түркменстанның  Чарджоу қаласында басталған. Ольга Тимофеевна 34 — рота құрамында стратегиялық маңызды нысандарды күзету қызметінде болған. Курскіден бастап, Румынияға дейін жетіп, Украинаны азат етуге қатысқан. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің көмегімен әзірлеген

Эльдар НУРУЛЛИН,

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталады

12.02.2026
Абай облысында көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталады

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылға арналған жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі 2026 жылғы 1...

Толығырақ...Details

Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын пысықтауды аяқтады

12.02.2026
Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын пысықтауды аяқтады

Конституциялық Соттың Төрайымы – Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның төрайымы Эльвира Әзімова Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша жүргізілген жұмыстың алдын ала...

Толығырақ...Details

«Respubliсa» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды – Айдарбек Қожаназаров

12.02.2026
«Respubliсa» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды – Айдарбек Қожаназаров

«Respubliсa» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды – Айдарбек ҚожаназаровКонституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respubliсa»...

Толығырақ...Details

Жаңа Конституция орнықты әрі адамға бағдарланған саясаттың негізін қалыптастырады – Асхат Рахымжанов

12.02.2026
Жаңа Конституция орнықты әрі адамға бағдарланған саясаттың негізін қалыптастырады – Асхат Рахымжанов

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, саясаттың өзегіне адамды қоя отырып, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Конституциялық...

Толығырақ...Details

Айдос Сарым: жаңа Конституция жобасы – бірегей тарихи құжат

12.02.2026
Айдос Сарым: жаңа Конституция жобасы – бірегей тарихи құжат

Жаңа Конституция жобасы – сарапшылар мен қоғам өкілдерінің ұзақ әрі тиянақты еңбегінің нәтижесінде әзірленген бірегей тарихи құжат. Ол жалпыхалықтық референдумға...

Толығырақ...Details

Магеррам Магеррамов: Қазақстан Халық партиясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдайды

12.02.2026
Магеррам Магеррамов: Қазақстан Халық партиясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдайды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Конституция...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталады

12 часов бұрын

Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын пысықтауды аяқтады

12 часов бұрын

«Respubliсa» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды – Айдарбек Қожаназаров

12 часов бұрын

Жаңа Конституция орнықты әрі адамға бағдарланған саясаттың негізін қалыптастырады – Асхат Рахымжанов

12 часов бұрын

Айдос Сарым: жаңа Конституция жобасы – бірегей тарихи құжат

12 часов бұрын

Магеррам Магеррамов: Қазақстан Халық партиясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдайды

12 часов бұрын

Сергей Пономарев: жаңа Конституция Қазақстандағы келісім мен бірлікті қамтамасыз етудің сенімді тірегіне айналады

12 часов бұрын

Жаңа Конституцияда өтпелі кезеңнің барлық рәсімдері, мерзімдері мен регламенттері жазылды

12 часов бұрын

Семей қаласында 40 аула аумағында асфальттау жұмыстары жүргізілді

12 часов бұрын

«Ақ жол» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдады

12 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС