"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУҒА -ЕРЕКШЕ ЕКПІН

08.01.2014
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Егер байқап қарасаңыз, біздің Қазақстанымызда өтіп жатқан соңғы жылдар бір-біріне ұқсамайтын болып жүр. Бұл ненің белгісі? Бұл – дамудың белгісі. Осы дамудың нәтижесінде әрбір жыл өз өзгерістерін ала келуде. Өмір жыл сайын өзгеріс үстінде. Жалпы, ел көлемінде алсақ, бұрынғы марғаулық жоқ, керісінше, тың серпілістер бар. Біз мұны, тіпті, әрбір қазақстандық отбасы сезініп отыр деп есептейміз. Өйткені, әрбір әулет бойынша алғанда сол әулеттің бір мүшесінің жаңа үйге ие болуы, немесе шетелге оқуға кетуі, немесе жаңа бизнес бастауы, немесе жаңа жерге қоныс ауыстыруы, немесе мәшине сатып алуы, әйтпесе оны өзгертіп, басқа мәшине мінуі, мемлекеттік грант бойынша оқуға түсуі қалыпты жағдайға айналды. Қысқасын айтқанда, елімізде әрбір отбасында оңға басқан бір өзгерістің болуы дәстүрлі сипатқа ие болып келеді.

 

Егер мемлекет деңгейінде жылма-жыл үлкен өзгерістер жүріп жатпаса, әрбір отбасы деңгейіндегі мұндай ұсақ өзгерістер де болмас еді. Сондықтан біз осы өзгерістерге «ұлтымыздың түлеу кезеңінің айшықты белгілері» деген баға бермекпіз.

 

Қазіргі заманда ұлттық тұрғыдан түлеу ел көлемінде алға қойылған мақсаттардың қаншалықты өміршең екендігіне байланысты. Ал ел көлеміндегі мақсат өміршең болуы үшін, ол жалпы адамзат қоғамының заманауи даму ағымдарын дөп басып отыруы керек. Біздің Елбасымыздың мемлекет басқару саясатының бір көрегендігі – Үкіметке беріп отырған тапсырмаларының қашанда болсын әлемдік даму ағымымен сәйкес келетіндігі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осының айқын көрінісі.

Бұл Стратегиядағы негізгі мақсаттардың бірі – Қазақстанда инновациялық экономиканы, яғни адам ресурстарының әлеуетін толық пайдаланатын, бүкіл ұлттың күш-жігерін, ақылы мен ой санасын топтастыра отырып, оны жұмылған жұдырық секілді пәрменді түрде дамуға бағыттайтын экономиканы құру.

Қазір біз дамыған елдермен салыстырғанда, инновациялық экономика құрудың төменгі сатыларының бірінде тұрмыз. Бірақ, экономика саласында дұрыс та жүйелі жолға қойылған мемлекеттік саясаттың нәтижесінде қарқынды түрде алға жылжу үстіндеміз. Сондықтан, да есігін енді ашып отырған 2014 жылдың басты міндеттерінің бірі — нақ осы инновациялық саланы қарқынды түрде дамыту болады десек, ешбір қателеспейтіндігіміз анық.

Қазақстанда ұлттық инновациялық жүйенің бастапқы негіздері 2000 жылдардың ортасынан бастап қаланды. Осы кезеңде оның негізгі заңнамалары, индустриялық-инновациялық құрылымдары, даму институттары, қаржылай қолдау құралдары қалыптастырылды.

2010 жылы еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы қабылданған соң жинақталған тәжірибелер ескеріле отырып, инновациялық саясатқа деген көзқарас қайта қаралды. Бұл кезеңде іс жүзінде инновациялық жүйеге жүктелетін міндеттер едәуір дәрежеде өзгеріске түсті. «Ғылым туралы», «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заңдар қабылданды. Бұл заңдарда инновацияларды қолдаудың жаңа құралдары бекітілді. Үкімет жанындағы Технологиялық қолдау жөніндегі кеңес жұмысқа кірісті.

Ұлттық инновациялық қор арқауында Финляндия, Франция, Оңтүстік Корея тәжірибелері бо- йынша мамандандырылған институт – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ құрылды. Оның басқарма төрағасы болып, еліміздің инновациялық дамуына үлкен қызмет етіп жүрген, осы істі алға жылжытушы білікті топ менеджерлердің бірі Айдын Күлсейітов тағайындалды. Бүгінде бұл мемлекеттік құрылым инновациялық жүйелерге қатысушылардың барлығына, соның ішінде өңірлердегі қатысушыларға көрсетілетін қолдау шараларының орталығы болып отыр. Агенттік инновациялық инфрақұрылымдарды белсенді    дамытуды жүзеге асыруда. Ол инфрақұрылымдардың қатарында «Инновациялық технологиялар» арнайы экономикалық аймақтары, 8 өңірлік технопарк, 4 салалық конструкторлық бюро, техноло-гиялар трансфертінің қазақстандық-кореялық және қазақстандық-француздық орталықтары, 12 венчурлық қор, жоғары оқу орындары жанындағы 15 коммерцияландыру кеңесі бар.

Кореяның ғылыми және технологиялық бағалау және жоспарлау институтының (КИСТЕП) әдістемелік қолдауымен Қазақстанда бірінші ғылыми-    технологиялық форсайт өткізілді, ел үшін аса      маңызды 75 технология анықталып, солар бойынша бизнеспен және ғылыммен біріге отырып, мақсатты технологиялық бағдарламалар әзірленуде.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік барлығы 2500-ден астам идеялар мен жобаларды қарады. Олардың 520-сы жүзеге асыруда прак-  тикалық көмек алды. Осындай көмек алғандардың қатарында 152 өнеркәсіптік кәсіпорын, 123 шағын инновациялық компания, қазақстандық ғалымдардың 245 жобасы бар.

Қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде 2012 жылы Қазақстан инновациялар дамуының негізгі индикаторлары бойынша жоғары дәрежеге жетті. 2009 жылмен салыстырғанда, кәсіпорындардың технологиялық инновацияларға жұмсайтын қаржылары 5 еседен астам өсті. Яғни, 61 млрд. теңгеден 326 млрд. теңгеге жетті. Инновациялық өнімдер көлемі 82 млрд. теңгеден 379 млрд. теңгеге жетіп, 4 еседен астамға өсті. Өңдеуші кәсіпорындарда еңбек өнімділігі 34 пайызға артып, әрбір жұмысшыға 51 мың доллардан айналды. Еліміздегі инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 4 пайыздан 7,6 пайыз-ға дейін көбейді. Ішкі жалпы өнімдегі инновациялық өнімдер үлесі 2011 жылы 0,86 пайызды құраса, 2012 жылы 1,3 пайызды құрап, осы аралықтың өзінде ғана 70-80 пайыз ұлғая түсті.

Ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде еліміз Бүкіләлемдік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингі бо-йынша едәуір алға жылжи түсті. Сөйтіп, Қазақстан, Бразилия, Малайзия, Түркия, Ресей және тағы бас-қа да елдермен қатар, «басқару тиімділігін» және «инновацияларды» басшылыққа алатын елдер тобына өтті. Өз орнын 21 баспалдаққа көтеріп, бүкіл әлем бойынша 51-ші орынға ие болды.

Өткен 2013 жылдың мамыр айында Астанада өткен Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы пленарлық отырысында еліміздің инновациялық тұрғыдан дамуы осы отырыстың басты тақырыбына айналған болатын. Осы отырыста Елбасының алдында есеп берген Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев инновациялық саясаттың жаңа кезеңін жүзеге асыру аясында Қазақстан Үкіметінің 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы әзірлегендігін жария етті. Осы тұжырымдамада міндеттердің 3 тобы белгіленген.

Бірінші топ – экономиканың дәстүрлі салаларын жаңғырту арқылы оларды инновациялық даму жолына шығару. Бұл біздің еліміздің Біртұтас экономикалық кеңістік, Батыс Қытай, Орталық Азия рыноктарында өңірлік бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Мұндағы негізгі міндет – еңбек өнімділігі мен ресурстық тиімділікті арттыру.

Екінші топ — тек экономикада ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік салада да инновацияларды дамытудың әлемдік трендін игеруді көздейді. Медицинада, білім беру саласында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында, мемлекеттік қызметтерді ұсынуда инновацияларды дамытуға баса мән берілмек. Мәселен, қазірдің өзінде Астанада қаланы басқарудың заманауи жүйесі «smart city» жобасы енгізілуде.

Үшінші топ – Үшінші индустриялық революцияның жаңа технологиялық міндеттері бойынша жұмыс істеуге негізделген. Мұнда бәсекелестік шарттарын түбегейлі өзгертетін факторлар ескеріледі. Атап айтқанда, сұраныс динамикасы мен құрылымының өзгеруі, жаңа технологиялардың пайда болуы және бәсекелестік сипаты мен ойыншылардың бизнес үлгілерінің өзгеруі есепке алынады. Өндірістерді жаппай автоматтандыру мен робот техникаларды енгізу, жаңа материалдарды жасап шығару, электронды сауда-саттықты ұйымдастыру, логистиканың жаңа буынына қол жеткізу, «жасыл» технологияларды игеру секілді мәселелер барынша өзекті бола түседі.

Әсет Исекешев аталған ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қазіргі уақытта технологиялар мен білімдер шоғырландырылып, қызметкерлер даярлайтын құзырет орталықтарын құру жөніндегі жұмыстардың басталғандығын мәлімдеді.

Инновациялық дамудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы барлық берілген міндеттерді есепке алғанда өз ғылыми біліктілігімізді дамыту, техноло- гиялардың ақылы трансфертіне қол жеткізу, инновациялық орта қалыптастыру секілді үш маңызды бағытқа шоғырландырылмақ.

Өз ғылыми зерттеулерінде үздік көрсеткіштерге қол жеткізген және инновацияларды енгізген ғалымдар үшін Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлық тағайындау жөнінде шешім қабылданғандығын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев нақ осы Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы пленарлық отырысында хабарлаған болатын. Біздің қолымыздағы деректерге қарағанда, бұл сыйлық әр жыл сайын жеті номинация бойынша берілетін болады.

Мемлекет басшысы отырыс барысында еліміздегі инновациялық үдерістерді алға жылжыту мақсатында мынадай үш түрлі ұсыныс айтты. Олардың біріншісі – Қазақстанға кемінде әлемге аты әйгілі 7 ғалымды шақыру. Екіншісі – Қазақстанның 7 компаниясын жоғары технологиялық тапсырыстармен қамтамасыз ету. Үшіншісі – 7 инновациялық стартапты құруға қолдау көрсету.

– 2014 жылы Қазақстанның екінші өнеркәсіптік бесжылдығын іске асыруға шетел инвесторларының қатысуы мәселесін талқылаған жөн. Ол енді индустриялық-инновациялық сипат алады. Мен Үкіметке биылғы қарашаға дейін оның тұ-жырымдамасын әзірлеуді және келесі жылғы мамырға дейін бағдарламаның өзін әзірлеп бітіруді тапсырамын. Мен оны Кеңестің 2014 жылғы  мамырдағы келесі отырысында сіздер мақұл-дағаннан кейін бекіткім келеді, – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Міне, осы айтылғандардың барлығы еліміз үшін 2014 жыл – инновациялық дамуға ерекше екпін түсіру жылы болатындығын білдіреді.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

“Егемен қазақстан”.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салды

23.12.2025
Алматыда Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салды

Бүгін Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті. Марқұмды Кеңсай-1 зиратына...

Толығырақ...Details

Абай облысында 61 дарынды оқушы аймақ басшысымен жүздесті

23.12.2025
Абай облысында 61 дарынды оқушы аймақ басшысымен жүздесті

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли «Дарындыға дархан жол» жобасы аясында өңірдің дарынды оқушыларымен кездесіп, халықаралық және республикалық олимпиадалар,...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді

23.12.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді

Ресей, Санкт-Петербург қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев: – Жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған Петербургтегі кездесуіміз мазмұнды өтті. Біз ЕАЭО қызметіне қатысты бірқатар...

Толығырақ...Details

«Үлгілі ауыл» байқауы: Абай облысының 20 үздігіне жаңа трактор кілті тапсырылды

23.12.2025
«Үлгілі ауыл» байқауы: Абай облысының 20 үздігіне жаңа трактор кілті тапсырылды

Semeytany.kz - Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өткен облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздары марапатталып, үздік шыққан 10 аудан...

Толығырақ...Details

Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды

22.12.2025
Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды

Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Оқу-ағарту министрінің орынбасары Шынар Ақпарова, ВІ Group компаниясының негізін қалаушы Бауыржан Исабаев,...

Толығырақ...Details

Абай облысы бойынша табиғи монополиялар саласында 39 субъект халыққа қызмет көрсетеді

22.12.2025
Абай облысы бойынша табиғи монополиялар саласында 39 субъект халыққа қызмет көрсетеді

Өңірде энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жоба кезең-кезеңімен іске асырылуда. Бұл бастама Мемлекет басшысының 2024 жылғы Қазақстан халқына...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Алматыда Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салды

16 часов бұрын

Абай облысында 61 дарынды оқушы аймақ басшысымен жүздесті

16 часов бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді

23 часа бұрын

«Үлгілі ауыл» байқауы: Абай облысының 20 үздігіне жаңа трактор кілті тапсырылды

23 часа бұрын

Семейдің орталық алаңында бас шыршаның шамы жағылды

1 день бұрын

Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды

2 дня бұрын

Абай облысы бойынша табиғи монополиялар саласында 39 субъект халыққа қызмет көрсетеді

2 дня бұрын

Тарихи диірмен жаңарып, Семейде «Pana Unique Semey» қонақ үйі есігін ашты

2 дня бұрын

Қарабұлақта ауыл жастарына арналған жаңа спорт модулі есігін ашты

2 дня бұрын

Бекет ауылының көптен күткен арманы орындалды: орталық су жүйесі іске қосылды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС