"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙ ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДА

20.03.2015
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өңір экономикасының тұрақтылығы мен дамуының тағы бір өлшем бірлігі жұмыспен қамту саласындағы жетістіктер екендігі белгілі. Бұл тарапта Семей өңірі бойынша жоспарлы шаралар жемісті жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, инфрақұрылым және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық есебінен қаламыз бойынша 358 жаңа жұмыс орнын ашқан 30 жоба іске асырылып,  179 адам еңбекпен қамтылыпты. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр.

{jcomments on}Ал кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 561 қатысушыға 1333,150 млн. теңге көлемінде несие беріліп, 973 жұмыс орнын ашуға қол жеткізілді. Бұл бағытта жеке кәсіп негіздерін үйрену үшін 594 қатысушы арнайы бағдарлама аясында білім алып шықты. Жалпы, кәсіби біліктілік алу бойынша 2628 адам қазіргі нарықта сұранысқа ие арнайы мамандық иелері атанды. Нәтиже жаман емес. Аталмыш шаралар аясында 8907 адам «екі қолға бір күрек тауып», оның ішінде 4944 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Ал 15000 адам шаһардағы түрлі мекемелерде жастар іс-тәжірибесінен өтіп, біліктілігін шыңдапты.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриялды — инновациялық даму бағдарламасы аясында да жетістікті істер тізбегі бар. Атап айтсақ, жалпы сомасы 10,7 млрд. теңгеге машинақұрастыру, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, құрылыс материалдарын өндіру мен ауыл шаруашылығы  салаларында 10 нысан салынып, нәтижесінде 600 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар қазіргі күні күштік — ықпалдық аккумулятор батареяларын жасайтын «Семей Сплав» ЖШС зауытының құрылысы қызу жүргізіліп жатыр.   Зауыт іске қосылса, жуық арада жаңадан 150 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 

Жалпы, бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарастырғанда, тұрғындарды еңбекпен қамтуда нарықта кең сұранысқа ие салаларға басымдық беру қажет. Яғни өнімдері өтімді кәсіпорындар ашудың маңыздылығы зор. Бұл тараптағы тағы бір жемісті жоба ретінде №1-ші Семей ағаш өңдеу зауытына реконструкция жүргізіліп жатқанын атап өтуге болады. Оның есебінен жаңадан 200 жұмыс орны ашылмақ.

 

Сондай-ақ тек қаламызға ғана емес, тұтас аймақ экономикасына қарқын беретін игі шара — көлік-логистикалық орталығы құрылысының бір парасы  аяқталуға таяу. Шаһардың Энергетик ықшам ауданынан ашылатын «Северный» орталығының  120 адамды жұмыспен қамтуға әлеуеті жеткілікті.

Тағы бір жайт — ағымдағы жылы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында шетелдік инвесторларды тарту арқылы 250 жұмыс орны бар ет өңдеу комбинатының құрылысын бастау жоспарлануда.

Бүгінгі таңда әсіресе машинақұрастыру саласындағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп, аталмыш сала қарқынды даму үстінде. Мәселен, өткен 2014 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар алдыңғы 2013 жылға қарағанда 1,4 есеге өскен. Өнеркәсіп өндірісі саласындағы көрсеткіш 31,0 млрд. теңгеге жетіп, қаладағы бүкіл өндірістің жалы алғандағы 23,5 пайызын құрапты. Бұл жетістікке қол жеткізген 500 адамды жұмыспен қамтыған жаңадан ашылған үш зауыт – «Daewoo Bus Kazakhstan», ЖШС «СемАз» және «Семей механикалық зауыты» серіктестіктері болып отыр.

Сонымен қатар өңіріміздегі шағын және орта бизнестегі жетістіктерді де атап өткен жөн. Бүгінгі күні қала өміріндегі шағын бизнес саласында 1200 нысан белсенділік танытуда. Соның есебінен 2014 жылы бөлшек тауар айналымы  18234,3 миллион теңгені құрапты. Жалпы, бұл сала           бойынша өткен жылы өңірімізге 2 486,3 млн. теңгенің инвестициясы тартылған болатын.

Өңіріміздегі ықпалды экономикалық шараларды нәтижелі іске асыруда аграрлық саланың да қосар үлесі қомақты. Тоқтала кетер болсақ, ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім 21 023 миллион  теңгеге өскен. Шаруа қожалықтарындағы жұмыстар жүйелі, мал басының саны     айтарлықтай артуда. Төрт түлік арасында мүйізді ірі қара саны 10, 4 пайызға, жылқы 12,3 пайызға артыпты. Осының есебінен ет өндіру 7,0 пайызды құрады. Бұл — аймағымыздағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде берері мол шара екендігі айқын.

Жалпы, бұл тараптағы жемісті жұмыс жергілікті биліктің айрықша назарға алып, тиісті жобаларды дер кезінде жүзеге асырып, үкіметтік бағдарламалар игілігіне қол жеткізе білуінің  нәтижесінде болып отыр. Оған мысал ретінде шаруаларға төленген субсидияның 1176,7 миллион теңге болғандығын айтуға болады. Бұл орайдағы салмақ та басым.

Ауыл шаруашылығын өріс алдыру бағытында асылтұқымды мал басын көбейту жұмыстары ширатылды. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 84 млн. теңгеге 344 бас мүйізді ірі қара алыныпты. Сонымен қатар «Құлан» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы шаруа қожалықтары 106,9 млн. теңгеге 306 бас жыл-қы алыпты. Ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту, сапалы ет алу мақсатында 8 шаруа қожалығы мен «Приречное агрофирмасы» ЖШС-де мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр.

Соңғы 5 жылда «Қазагрофинанс» АҚ арқылы лизингтік жеткізу бойынша  160 дана техникаға қол жеткізілген.  Оның ішінде 2014 жылы 155,1 млн. теңгеге 23 бірлік техника алынды. Қажетті техниканы жаңарту жұмыстарының жыл сайынғы көрсеткіші 4,3 %-ды қамтиды. Шаруалардың қажеттілігі түгел.

Тағы бір тоқтала кетер жайт — сауда және қоғамдық тамақтану саласында 2014 жылы жаңадан 14 нысан ашылып, халық игілігіне жұмыс істеуде. Олардың арасында тұтынушылар ықыласына ие болған «Апрель» көпсалалы кешені,  «Қазына» сауда және ойын — сауық кешені, «Еркежан», «Арена», «Арсенал», «Родина», «Апис» сауда орталықтары, «Триумф» супермаркеті; «Хан Тәңірі», «Тұмар» мейрамханалары, «Ретро миллениум» ойын-сауық кешендері мен «Европа» қонақ үйін мысалға келтіруге болады.

Жалпы, ағымдағы жылдың басында қаламыздағы сауда өнеркәсіптері 3 жаңа орталықтың ашылуымен  толықты. Анығырақ айтсақ, «Семейный» дүкені мен Титов және Селевин көшелеріндегі «Адал» супермаркетінің сауда желілері тұтынушылар игілігі үшін есіктерін айқара ашты.

Бұл нысандардың барлығы да сыртқы қасбеттерінің ерекше дизайны және талапқа сай сәулетімен ерекшеленеді. Заманауи қызмет көрсету үлгілері, тұтынушы үшін жасалған қолайлылық та жоғары деңгейде. Жаңа нысандардың қолданысқа берілуімен бірге жаңадан 670 жұмыс орны  ашылғанын да айта кету ләзім.

Ұқсас жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23.07.2026
Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында 11–19 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!   Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026...

Толығырақ...Details

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23.07.2026
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

23.07.2026
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

4 дня бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

4 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

4 дня бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

4 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

4 дня бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

4 дня бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

4 дня бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

4 дня бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

4 дня бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС