"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Берік Уәли Семей жұртымен ашық жүздесті: инвестиция, жол, жылу және жаңа нысандар талқыланды

19.12.2025
Берік Уәли Семей жұртымен ашық жүздесті: инвестиция, жол, жылу және жаңа нысандар талқыланды
41
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Бүгін Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласының тұрғындарымен кездесті. Жиында алдымен қала әкімі Әділет Қожанбаев 2024-2025 жылдардағы негізгі көрсеткіштерді баяндап, қалада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ал аймақ басшысы өңір мен облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуы, шешімін күткен мәселелер және алдағы жоспарлар туралы кең көлемде мәлімет берді.

Әкімнің айтуынша, 11 айдың қорытындысында облыс экономикасына 495,2 млрд теңге инвестиция тартылып, оның 144,8 млрд теңгесі Семей қаласының үлесіне тиесілі. Сондай-ақ жыл басынан бері өңірде іске асырылып жатқан жобалар саны 29-дан 98-ге дейін артқан. Тартылған инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,8 трлн теңгеге жеткен.

Берік Уәли Семей жұртымен ашық жүздесті: инвестиция, жол, жылу және жаңа нысандар талқыланды

Кездесуде «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы аясындағы нәтижелер де айтылды. Өңірден шыққан кәсіпкерлер мен меценаттардың қатысуымен жалпы құны 336 млрд теңгені құрайтын 15 келісім жасалған. Соның ішінде құны 31,7 млрд теңге болатын екі жоба іске асырыла бастаған. Атап айтқанда, 5,7 млрд теңгелік «Pana Complex Semey» қонақ үй кешені жақын уақытта пайдалануға беріліп, 105 жаңа жұмыс орнын ашпақ. Ал «Aqniet Group» компаниясы 26 млрд теңгелік «Semey Mall» сауда-ойын-сауық орталығының құрылысын жүргізіп жатыр. Жоба іске қосылған соң 100 адам жұмыспен қамтылады.

Берік Уәли Семей жұртымен ашық жүздесті: инвестиция, жол, жылу және жаңа нысандар талқыланды

Қаладағы өндірістік әлеуетті күшейту бағытында да жоспарлар нақтыланған. Аумағы 96 гектар болатын «Өндіріс» индустриялық аймағында 3 жаңа жобаға жер беріліп, толық игерілген. Енді бұл индустриялық аймақ 186 гектарға дейін кеңейіп, шағын өнеркәсіп паркін құру жұмыстары қолға алынған. Алдағы уақытта Семей қаласының өнеркәсіптік аймағына 500 гектар жер бөлу көзделіп отыр. Бұған қоса, қалада 23,8 млрд теңгеге 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Берік Уәли Семей жұртымен ашық жүздесті: инвестиция, жол, жылу және жаңа нысандар талқыланды

Тұрғындарды толғандырған негізгі бағыттардың бірі – инфрақұрылым. Биыл Семейді жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 12 жылу көзі жаңғыртылып, 13,6 шақырым жылу желілері ауыстырылған. Мемлекет басшысының халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы аясында облыста 33 жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде Семей қаласының Нахаловка, Бобровка, Березовский кенттері де бар.

Жол және абаттандыру мәселесіне қатысты мәлімет те берілді. Облыс орталығында 52 көшеде орташа жөндеу жүргізіліп, оның 36-сы бұрын асфальтталмаған көшелер екені айтылды. Келесі жылы мұндай көшелердің санын арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 40 аулаға асфальт төселіп, 35 аула абаттандырылған. Қарағайлы шағын ауданында жаңа саябақ ашылған. Биыл аспалы көпірдің жолына жөндеу жүргізіліп, ал нысанды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сондай-ақ Семейде төрт жолақты жаңа көпір салу жобасы іске асырылып жатыр.

Берік Уәли Семей жұртымен ашық жүздесті: инвестиция, жол, жылу және жаңа нысандар талқыланды

Әлеуметтік нысандарға тоқталған әкім Мемлекет басшысының қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы аясында еліміздің әр өңірі облысымызға бір нысаннан салатынын жеткізді. Бұл ғимараттардың басым бөлігі жаңа тұрғын ауданында бой көтереді. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жыл басынан бері Семей қаласында 2 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Шығыс кентінде 300 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Облыс орталығында 500 орындық көпфункционалды Оқушылар сарайы мен 18 жастан асқан адамдарға арналған 100 орындық психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме ғимаратының құрылысы аяқталған.

Спорт инфрақұрылымын дамыту бағыты да назардан тыс қалған жоқ. «Туған жерге туыңды тік» форумы аясында «KazMinerals» ЖШС Семейдегі жаңа ықшам ауданында 25 мың орындық стадион құрылысын бастаған. Қазіргі уақытта Ұшақтар кентінде Дене шынықтыру және сауықтыру кешені салынып жатыр.

Берік Уәли Семей жұртымен ашық жүздесті: инвестиция, жол, жылу және жаңа нысандар талқыланды

Төрт сағатқа созылған кездесу барысында облыс әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Аймақ басшысы Семейдің тарихи-рухани салмағын атап өтіп, Абай облысының құрылуы өңір үшін жаңа мүмкіндіктер ашқанын айтты. Президент пен Үкіметтің қолдауы нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық даму ілгері жылжи бастағанын жеткізіп, алдағы мақсат халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС