"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АҚБҰЛАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ — ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

31.03.2015
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кезінде ұлы ойшыл Ибн Сина: «Ауру көбінесе ішкен астан пайда болады, соның ішінде әсіресе ауыз судан болады»,- деген екен. Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында Елбасы халықтың денсаулығын жақсарту мәселелеріне байланысты сөз қозғағанда таза судың халыққа қолжетімді болуы мәселесін үнемі айтып келеді. Бұл ретте халықты таза ауыз сумен қаматамасыз етуде «Ақбұлақ» бағдарламасын атауға болады.

{jcomments on}Елді орталықтандырылған таза сумен қамтамасыз етуге арналған бағдарламалардың халық денсаулығын жақсартуға тікелей қатысы бар. «Қазақстандықтардың өмір жасын ұзарту — ол  адам денсаулығын сақтау. Адам денсаулығын сақтау үшін ең бастысы – ауыз су»,- деп Елбасымыз «Ақбұлақ» бағдармасының маңызын түбегейлі тұжырымдап берді.

Мемлекет басшысы ерекше назар аударып отырған міндеттердің бірі  жұртты таза сумен қамтамасыз ету мәселесі Тарбағатай ауданында да мықтап қолға алынып, нақты жүзеге асырылып келеді. Бұл жұмыс Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаевтың тікелей бақылауындағы шаруа десек, қателеспейміз. Мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасының жергілікті жерде атқарылуы, жұмыстың сапасы, орындалу барысы жайлы көпшілік жиындарда жиі сөз болады. Аудан әкімі әр ауылға барған сайын осы «Ақбұлақ» бағдарламасының орындалу жағдайына көңіл бөледі. Таза судың, ең бастысы, адам денсаулығының кепілі екенін қарапайым ауыл халқына ерінбей түсіндіреді.

 

Ауылдардағы әр көше бойымен құбыр арқылы келіп, әр үйдің іргесіне, «Қызыл сызыққа» жеткізіліп тұрған таза су желісін үйге кіргізіп алу мәселесіне келгенде, «оны қайтеміз, ақша шығарып» деп, маңызды іске немқұрайлы қарайтындармен ауыл әкімдері әңгімелесіп, түсінік жұмыстарын жүргізеді. Бұл мәселеде халықты ұтымды іске ұйымдастыра білген ауыл әкімдерінің абыройы асып тұр. Сондай басшылардың бірі — Ойшілік ауылдық округінің әкімі Серік Ығиев. Аудан басшысы Ділдабек Тәжібайұлы Ойшілік ауылы тұрғындарының (240 үй) толықтай таза сумен қамтылып, тіршілік нәрі — мөлдір судың игілігін көріп, суық су мен ыстық суды қатар пайдаланып отырғанын үлгі ретінде айтып отырады. Аудандағы басқа ауыл әкімдерін Серік сияқты жұмыс істеуге, халықты ұйымдастыру тәсілдерін Серіктен үйренуге шақырды.

 

Таяуда біз елдің шетінде, желдің өтінде, шекараның түбінде отырған Ойшілік ауылына барып, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстармен таныстық. «ПМК құрылыс» мекемесі жұмысшыларымен ауыл халқы, ондағы іскер азаматтардан құрылған шағын бригадалар тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізіпті. Ауыл азаматтары М.Әрінов, Д.Гайсин, Е.Болысов, Е.Назарбеков, Т.Қойлыбаев, Ә.Әмірханов, Б.Кәлімжанов, М.Құнафин, Ж.Дүйсенбеков, Б.Құрманғалиев, Д.Жадыранов, Ж.Ахметов және басқалар ерекше белсенділік танытқан екен. Бұл іске ауыл әкімінен бастап, барлық әкімшілік қызметкерлері жұмыла кіріскен екен.

— Әр көшеге бір — бір қызметкерімді бөліп қойдым. «Ақбұлақты» іске асыруды ертелі-кеш мұқият қадағаладық. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» дегендей, ұйымшылдықтың арқасында ауылдағы әрбір үйдің таза суды еркін пайдалануына қол жеткіздік, — дейді ауыл әкімі Серік Ығиев.

Ауылда алғашқылардың бірі болып үйіне су кіргізіп алған – еңбек ардагері Мәрияш Қоңырова екен.

— Ауылымызға ауыз судың келуі — Елбасымыздың халыққа жасаған қамқорлығының нәтижесі. Ескі үйдің орнына жаңадан үй салып алдық. Суық су, ыстық су — бәрі де жасалған, қаладағы үйлерден бір кем емес. Ерінбей еңбек еткен адамға ауылда да мәдениетті өмір сүруге толық жағдай бар. Осындай бақытты тұрмысқа жеткізген ел басшылығына, Мемлекет басшысына алғысымыз шексіз,- дейді ардақты ана Мәрияш Қоңырова.

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС