"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КЕЛЕШЕГІ ЖАРҚЫН КЕШЕН

31.03.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Көкпекті ауданы дамудың даңғыл жолын индустриялық – инновациялық бағыт бойынша жалғастыруда. Ауданның ауыл шаруашылығы саласына жаңа әрі заманауи тұрғыдан серпін беру үшін аудан әкімдігі үнемі жергілікті инвесторлардың игіліктерін тиімді пайдалануда. Көкпекті ауданында осы ретте болашағы жарқын бірқатар жобалар іске асырылып, билік пен бизнес арасындағы әріптестік нығаю үстінде. Ауданда аграрлық сектордың индустриялық-инновациялық дамуы 3 инвестициялық жоба бойынша жүргізіліп келеді. Мұндағы басым бағыт —  мал шаруашылығы. Көкпекті ауданы осы саланы дамыту арқылы ауыл шаруашылығын жаңа бір белеске көтеруді мақсат етіп қойған. Қолға алынған 3 инвестициялық жобаның бірі «Елім-ай Көкпекті» агроөнеркәсіп кешенін құру жобасы болатын. 2011 жылдың көктемінде құрылып, міне, төрт жылда «Елім-ай Көкпекті» кешенінің ертеңге деген нық сеніммен жұмыс жасап келе жатқанын аңғаруға болады. Сол 2011 жылы кешен жобасы мен жай-  жапсары үйлестіру кеңесінде қаралып, мақұлданған болатын.  Осы ретте   агроөнеркәсіп кешенін Көкпекті ауданындағы ет бағытындағы қолға алынған ірі жобалардың бірегейі десе де болады.

{jcomments on}Инвесторлардың ұсынысы аудандық әкімдіктен қолдау тауып, жоба бастамашыларының бизнес  жоспарына сәйкес, бір мезгілде жемшөп базасын дайындау, асыл тұқымды малдарды жеткізіп, техникалар сатып алумен қоса, репродуктор мен бордақылау алаңының құрылысын бастау жоспарланған болатын.  Бастапқы шаруалар оң шешіліп, кешеннің жыл санап қуаты артып келеді. Жобаның жалпы құнының 85 пайызы «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы тарапынан бөлінсе, қалған 15 пайызы — ин-весторлардың өз қалтасынан. Жобаның ауқымдылығына байланысты несиені бөлер алдында инвестициялық компанияның барлық мүмкіндіктеріне, әлеуетіне аудиторлық тексерулер жүргізіліп барып, қаржы жобаның жұмысын жалғастыруға берілген. 2016 жылға дейін инвестициялық жобаны жүзеге асырудың 4 бағытын белгіледі. Асыл тұқымды репродуктор құру, жемшөп өндіруді дамыту, бордақылау алаңын құру, мал сою цехын салу сынды кешенді жұмыстар осы төрт бағыттың негізі болып табылды.

 

Бұл күнде 2016-шы жылға дейін жүзеге асатын төрт бағыттың есебі түгел. Мыңға тарта мүйізді ірі қараның 180 басы  герефорд тұқымы болса, 726 басы — абердин  ангус асыл тұқымды ірі қарасы. Әкелінген ірі қара тұқымдары біздің табиғатқа жақсы бейімделген.  Мұның барлығы бабын тауып бағудың, жайын тауып күтудің нәтижесі. Жемшөпті талғау жағынан да қиыншылық жоқ. Қосымша дәрумендік қоспалар жем және шөп арқылы беріледі.

 

Жуырда Көкпекті ауданына жұмыс сапарымен барған Даниал Ахметовке агроөнеркәсіп кешенінің басшысы Болат Бекбердинов 2024 жылға дейін мал басын 14 мыңға жеткізуді көздеп отырғанынан хабардар етті. Ауданға жасаған сапарында Даниал Кенжетайұлы: «Елім-ай Көкпекті» АӨК-ін аралай отырып, әлемдік стандарттарға сай кешен құрылғанына көзім жетті»,- деп атап өткен болатын.

Міне, ертеңге деген сеніммен ел игі-лігіне қызмет жасап жатқан «Елім-ай Көкпекті» кешенінің бүгінгі тынысы осындай. Әлбетте, жеткен жетістік ұлттар тұтастығы мен өңір экономикасының өркендеуімен тығыз байланыста екені анық.

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС