"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚ БАТАЛЫ АРДАГЕР

31.03.2015
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«…Жеңіске қазақтардың қосқан үлесі орасан зор. Қазақтардың қайталанбас ерлігін әлем мойындады. Ағылшын жазушысы Александр  Верт соғыс басталғаннан бастап Мәскеуде 4 жыл бойы тұрған. Сол жазушы «Соғыстағы Ресей» деген кітабында: «Бұл соғыста өзін бәрінен де мықты көрсеткен ұлт – қазақтар», — деп жазып, тарихи тұрғыдан баға берген. Осыдан 74 жыл бұрын өткен сонау сұрапыл соғысты еске алудағы мақсат жас ұрпақты отансүйгіштікке және патриоттық рухта тәрбиелеуге көзделген болу керек», — дейді соғыс ардагері, 91 жастағы батагөй қарт,  Абай ауданының Құрметті азаматы Жағыпар Жүнісжанұлы.

{jcomments on}Жағыпар Жүнісжанұлы 1924 жылдың жаз мезгілінде Сарғалдақ ауылына (қазіргі Саржал өңірі) қарасты «Айдапкел» деген жерде кедей шаруа Жүнісжан Байгелұлы мен Мұғила Аяпбергенқызының отбасында дүниеге келеді. Ата-анасының өмірлік өнегесі Жағыпардай перзенттерінің бойына дариды. Қағілез, еңбекқор, өрелі өреннің балалық шағы нәубетке толы ашаршылық жылдарына дөп келеді. Саржал орталау мектебінің 7 сыныбын аяқтаған соң, 1940 жылы, Абай мектебіне келіп оқуын жалғастырады. Бірақ оқуын аяқтай алмай, ел басына күн туған 1941 жылдың қыркүйек айында Жағыпар Жүнісжанұлы соғысқа аттанады. Осылайша, ел басына қатер төнген шақта, әскер қатарына жасы жетпесе де, өзге замандастары сияқты майданға сапар шегеді. Өзімен бірге Қариполла Төлеубаев, Малгаждар Мұхаметжанов сынды балалық шақтың қызығын бірге бөліскен достары да аттанады. Кейіннен қимас досы Малгаждар кескілескен шайқастың бірінде қаза табады. Жағыпар ата жан серігінің аты өшпесін деп, бейбіт күндер туған шақта дүниеге келген өзінің жалғыз перзентіне Малгаждар деп ат қояды.

Жағыпар ақсақал пошта таситын пойызбен жарты ай дегенде Мәскеуге жетеді. Лукино деген жердегі әскери лагерьде бір жарым ай бойы оқып-жаттығып, соғысу әдіс-тәсілдерін меңгеріп, дайындықтан өтеді. Ала таңнан қас қарайғанға дейін маза бермей, түн ішінде «жау келіп қалды» деп оятып алып, окоп қаздырады. Оны бітірген соң, бір окоптан екіншісіне баратын жол жасататын.  «Тяжело в учебе, легче в бою» деген Суворовтың сөзі негізге алынатын. Жағыпар Жүнісжанұлының соғыс жылдарындағы алғашқы  қызмет еткен әскери бөлімшесі Ішкі істер министрлігіне қарасты 2-ші мотоатқыштар дивизиясының 20-шы мотоатқыштар полкі деп аталады. Бұл әскери құрама Жоғарғы қолбасшының ерекше мақсаттағы резервіне жатқан екен. 2-ші мотоатқыштар дивизиясын 1941 жылы алғы шепке аттандырады.

— Сол шақта Мәскеудің жағдайы қыл үстінде болды. Фашистік әскерлер кейбір жерлерде 20-30 шақырымға дейін таяп келіп, Мәскеуді жартылай қоршап алған-ды. Оның үстіне  әуе шабуылын да күшейтіп, күндіз-түні қайта-қайта дабыл жарияланып, Мәскеудің көшелеріне бомба түсіп жататын. Осындай жағдайда 1941 жылдың қазан айының ортасында Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті (ГКО) «Мәскеу қоршалу жағдайында» (“Москва в осадном положении”) деген құпия жарлық шығарады. Соған байланысты біздің 2-ші мотоатқыштар дивизиясын соғыстың алдыңғы шебінен шақырып алып, Мәскеудің ішіндегі аса маңызды коменданттық жұмыстарға қойды. Мен Мәскеуді қорғағанымды мақтан тұтамын, — дейді ақсақал сұрапыл жылдардың отты шақтарын есіне алып.

 

Сол аса қиын кездің өзінде Мемлекеттік қорғаныс комитеті әрбір әскери қызметкердің ішкі жан дүниесі мен сыртқы бейнесінің де әсем болуына ерекше мән беретін. Неміс фашистерінің тегеурінінен қуғын көріп шаршаған және «жау келіп қалды» деп үрейленген жұрттың рухын көтеріп, еңсесін тіктеу үшін ІІМ дивизиялары мен полктерінің сарбаздарына парадтық мундир кигізіп, көпқатарлы колоннаға тұрғызып, үрлемелі оркестрдің сүйемелдеуімен Мәскеудің басты көшелерін аралатады екен. Бұл шара халықты жігерлендіріп, жақсы ойлардың тууына ықпал етеді. 1941 жылдың 6 қарашасында аталмыш қаладағы метроның Маяковский станциясында әдеттегідей еңбекшілердің жиналысы болады. Ал 7 қарашада Қызыл алаңда дәстүрлі әскери шеру өтіп, оған Жағыпар жауынгер қызмет ететін құрама да қатысады.

 

1942 жылдың қараша айынан бастап Кеңес Одағының жағдайы оңала бастайды. Қиыр Шығыстан әкелінген және елдің азиялық бөлігінде жасақталған әскери құрамалар жасырын түрде Мәскеуге жақын шоғырландырылады. 5-6 желтоқсанда осы күштер шабуылға шығады. Жау тың күштің тегеурініне шыдамай, кері шегіне бастайды. Бұл соғыстағы үлкен бетбұрыс болған Мәскеу түбіндегі шайқасынан кейін Кеңес Одағының беделі нығайып, жауынгерлердің рухы көтеріліп, басқа майдандарда жеңіске жете бастайды. 1945 жылы  2-ші мотоатқыштар дивизиясы  Сталин, Рузвельт, Черчилль қатысқан Ялта конференциясының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жағыпар ақсақал осылайша ерекше мақсаттағы тапсырмаларды орындайтын құраманың сапында болып, жоғары дәрежелі лауазым иелері мен аса маңызды мемлекеттік нысандарды күзетуге атсалысады. 1946 жылы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара әскерлерінің құрамына ауысып, 1950 жылға дейін Финляндия-Кеңес шекарасында төрт жыл шекарашы болады. Шекара бұзушыны ұстауда қырағылық танытқаны үшін «Озат шекарашы» төсбелгісін иеленеді. 1950 жылы елге оралады.

Жағыпар Жүнісжанұлы өзінің еңбек жолын Абай аудандық мәдениет бөліміндегі инспекторлық қызметтен бастайды. Он үш жыл бойы Абай аудандық партия комитетінде насихатшы, нұсқаушы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады. 1963 жылы ақпан айында жаңадан құрылған аудандық партиялық-мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалады. Сонымен қатар Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінің бюро мүшесі және халық депутаттарының аудандық кеңес атқару комитетінің мәжіліс мүшесі болып сайланады. 1967-1971 жылдары аудандық «Совхоз туы» газетіне редактор болып тағайындалады. Қаламы қарымды Жағыпар Жүнісжанұлы беделді басылымның көшін ілгері жылжытып қана қоймай, талай жас журналистердің тума дарынын ашып, бағыт-бағдар берген ұстазы да бола біледі. Жағыпар Жүнісжанұлы 1971 жылдан бастап халық депутаттары Абай аудандық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне ауысады. Ол  отыз жылдай Абай аудандық партия комитетінің мүшесі, он сегіз жылдай бюро мүшесі, жиырма екі жыл аудандық кеңестің депутаты болады. 1984 жылы 60 жасында зейнеткерлікке шықса да, үйде қарап жатпай, халықты тәртіпке үндейтін, бірлікке шақыратын «Салауатты қоғам» ұйымының басшысы болады.

Қарымды қаламгер, қарт журналист Жағыпар Жүнісжанұлын Шығыс аймағы, Семей өңірі батагөй ақсақал ретінде жақсы таниды. Батагөй майдангер Жағыпар Жүнісжанұлы 1998 жылы Жидебайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ақ батасын  берген. 91 жасқа келсе де қолынан қаламы түспеген ақсақал  — «Отыз әулет, мың ұрпақ», «Ту тіккен Тобықтының қолбасшысы», «Бата бере білесіз бе?», «Батагөй атаның батасы» атты кітаптардың, көптеген мақалалардың авторы. Жағыпар ақсақал бүгінгі таңда Жеңістің 70 жылдығына арналып жергілікті жерден шыққалы отырған майдангерлер жайлы кітаптың шежіресін жазып, мақалаларын ұйымдастырып, фотосуреттерін жинақтауда.

Соғыс және еңбек ардагері, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Жағыпар Жүнісжанұлы — І дәрежелі “Ұлы Отан соғысы” орденінің және көптеген медальдардың иегері. Жағыпар Жүнісжанұлының 60 жыл отасқан өмірлік қосағы Клавдия Николаевна 2007 жылы дүние салады. Қария бүгінде жалғыз ұлы Малгаждар мен келіні Гүлнардан үш немере, тоғыз шөбере сүйіп, ұрпақ шаттығына кенеліп отыр. Тарихтың төрінен ойып тұрып орын алған қастерлі Жеңіс мерекесінің қарсаңында біз Жағыпар Жүнісжанұлына мықты денсаулық, таусылмас ұрпақ қызығын, бейнетсіз баянды қарттық тілейміз.

Бұлбұл ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23.07.2026
Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында 11–19 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!   Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026...

Толығырақ...Details

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23.07.2026
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

23.07.2026
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

3 дня бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

3 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

3 дня бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

3 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

3 дня бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

3 дня бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

3 дня бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

3 дня бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

3 дня бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС