ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ЖАЙЫНДА ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІНІҢ
ТЕЗИСІ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2050 жылға дейін әлемнің ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі ең басты мақсатты қойды. Жолдауда белгіленген міндеттер бұрынғы Жолдаулардан ауқымдылығымен және әлеуметтік маңыздылығымен ерекшеленеді. Елбасымыз атап өткендей, бизнес пен кәсіпкерліктің бірігіп нығаюы – экономика дамуының маңызды факторы және үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасын кеңейту және дамыту қажет екендігін атап өтті. Президент қойған міндеттерге қол жеткізу үшін біздің өңірде жеткілікті мүмкіндік бар оған өткен жылдың қорытындысына қарап, көз жеткізуге болады.
Өнеркәсіп, шағын кәсіпкерлік
2013 жыл ішінде Семей қаласы бойынша жалпы өнеркәсіпте қолданыстағы бағада өнім (тауарлар, қызметтер) көлемі 142,4 млрд.теңгені 12,2% өсімді құрады және нақты көлем индексі 101,7 % үстінде болды. Өнімнің облыстық өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі үлес салмағы 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 1,5 пайыздық тармаққа өсіп, 14,1% құрады. Өңір өнеркәсібінде 14,5 мың адам жұмыспен қамтыл-ған немесе жалпы қала бойынша жалдамалы жұмысшылар саны- 22,0%. Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 14,0 млрд.теңгені құраған, нақты көлем индексі — 113,2%. 2013 жылдың өсімін «Семей инжиниринг» АҚ, «Семей машина жасау зауыты» АҚ, «СемАз» ЖШС, «Силикат» ЖШС, «Alina PRO» ЖШС, «Алфом» ЖШС, «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС, «Семспецснаб» ЖШС, «FLESSO» ЖШС сынды кәсіпорындар қамтамасыз етті. Өңдеу өнеркәсібінде 2013 жыл ішінде қолданыстағы бағада 112,0 млрд. теңге сомасына қолданыстағы бағада өнім (жұмыстар, қызметтер) өндірілді, бұл 2012 жылдың деңгейінен 14,0 млрд.теңгеге жоғары.
Қаланың өңдеу өнеркәсібінің қала өндірісі көлеміндегі үлесі 78,6% құрайды. Өңдеу саласында 10,2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған немесе өнеркәсіптің жалпы санының 70,3%. 2012 жылмен салыстырғанда салада машина жасауда – 1,2 есеге, өзге металл емес минералды өнім өндірісінде — 1,7%, химиялық өнеркәсіп өнімі өндірісінде – 15,6%, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде – 1,5 есеге, жиһаз өндірісінде – 11,4% өнім шығару артты. Жыл сайын өткен жылдың деңгейіне қаланың машина жасау өндірісінде 1,5 еседен кем емес өсім қамтамасыз етілуде, оған «Семей инжиниринг» АҚ, «СемАз» ЖШС, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС (Дэу Бус Казақстан) және «Семей машина жасау зауыты» АҚ кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеу есебінен қол жеткізілді. Саланың өнеркәсіп өндірісінің көлемі 21,6 млрд. теңгеден асты және қала өндірісінің жалпы көлемінің 15,2% құрады. 2013 жылы «Урал», «SHASMAN» (Шасман) жүк автомобильдерін және «Беларус» тракторларының жаңа екі моделін шығару игерілді. «СемАз» ЖШС-де 57 бірлік «Урал» және 25 бірлік «Шасман», сондай-ақ «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС төмен еденді ВС 212МА автобустары (3 бірлік) құрастырылды. 1340 тракторлар (101,0%), 141 автобустар (132,0%), 113 жүк автомобильдері (153,0%) және 6 шынжыр табанды сүйреу тракторлары (150,0%) шығарылды. Өзге металл емес минералды өнім өндірісі саласының (құрылыс материалдары) қала көлеміндегі үлесі 14,0% құрады. 20,2 млрд.теңге сомасына тауар өнімі өндірілді, бұл 2012 жылдың деңгейінен 1,7% жоғары. Шығыс Қазақстан облысы бойынша силикат кірпішін, асбестцемент беттерін (шифер), құрғақ құрылыс қоспаларын, лактар мен бояулар шығарылымының 100%, цементтің 47% қаламыздың кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Қазақстандық қамтуды арттыру біздің жұмысымыздың ең басты бағыты болып табылады. Өңір мен ұлттық компаниялардың («Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Самрұқ-Энерго» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ және өзгелері) тығыз қарым-қатынасы арқасында 2013 жылы қала тауар өндірушілері ұлттық компанияларға мөлшермен 3,2 млрд.теңге сомасына, мемлекеттік сатып алулар бойынша 2,0 млрд.теңгеге өнім жеткізді.
Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша 2013 жылы тиелген өнім (тауарлар, қызметтер) көлемі 95,0 млрд.теңгені құрады, оның ішінде ішкі нарыққа – 76,0 млрд.теңге немесе 80,0%, сыртқы нарыққа – 19,0 млрд.теңге (өнімнің негізгі экспортерлары – «Семей асбестцемент бұйымдары зауыты» ЖШС, «Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» АҚ, «Алфом» ЖШС, «Семей құю-механикалық зауыты» ЖШС, «Қаражыра ЛТД» ЖШС, «Казполиграф» ЖШС).
Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың үлесі 97,0%-дан асты.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту Бағдарламасы аясында, Шығыс Қазақстан облысының Индустрияландыру картасына жалпы құны 21,7 млрд теңгені құрайтын 14 инвестициялық жоба енгізілді.
2010-2013 жылдары қалада сомасы 10,1 млрд. теңгеге 9 жоба іске асырылды, шығарылған өнім өндірісінің көлемі 2,6 млрд. теңгені құрады (2013 жылы – 1,5 млрд. теңге немесе қаланың көлемі 1,0 %), 500-ден артық жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 2013 жылдың желтоқсанында екі жоба іске қосылды: «Сәт Транс» ЖШС «Индустриялдық құрылыс комбинатын ұйымдастыру», өндірістік қуаттылығы жылына 13 мың тонна темір бетон бұйымдары, 40 жұмыс орны ашылды.
«Alina Pro» ЖШС «Ұсақ толтырғыштар қоспасының өндірісін кеңейту жөнінде зауыт құрылысы» өндірістік қуаттылығы жылына 36,0 мың тонна, 33 жаңа жұмыс орындары ашылды. Ағымдағы жылы жалпы сомасы 11,3 млрд. теңгеге 4 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, 600-ден астам жұмыс орны ашылатын болады.
Өткен жылы қала кәсіпкерлері (12 кәсіпорын) өңірлік «Қазақстанның үздік тауары-2013» атты конкурс-көрмеге әдеттегідей белсенді түрде қатысты. «Өндірістік бағыттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Семей инжиниринг» АҚ (арнайы техника) және «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС (автобус) жеңімпаз болды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде кәсіпкерлермен 35 меморандумдарға қол қойылды. Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы 30,0 млн.теңгеден жоғары болды. Кәсіпкерлер Қазақстан футболының мерейтойы кезінде үлкен қолдау көрсетті.
Негізгі капиталға инвестициялар: 2013 жылы біздің қаламызға 47,2 млрд.теңге инвестициялар тартылды, бұл 2012 жылдың деңгейінен 14,2% жоғары, оның ішінде экономиканың нақты секторына 31,8% өсіммен – 25,1 млрд.теңге. Өнеркәсіпті дамытуға 2013 жылы 19,9 млрд.теңге сомасына инвестициялар жұмсалды.
Қалада шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді қызмет етуші субъектілерінің саны 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 21,6 мың бірлікті құрайды, ол 2012 жылғы деңгейден 13,6 %-ға жоғары. Шағын және орта кәсіпкерліктің кәсіпорындарында 50 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. 2013 жылы 2300 жаңа жұмыс орны ашылды. Есептелген мәлімет бойынша 2013 жыл ішінде өнеркәсіптің шағын және орта кәсіпкерлік сомасы 33,1 млрд. теңгенің өнімін өндірді (тауарлар, қызметтер), ол 2012 жылғы деңгейден 4,5 %-ға жоғары. 2013 жыл ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен жергілікті бюджетке сомасы 5,8 млрд. теңгенің салық түсімдері түсті және 5,8 млрд. теңге немесе салық түсімдерінің жалпы көлемінен 48,3 % (оның ішінде шағын бизнес субъектілерінен 3,8 млрд. теңге). Қалада шағын және орта бизнесті дамытуға арналған «Өндіріс» бизнесті дамыту аймағы ашылды, жер телімінің ауданы 92 гектар, әкімшілік ғимараты салынып, инфрақұрылымы тартылды. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 6 жобаны орналастыруға бизнесті дамыту аймағынан жер телімі бөлінді. Қазіргі уақытта физикалық тозуына және су жіберудің жеткіліксіз-дігінен, темір жол тармақтарының құрылысы мен су құбырын сыртқа шығару – яғни қол жетімсіз инфрақұрылым бойынша мәселелері шешілуде. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында, 2013 жылғы маусымда Семей қаласынан Кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылды. Ағымдағы кезеңде орталық 2427 консультациялық қызмет көрсетті, оның ішінде сервистік компаниялармен – 1515, Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшілерімен – 568, ауылшаруашылығын қолдау қорымен – 245, «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ – 75, «Техникалық дамыту бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ («ТДҰА» АҚ) – 24.«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша қалада жалпы сомасы 11,1 млрд. теңгеге 40 жоба іске асырылды.
2013 жылғы бөлшек сауда айналымы 122,7 млрд. теңге, ол 2012 жылға қарағанда 10,0 % жоғары. 2013 жылғы көтерме сауда үлесі 168,1 млрд. теңге 2012 жылға- 33,8 % деңгейінен жоғары құрады. Бүгінгі тұтыну нарығында қалада 16 сауда базары, 3000-дай кәсіп-орындары 197 мың шаршы метр көлемінде жұмыс жа-сауда, ақырғы екі жыл аясында сауда көлемі 65 мың шаршы метрге ұлғайды. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтандыру саласында бизнес жақсы дамып келе жатыр, ол туралы қалада 50-ден артық мейрамханалар, 200-ден артық кафе, барлар, 100-ден артық асхана және дәмханалардың жұмыс жасауы куәландырады, олардың атқарған қызметі 2,3 млрд. теңге қаражат, яғни облыс бойынша орташа көрсеткен қызметі 16,0% құрайды. Бағаларды тұрақтандыру және көтермеу мақсатында орындаушы органдармен қажетті шаралар қабылданды, оның ішінде:
1 ) 51 ауылшаруашылық жәрмеңкелер өткізілді, онда 494,1 млн. теңгеге өнімдер сатылды;
2) Әлеуметтік қажетті азық-түлік тауарлар бағаларын тұрақтандыру және көтермеу мақсатында өңірлік тұрақтандыру қорына 494,4 млн. теңгеге азық-түлік алынды, 761,5 тонна көкөніс өнімдері, 426 тонна бакалеялық тобынан сатылды;
3) Азық-түлік тауарлар бағаларына көтерілу жағдайында жедел әсер ету және керекті шара қабылдау үшін, күнделікті азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағаларына мониторинг жүргізіліп отырады;
4) 900-ден аса сауда объектілерімен тауарларға 10% артық үстеме ақы қоспау туралы меморандумдар жасалды.
5) Төменгі бағамен сататын, қосымша әлеуметтік бөлімдер және бұрыштар ашылды.
Инновациялық өнім көлемі бойынша қала 2012 жылдың нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша 3 орын алады. Инновациялық өнім көлемі 1344,4 млн.теңгені құрады, облыстың инновациялық өнім көлеміндегі (86759,1 млрд.теңге) үлес салмағы – 1,5%. Қаладағы инновациялық-белсенді кәсіпорындар саны 2012 жылдың қорытындысы бойынша 23 бірлікті құрады және 2011 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артты. Қаланың инновациялық-белсенді кәсіпорындардың облыстық көрсеткіштегі үлесі 21,3% құрайды (облыс — 108). 2012 жылы инновациялық өсудің негізін 23 инновациялық-белсенді кәсіпорындардың қызметі қамтамасыз етті. (2011 жыл – 14 кәсіпорын), оның ішінде «СемАз» ЖШС, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС, «Аудиовидеокомплект» ӨБ ЖШС, «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС, «EAST INDUSTRY COMPANY LTD» ЖШС, «Восток-бройллер» ЖШС, «Ромат» ФК ЖШС, «Семей инжиниринг» АҚ, «Игеру» ШҚ ЖШС сынды өнеркәсіп кәсіпорындары бар. 2012 жылы қала кәсіпорындарымен 16 жаңа технологиялар ашылды (ШҚО – 73) немесе облыс көлемінен 22,0 %. Қала кәсіпорындарының инновациясы саласындағы белсенділік деңгейі 2012 жылы 4,9% құрады, (облыс бойынша 6,2%), 2011 жылы – 6,0% құраған немесе 1,3% азайды (облыс бойынша 2011 жылы – 8,1%). 2012 жыл қорытындысы бойынша қаланың 458 кәсіпорындарында немесе облыс бойынша (1730 кәсіпорын) қаралатындардың 26,5%-на инновациялық қызметіне статистикалық қарау жүргізілді. Технологиялық инновациялары бар ең көп кәсіпорын саны Өскемен (37,0%) және Семей (21,0%) қалаларында байқалды. Технологиялық инновацияға жалпы шығындар 799,4 млн.теңгені құрады, бұл 2010 жылдың деңгейінен 62,6% төмен, оның ішінде кәсіпорынның өз қаражаты — 600,5 млн.теңге, шетел инвестициялары – 4,2 млн.теңге, несиелер мен қарыздар – 59,8 млн.теңге, республикалық бюджет – 135,0 млн.теңге, оның ішінде даму институттарының қаражаты – 95,0 млн.теңге, оның ішінде инновациялық гранттар – 95,0 млн.теңге.
Семей қаласы бойынша жаңа технологиялар мен техника объектілерін ең көп қолданатын салалар бұл – медицина және ветеринария (13 бірлік), әртүрлі технологиялық процестер (3 бірлік), Өскемен қаласында бұл – химия және металлургия (17 бірлік), тау істері (7 бірлік), механика және жарықтандыру (16 бірлік) және өзгелер.
Ауыл шаруашылығы
Семей қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы және «Семей қаласы өңірлік экономикасы» моделін жүзеге асыру мақсатында өңірдің барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс іс-теуде.
Қаланың аграрлық секторында бүгін 650 шаруа қожалығы, 2 өндірістік кооператив, 8 серіктестік, 11 саяжай кооперативі және 32 мыңнан астам аулалар мен жер телімдері бар. 2013 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 19,2 млрд. теңгені құрады. Физикалық индекс көлемі 105,1 %. Семей өңірі бойынша 2013 жылдың егістік алқаптарының құрылымдары бойынша 1008 га алқапқа дәнді -дақылдар (күздік қара бидайды қоса есептегенде), 3300 га алқапқа картоп, 1367 га алқапқа көкөніс, 80,7 га алқапқа бақша дақылдарын, 204 га күнбағыс, 189 га алқапқа сүрлемдік жүгері, 4155 га алқапқа көпжылдық (бұрынғы жылдары себілгені –3577 га) және бір жылдық шөптер орналастырылды. Облыстық ауыл шарушылығы басқармасымен келісілген облыстық стратегиялық жоспардан 3,0 мың га немесе 36,6% артық болса, 2012 жылғы егілген егістік алқаптан 1,8 мың га немесе 18,3% артық.
Өткен жылы жиын-терім жұмыстары уақытында өтті. 1008 га жерге себілген дәнді-дақылдар толықтай орылып, 1500 тонна өнім жиналды, түсімділігі 14,8 ц/га. Жиналған өнім 2012 жылмен салыстырғанда 585 тоннаға немесе 63,9 пайызға артық. 3300 га егілген картоп дақылдары да толықтай жиналды, түсімділігі 168 ц/га, жиналған өнім 55,4 мың тонна, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 0,5 мың тоннаға немесе 0,9 пайызға артық.
1448 га көкөніс дақылдарынан 31,3 мың тонна өнім алынды, түсімділігі 216 ц/га. бұл 2012 жылмен салыстырғанда 0,2 мың тоннаға немесе 0,6 пайызға артық.
Қатаң мал азығын дайындауда берілген тапсырма 100,1 пайызға немесе 83,1 мың тонна шөп дайындалды. Бүгінгі күні 4000 тонна жоспарланған пішендеменің 4030 тоннасы немесе 100,7 пайызға орындалды. Өсімдік шаруашылығы бәсекелестікке сай болу үшін тұқымның сапасына байланысты, тұқым шаруашылығын дамытуда жұмыстар жалғасын табады. Бүгінгі күні өңірде 2 тұқым шаруашылығы жұмыс атқаруда. «Агрофирма Приречное» ЖШС және «Мұздыбай-1» ШҚ, І, ІІ және ІІІ репродукциялы картоптың тұқымын өндіреді.
2013 жылы тамшылатып суару әдісімен егілетін жердің көлемі тағыда 72,9 га ұлғайтылды, жалпы тамшылатып суару әдісімен 179,4 га алқап игерілуде.
2013 жылға лизингке техника алуға «Мұздыбай-1» және «Ер-асқан» шаруа қожалықтары құны 106,0 млн. теңге болатын ауыл шаруашылығы техникаларына тапсырыс беріп алды. Өңірдің шаруа қожалықтары өз қаражаттарына құны 47,5 млн. теңге болатын 7 ауылша-руашылығы техникаларын алды.
Техниканың жыл сайынғы жаңартылуы 4,3% көлемінде. Семей өңірінде сыйымдылығы 45,6 мың тонналық 32 көкөніс сақтау қоймасы бар. 2011 жылы «Мұздыбай-1» ШҚ-ы 6,0 мың тонналық типтік көкөніс қоймасының құрлысын бастады, құрлыс жұмысы 2014 жылы аяқталады.
Бүгінгі күні ауылшаруашылық тауар өндірушілерге өңір бойынша 796,6 млн. теңге субсидия берілді, оның ішінде өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға 746,3 млн. теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 50,3 млн. теңге.
Мал басы мен мал өнімдерін өндіруде өсу үрдісі сақталуда. 2014 жылдың 1 қаңтарына барлық шаруашылық нысандарында мүйізді ірі қара 41,0 мың, қой мен ешкі 146,5 мың, шошқа 2,1 мың, жылқы – 21,4 мың және құс – 1023,4 мың басқа жеткен. Былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда мүйізді ірі қара 13,9 %, қой мен ешкі 2,0 пайызға, жылқы 13,2 %, құс 15,6 % өсті. 2013 жылы 24,1 мың тонна ет, 33,8 мың тонна сүт, 7,5 млн. дана жұмыртқа, 269 тонна жүн өндірілді. Ет өндіру де өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 6,6 %-ға, сүт 0,6 пайызға, жұмыртқа 141,9 пайыз-ға, жүн 3,4 пайызға көбейді.
«Агрофирма Приречное» ЖШС–і шетелден 2013 жылдың қазан айында 1,0 мың бас асыл тұқымды мал әкелді. «Береке» ШҚ-ы 107 бас ірі қара малын сатып алды. Келешекте бұл шаруашылық репродуктор ретінде өңірдегі шаруашылық құрылымдарын асыл тұқымды төлмен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Бүгінгі күні «Агрофирма Приречное» ЖШС-де, «Нұр», «Зағитов», «Нұртаза», «Гүлрайхан», «Тілеп», «Ертай аға», «Кайыңды», «Базарғалиев» шаруа қожалықтарында бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта осы бордақылау алаңдарында 30-200 бас көлемінде ірі қара мал семіртілуде.
«Сары» әмбебаб базарында әр сенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп келеді. 2013 жылы 51 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өткізілді.
Халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында, біршама жұмыстар атқарылды, агроөндірістік кешені Семей инвестициялық жобаларды жүзеге асыруына сәйкес, «Восток-Бройлер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құс еті өндірісін жоғарылатуда жұмырт-қа өндіруден бройлер тауықтарының етті бағытына өзгертілді. Жобаға қарастырылған 2800 млн. теңге қаражаттың бүгінгі күні 2105,6 млн. теңге қаржысы игерілді. 2013 жылы 3200 тонна құс еті өндірілді. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 1000 тонна немесе 45,4 пайызға артық өндірілді. Келешекте құс еті өндірісін 7,4 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.
Агроөндірістік кешені инвестициялық жобасына сәйкес жұмыртқа өндірісін жоғарылатуға «Семей» құс фабрикасы» (Ақтөбе Ертіс) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Кіші Ақтөбе құс фабрикасын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жасауда. Жобаның жалпы құны 502 млн. теңге. Бүгінгі күні инвестиция толығымен игерілген. Кәсіпорын 2013 жылдың шілде айында іске қосылып, 2013 жылы 4,5 млн.дана жұмыртқа алды.
«Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС-і 2013 жылы өндіріс көлемін 9350 тоннаға жеткізді. Ал 2012 жылы өндіріс көрсеткіші көлемі 9059 тонна болған еді.
Жер қатынастарын реттеу
2013 жылы жер жөніндегі сұрақтар бойынша 3767 хат заңды тұлғалардан, 2376 өтініш жеке тұлғалардан келіп түсті. Жер комиссиясының 34 отырысы өткізіліп, онда 2185 сұрақ қаралды. 1399 қала әкімдігінің қаулысы әзірленіп, 781 жалға беру және 575 сату— сатып алу шарттары жасалды. Семей қаласының аумағы 2014 жылдың 1 қаңтары жағдайында 2780,7 мың га оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер ауданы 949,2 мың га, ол 34 % құрайды. Ауылшаруашылық алқаптарын түгендеу жұмысы нәтижесі Облыстық жер қатынастары басқармасы бұйрығымен бекітілді. Пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер иесіз жерлер есебіне алынды. Бүгінгі күні 92503,9 га жер телімдері иесіз жерлер есебінде тұр, оның 10735 га жыртылған жерлер. 2013 жылы 32644,9 га жер мемлекеттік меншікке түскен. Суармалы жерлердің құжаттары Ауылшаруашылық министрлігімен келісуге жіберілді. 2013 жылы ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлер конкурс арқылы ауданы 55001,8 га болатын 38 жер телімі шаруа қожалықтарын жүргізу үшін берілген. Семей қаласы бойынша 1 392,0 мың гектар босалқы жер тіркелген, оның 405,9 мың гектары арнаулы жер қоры. Қаланың бағбандық үшін берілген жерлеріне түгендеу жұмысын жүргізіп, 1523 жер телімі иесіз жерлер есебіне алу жұмыстары жүргізілуде. Бірыңғай сәйкестен-діру құжаттарымен жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар 99 %, оның ішінде шаруа қожалықтары 99%, субъектілер 100 % қамтамасыз етілген.
Бағалық құнын 2013 жылдың 2012 жылмен салыстырғанда жер телімдерін мемлекеттік сату 161 %, құқығын сату 59 %, жалға беру 86 %-ды құрайды, тұтас алғанда бағалық құны 119 %-ды құрайды.
Тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы, қоғамдық көлік
2009 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен ЖЭО-1 кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың 2014 жылдың соңында аяқталуымен нысан көлемді және ұзақ болып келеді. Құрылыс кезеңі бойынша 21,675 млрд. теңге игерілді.
Құрылыс 3 кезеңмен жүргізілуде. Қазіргі уақытта құрылыстың 1 және 2 кезеңі аяқталды. ЖЭО-1 кеңейтуі және қайта жаңғыртуы Семей қаласының тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету қажеттілігін қамту үшін өсіп жатқан жылу салмағын жабу, қаланың сол жағалауын жылумен қамтылуына сенімділігін ұлғайтып, ЖЭО-1 электр қуаттылығын 12 МВт ұлғайтуын, өз қорының жұмысын өтеген қондырғылардың ауыстыруын қамтамасыз етеді.
2012 жылдан бастап жобаның 11,7 млрд. теңге жалпы құнымен Е-35 қазандықтың орнатуымен РК-1 қайта жаңғыртуы және кеңейтуі жобасының іске асырылуы жүргізілуде. Қазіргі уақытта – 3,9 млрд. теңге игерілді. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2015 жыл.
Энергетик кентінің болашақтағы құрылыс жұмыстарының өсуіне байланысты, 2012 жылдан бастап «5 интернат» қазандығының қайта жаңғырту жұмыстары үлкен қарқынмен жүргізілуде. Қазіргі жылу өнімділігі – 3 Гкал/сағ, қолданысқа енгізілгеннен кейін жаңа қазандық 17,6 Гкал/сағ дейін қуаттылығын береді. Аталған жобаның іске асырылуының негізгі міндеттерінің бірі аудан тұрғындарын жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету. Жобаның жалпы құны – 623,0 млн. теңге. 2013 жылы – 171,6 млн. теңге бөлініп, игерілді. Жобаның аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған.
2013 жылы 41, 937 млн.теңге құнымен «ШҚО Семей қаласында 342 квартал ОЖП қайта жаңғырту» жобасы іске асырылды. Жобамен қондырғының модернизациялауы және ОЖП ғимаратының қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нысан 2013 жылдың желтоқсан айында қолданысқа енгізілген.
2013 жылы жергілікті бюджет есебінен «ШҚО Прииртыш ауылындағы орта мектептің қазандығының құрылысы» жобасы іске асырылды. Жоба құны – 39,930 млн. теңге.
«Теплокоммунэнерго» МКК нысандарын дайындау үшін жергілікті бюджеттен 300 миллион теңге, соның ішінде 100 миллион теңгеге күрделі жөндеу және 200 миллион теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінді. «Теплокоммунэнерго» МКК қазандықтары үшін жылдық отын қажеттілігі 385 мың тонна көмір және 3 241,56 тонна мазутты құрайды. 2013-2014 жылдарға жылыту мерзіміне айлық отын қорын құру үшін ҚР Үкіметінің қаулысымен 281,1 миллион теңге ақша қаражаты бөлінді. 14 миллион теңге сомаға 412,28 тонна мазут сатып алынды. 276,1 миллион теңге сомаға 90 870, 29 тонна көмір сатып алу жүргізілуде. «Теплокоммунэнерго» МКК қиылысында орташа мөлшерде алғанда тәулігіне 25-30 вагон көмір түседі. 2013 жылдың 3 қыркүйек айынан бастап 97628 тонна (1408 вагон) көмір түсті.
2013 жылдың есебі бойынша тұрғын үй инспекциясында үйлердің басқарылуы және техникалық жағдайлары жайында заңды және жеке тұлғалардың 334 өтініштері қарастырылған, 147 нысан барып тексерілді, әрбір басқару ұйымдарына міндетті және бірінші ретте орындалуы тиіс жөндеу жұмыстарының қорытындылары берілді. Сонымен қоса, 1503 құжат қарастырылды. Ағымдағы жылы 2011-2020 жылдарға арналған ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасына ниеттенуші 35 нысанға бөлім мамандарымен тексеру жүргізілді. Қаланың тұрғын үй қорының ортақ санының 854 тұрғын нысандары күрделі жөндеу жұмыстарын (шатыр, қасбет, қалқанша, ірге тасты нығайту) талап етеді. Сонымен қоса, 618 лифтінің ішінде 144 лифтіні қайта жөндеу қажет (474 жөндеу жасалынды). Көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ санының 18% құрайтын 238 тұрғын үйді барып тексеру нәтижелерінде жағдайлары апатты және ескі үйлердің қатарына жатқызылды. 2013 жылдың басында ТКШ және құрылыс бөлімімен бірлесіп, жазғы мезгілде апатты және ескі үйлерге тексеру жүргізу үшін комиссия құрылған. Аталмыш бағдарламаны бекіту үшін қала әкімінің 2013 жылдың 10 қазанында қаланың жұмысшы тобын құру үшін № 73-і Жарлығы бекітілді. Инспекцияда Жарлық бойынша бекітілген 24 тұрғын үйдің тізімі дайындалды. Қаланың тұрғын үй қоры 1307 тұрғын үй, 60173 пәтер, үйдің жалпы ауданының 3126 мың шаршы метрін құрайды. Оның ішінде басқару ұйымдарына 868 үй, 113 ПИК, 10 ПК, 21 қарапайым азаматтық және 10 өзге де ұйымдар тіркелген. Басқару ұйымдарынсыз 438 үй оның ішінде 293 үй орталықтанған жылыту жүйесімен тіркелген.
2013 жылы тек қала бюджетінен қала көшелерін қайта құруға 249,254 млн. теңге, орташа жөндеуге 624,777 млн. теңге және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 73,0 млн. теңге бөлінді.
Елемесов көшесінен Қаржаубайұлы көшесіне дейінгі Гагарин көшесі бойынша жолдарды қайта құру жөнделген учаске қашықтығы 0,629 шақырым, Рыс-құлов көшесінен Докучаев көшесіне дейінгі Физкультурная көшесінің жүргін бөлігін қайта құру жөнделген учаске қашықтығы 1,24 шақырым. Шмидт көшесінен Шәйжүнісов көшесіне дейінгі және Ибраев көшесінен Ш. Уәлиханов көшесіне дейінгі Ұранхаев көшесі бойынша жүргін бөлік пен жаяужолдарды орташа жөндеу жүргізілген учаске қашықтығы 1,077 шақырым. Абай көшесінен саяжай сілеміне бұрылысқа дейінгі, Найманбаев көшесіне түсетін жол бойымен Усть-Каменогорская көшесі бойынша жүргін бөлік пен жаяужолдар орташа жөндеуден өтті.
Лебаев көшесінен Суық бастау кентіндегі ақырғы аялдамаға дейінгі Шульбинская көшесінің жүргін бөлігін орташа жөндеу жүргізілген учаске қашықтығы — 3,478 км. Қабанбай батыр көшесінен Дулатов көшесіне дейінгі Байсейітов көшесі бойынша жүргін бөлік пен жаяужолды орташа жөнделген учаске қашықтығы 0,684 км. Қабанбай батыр көшесінен Гагарин көшесіне дейінгі Герцен көшесінің жүргін бөлігін орташа жөнделген учаске қашықтығы 0,984 км.
Шугаев көшесінен Сәтпаев көшесіне дейінгі Жангелді көшесі бойынша, Силикат кенті жолдарын қоса алғанда жүргін бөлік пен жаяужолдарын орташа жөнделген учаске қашықтығы 2,07 шақырым.
2013 жылы жөнделген көшелердің жалпы қашықтығы 13,695 км құрайды. Қала жолдарындағы ағымды жөнделген алаң көлемі 31231 м2 құрайды.
2012 жылы қала және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу үшін облыстық және жергілікті бюджеттен 783,359 млн. теңге (оның ішінде 100,0 млн. теңге облыстық бюджеттен) көлемінде қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға қаланың 25 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта 160 көше жарықтандырумен қамтылған, көше жарықтандыру желісінің қашықтығы 191,39 км құрайды. Шамдар саны 7131 дана.
2013 жылы 6 көшенің жарықтандыруына күрделі жөндеу жүргізілді (2,7,8,14,16 Линиялар, Аюченко көшесі Шығыс кентіндегі), сонымен қатар, 6 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (Ибраев, Беспаев, Ш. Уәлиханов, Найманбаев, Интернационал көшелері, Полковничий аралындағы Достық саябағы).
Қала аумағын санитарлық тазарту жұмыстары жыл сайын жүргізіледі.
2011 жылғы 14 қаңтардағы, 2012 жылғы 3 тамыздағы және 2013 жылғы 17 мамырдағы өткізілген конкурстардың қорытындысы, ойынша 2013 жылғы 1 тамыздан бастап қаланың жаңа бағыттық сұлбасы енгізілді. Қалада 57 бағыт қызмет көрсетеді. Оның ішінде 40 автобус және 17 шағын автобус бағыттары. Күнделікті желіде 432 бірлік автокөлік жұмыс атқарады, оның 290 бірлігі автобус және 142 бірлігі шағын автобус. Жаңа бағыттық желіге алдыңғы істегі бағыттар қосылған жоқ №№ 15, 31, 129, 201, 218, 221, 224, 233 және 237 (9 бағыт). Осы бағыттарды алып тастау, сонымен қатар, 203, 206, 212, 213, 231, 232 бағыттары бойынша қозғалыс сызбасының өзгеруі қаланың негізгі жолдарында жолаушылар көлігі жүктемесін төмендетуге мүмкіндік берілді: Әуезов даңғылы 17,3%, Қабанбай батыр көшесі 14,4%, Интернационал көшесі 12,7%, Шәкәрім даңғылы 27,3 %, Абай көшесі 22,9 %. 9 жаңа бағыт қосылды №№ 1, 4, 18, 24, 46, 37, 42, 47 және 52. Жолаушылар көлігінде бақылау жасау үшін GPS-мониторинг программасы енгізілді. Сонымен қатар 2 аялдама пункттерінде «ақпараттық аялдама» орнатылды. 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 1718 қала әкімдігінің қаулысымен № 14, 37, 40, 42, 33 және 56 автобустық бағыттардың қозғалыс сұлбасына өзгертулер енгізілді. Сонымен қатар, көліктің қысқы жұмыс уақытын ұзартты сағ. 21:30 – 22:30 минут. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың кезегінде 2014 жылдың 1 қаңтарына 6108 отбасы тұр, соның ішінде: халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын тобы ретінде -2596 отбасы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар -897, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері — 2604, 7 ҰОСА, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған -4 отбасы.
«Семей Водоканал» МКК теңгерімінде -387, 3 км су құбыры желісі және 243,2 шақырым кәріздік желілер бар, 52 дана жоғарылату сорап станциясы, 21 дана кәріздік сорап станциясы және тазартқыш құрылғылары бар. «Семей Водоканал» МКК өз қаражат есебінен жалпы сомасы 34 569 мың теңгеге су құбырлары мен кәріздік желілерді, ЖСС және КСС, өрт гидранттарын және басқада нысандарға дайындайды. Кәсіпорынмен созыңқылығы 1, 722 шақырым су құбыры желісін ауыстыру, 42 дана жоғарылату сорап станциясын, 18 дана кәріздік сорап станциясын, 54 дана ұңғыма жуылды, 191 дана көлемінде ашық құдықтардың қақпағы орнатылды.
Бюджеттен бөлінген 16,9 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа «Семей Водоканал» МКК ұзындығы 0,91 км Физкультурная көшесі, Герцен көшесі және Байсейітов көшесі бойынша су құбырын ауыстыру жұмыстарын орындады.
Мұнан басқа жергілікті бюджеттен бөлінген 69, 425 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа «Семей Водоканал» МКК Смычка аралындағы су құбыры бар қуаттылықты модернизациясы және сенімділікті арттыру үшін 70 миллион теңге сома көлемінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Волгоград көшесі бойынша инженерлік су құбыры желісі пайдалануға берілді.
2012 жылы «Ақ бұлақ» салалық бағдарламасын жүзеге асыру шегінде республикалық бюджеттен 64 248,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді, облыстық бюджеттен 3 213 мың теңге ШҚО Мұздыбай ауылының су құбыры желісін қайта жаңартуға қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша ШҚО Мұздыбай ауылының су құбыры желісін қайта жаңарту бойынша «Семейпластком» ЖШС мердігерлік кәсіпорынмен шарт бекітілді.
Сәулет және құрылыс
Бас жоспарды 2013 жылы әрі қарай іске асыру үшін оң жағалау мен сол жағалау бөліктерінің нақты жоспарлау жобасын (НЖЖ) әзірлеуге қалалық бюджеттен 170,0 млн. теңге бөлінген. НЖЖ көлемі бойынша 2500 га жерді қамтитын жұмыстар орындалған. Қоғамдық тыңдаулар және қаланың барлық мүдделі органдарымен келісілгеннен кейін НЖЖ бекітіледі. Қаланың сол жағалау бөлігінің нақты жоспарлау жобасы бойынша қала құрылысы кеңесі мен қоғамдық тыңдаулар өтті. Мониторинг жүргізу және сәулет жоспарлау тапсырмаларын жасау үшін бастапқы деректерді беру мәселелерін шешу үшін көп мақсатты ақпараттық жүйесі жүргізіледі — ол аумақтарды параметрлері және нысандардың жағдайы, инженерлік — техникалық қамтамасыз етілу деңгейі бойынша картографиялық, статистикалық және өзге ақпараттарды қамтиды, осындай жүйе ол Мемлекеттік қала құрылысы кадастры дерекқоры (МҚКД) болып табылады. 2013 жылы МҚКД бойынша құрылысы салынған және пайдалануға 2141 нысан енгізілген, оның ішінде шаруашылық ететін — 33 субъект, ғимараттар мен имараттар – 1544, жер телімдері – 564.
2013 жылы орнатылған сыртқы жарнамадан жергілікті бюджетке 105,0 млн. теңге түскен, оның ішінде заңсыз орнатылған жарнамадан 3,8 млн. теңге кіріс түскен. Сыртқы жарнаманы орнатуға 627 рұқсат берілген.
«Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ несиеге берілетін және кезекте тұрған, сонымен қатар жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы болып табылады. Аталған бағдарламаның іске асырылуына 2012-2013 жылдар аралығында 2,126 млрд. теңге, соның ішінде 2013 жылы – 1,213 млрд. теңге бюджет қаражаты бөлініп, игерілді.
Аталған бағдарлама бойынша жалға берілетін инженерлік — коммуникациямен бірге баспананың негізгі құрылыс жұмыстары Энергетик кентінде жүргізілуде. 2013 жылы Энергетик кентінде 4 жалға берілетін 9 қабатты 72 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар Энергетик кентінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы несиелі тұрғын үй бағыты бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.
«Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы аясында 2013 жылдың қараша айында Волгоград көшесінде экономикалық әлеуеті төмен тұрғын пункттерден қоныс аударғандарға 50 тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрылыстың жалпы құны – 337,2 млн. теңгені құрады.Жылдың басында аталған бағдарлама бойынша Докучаев көшесінде шағын отбасыларға арналған 60 пәтерлі, 5 қабатты жатақхананың құрылысы аяқталады. Құрылыстың жалпы құны – 245,2 млн. теңге. Жалпы тұрғын ауданы – 2,2 мың шаршы метр.
2013 жылға қаланың тұрғын үй қоры жалпы ауданы 5 618,1 мың шаршы метрді құрайтын 29 665 тұрғын үйлерді құрайды.Соның ішінде, бір қабаттан асатын көп пәтерлі ғимараттар саны – 1305, 60133 пәтер (163 527 тұрғындар), жеке меншік үйлер саны – 27 932 (168 373 тұрғындар).
2013 жылы инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылымның дамуына, жайластыруына және сатып алуына 1,54 млн. теңге бағытталған. Бөлінген сомаға 20 шақырымнан астам электр, су, кәріз, жылу желілері салынды. Бұл нысандар: Смычка аралынан Энергетик кентіне дейін су құбыр құрылысы, Энергетик кентіндегі жалға берілетін тұрғын үйлерге (2,3,4,5 үлгі), Докучаев, Волгоград көшелеріндегі инженерлік желілердің құрылысы, Суықбастау кентінен Селевин көшесіне дейінгі кәріз желілердің құрылысы.
2013 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру аясында Озерки ауылында 264,3 млн.теңге және Бұлақ ауылында су құбырын қайта жаңғыртуға 218,9 млн.теңге бюджет қаражаты бөлініп, игерілді. Нысандардың қайта жаңғыртылуы 2013 жылдың соңында аяқталды.
Сонымен қатар, 2013 жылы республикалық бюджет есебінен «ШҚО Семей қаласында суықбастау кентінен Селевин көшесіне дейінгі кәріз желілердің құрылысы» жобаның іске асуына 250,0 млн.теңге бөлінді. Қазіргі уақытта ұзындығы 4 км астам д-560 мм құбыр салынды. Кәріз сорғы станциясының орнатуы бойынша жұмыстар жүргізілді. Құрылыс ағымдағы жылы аяқталады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
2013 жылы әлеуметтік салаға 1 256,4 млн теңге бюджеттік қаражат жұмсалды, бұл 2012 жылғы деңгейден 3,0 % жоғары, 759,9 млн теңге немесе жергілікті бюджеттен бөлінген жалпы қаражаттың 60,5 %, облыстық бюджеттен — 238,2 млн теңге, республикалық бюджеттен — 258,4 млн. теңге бөлінді.
2013 жылы 5425 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 1020 адам, жастар тәжірибесіне оқу орындарының 778 түлегі жолданды. Кәсіптік оқытумен 746 адам қамтылған. Қоғамдық жұмыстарға 1182 адам қатысты.
2663 жаңа жұмыс орыны құрылды, оның ішінде 2320 жұмыс орыны — қаланы дамыту бағдарламасы аясында, мұнда орта және шағын бизнес саласы басым.
Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға қайта құрылған 390 жұмыс орнын құрумен 577,9 млн теңге сомасына 235 адам шағын несие алды. Бизнес жобаларды іске асыру мал басын көбейтуге, халықты сапалы нан, ет, сүт өнімдерімен, бау-бақша дақылдарымен қамтамасыз етуге және бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Ауыл тұрғындары ағаш шеберханасының, шаштараздың, суретке түсірушінің, тіс емдеушінің қызметтерін пайдалана алды.
Волгоград көшесіндегі 50 жеке тұрғын үйлерге Семей өңірі бойынша экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс аударған 38 отбасына және облыстың басқа аудандарының 12 отбасына үйлердің кілттері табыс етілді. Қоныстанғандардың ішінде, 23 жасқа дейінгі ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар, сондай-ақ балалар үйлерінің тәрбиеленушілері санатындағы құрамында 22 адамы бар 5 отбасы, 4 адамнан тұратын 1 оралмандар отбасы.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны төмендеп келеді. 2014 жылдың 1 қаңтарына 1606 алушыға 58,0 млн теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда алушылар саны 25,9% азайды. 2013 жылы 2240 отбасына 37,1 млн теңге тұрғын үй көмегі тағайындалды. Алушылар қатарында: 63,1% — зейнеткерлер, 7,1% — жұмыссыз азаматтар, 29,8 % — өзге де санаттар.
Қалада тірек – қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге көлік қызметін көрсету бойынша «Әлеуметтік такси» қызметі жұмыс істейді. Бұл қызмет 2010 жылдың қараша айынан бастап көрсетіледі. Қызмет көрсету үшін 2 арнайы жабдықталған автокөлік пайдаланылады, диспетчерлік қызмет ұйымдастырылған. Өткен жылы 1989 жол жүру ұйымдастырылды. Әлеуметтік такси жұмысына 2013 жылы жергілікті бюджеттен 4,1 млн теңге бөлінді.
Білім және денсаулық сақтау
Білім саласын дамытуға 2013 жылға қаржыландыру көлемі 7 млрд. 931 млн. теңгені құрайды, соның ішінен мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 64 млн. 429 мың теңге (өткен жылмен салыстырғанда 13 % көп) жұмылдырылды. Жалпы сомасы 182 млн. теңгеге 26 білім мекемесінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бір оқушыға шаққандағы шығыс 191,4 мың теңгені құрайды және 2010 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өскен.
2013 жылдың 1 қыркүйегіне қаланың мектептер желісі 68 білім мекемелерімен көрсетіледі. Мектептер мен тиісті тұрпаттағы мектептері жоқ тұрғылықты мекенде тұратын балалардың жалпы орта білім алуына жағдайлар туғызу мақсатында 1805 оқушыға тасымалдау ұйымдастырылған. 3 автобус сатып алынып, Қараөлеңнен Бегалин мектептеріне дейін, Степной кентінен қала мектептеріне дейін балаларды тасымалдау мәселесі шешілді.
Білім мекемелері тарапынан оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету шаралары қабылданады. Қаланың 58 мектебінде ыстық тамақ ұйымдастырылып, ыстық тамақпен қамту 58 пайыздан 64 пайызға өсті (2010 жылы – 58,2 %). Әлеуметтік қорғалмағандар санатына жататын барлық балалардың 100 % тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген (5425 бала). 2014 жылдың 1 қаңтарына Семей қаласында 29 балабақша, 51 шағын орталықтар жұмыс істейді. Мектепке дейінгі білім беруге 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 94,4% (9735 баланы) құрайды.
2013 жылы мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету бойынша «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 1280 орынға жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерге мемлекеттік тапсырыс орналастырылды, 185 орынға 3 жеке меншік мектепке дейінгі мекемелер ашылды, қолданыстағы 100 орынды жеке меншік балабақша мен 25 орынды шағын орталықтардың ауданы кеңейтілді.
Мектепке дейінгі мекемелердің желісін дамыту үшін жалпы сомасы 236 млн. теңгеде жеке меншік инвестициялар тартылды. Жыл сайын демографиялық өсімге сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарға орын алуға кезектіліктің өсуі байқалады, 2013 жылы ол 19% құрады.
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды орналастыру орнының тапшылығы.
Қаланың шет аймақтарында мектепке дейінгі мекемелердің болмауы.
2014 жылы 380 орынға 3 жеке меншік мектепке дейінгі мекемені ашу жоспарланды; Суық бұлақ кентінде 280 орынға балабақша құрлысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді; Ұшқыштар кентінде 280 орындық балабақшаның жобалық-сметалық құжатамасы әзірленуде; Чехов көшесіндегі коммуналдық меншіктегі 140 орынды бұрынғы балабақшаның ғимараты қайтарылды, ғимаратты күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде ;
Мемлекеттік — жеке меншік серіктестік аясында 1290 орынға 5 балабақша құрылысы жоспарлануда:
• Энергетик кентінде 280 орынға;
• Цементшілер кентінде 140 орынға;
• Шығыс кентінде 320 орынға;
• Восход кентінде 230 орынға;
• Жангелдин көшесінде 320 орынға.
Жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Қазіргі күні қалада 380 жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балалар қамқорлық пен қорғаншылықта тұр.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көлемі жыл сайын артуда. 2013 жылы денсаулық сақтау саласының бюджеті 14780 млн.теңгені құрады (2012 жылы 14012 млн.теңге, 768 млн. теңгеге өсті немесе 5,7 %). Денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуына 522,2 млн. теңге, оның ішінде республикалық қаржы есебінен 420,9 млн. теңге, жергілікті қаржы есебінен 145,6 млн. теңге жұмсалды. 2012 жылы 522,2 млн. теңге оның ішінде республикалық қаражат есебінен 315,6 млн. теңге, жергілікті қаржы есебінен 206,6 млн. теңге жұмсалды ,
Денсаулық сақтау 7 нысанына толық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 175,2 млн. теңге, 2012 жылы 31,8 млн. теңге жұмсалды.
Халықты дәрілік заттармен амбулатория деңгейінде қамтамасыз етуге 417,2 млн. теңге жұмсалды (9,7 % артты 2012 ж. – 380,2 млн. теңге). Тұрғындарды тіркеу регистріне кірген науқастарға арналған дәрілік заттармен қамтамасыз етудің қол жетімділігі және сапасын арттыру үшін «Дәрілік заттармен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесі» (ДЗҚЕАЖ) бағдарламасы жұмыс істейді, бұл дәрілік заттарды босатуды реттеуге, БМСК және дәріханалар жүйесінің арасындағы саралас жұмысқа қол жеткізді.
300 орындық қалалық көпсалалы емхана ашылды. Бұл емхана заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Приречное ауылының дәрігерлік-амбулаториясы халық игілігіне берілді. 2013 жылы келесі жекеменшік ұйымдар өз қызметтерін бастады: «In Vitro» КДЕ ЖШС, «№ 3 кеңестік-диагностикалық емхана» мекемесі, «Жан-Ер» стоматологиялық емханасы, «№ 6 аралас үлгідегі емхана» мекемесі.
ММУ медициналық орталығында жоғары технологиялық медициналық көмек – тамырлы және нейрохирургиялық ауруларды ота жасау арқылы емдеу енгізілуде. Ағымдағы жылы кардиохирургиялық бөлімшесі ашылды, онда коронарография, стентирлеу, аорто-коронарлы шунтирлеу жасалынады. Семей қаласының денсаулық сақтау бөлімінде науқастарды жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін республикалық клиникаларға жолдау, медициналық ұйымдарда – арнайы мамандандырылған медициналық көмек алу үшін науқастарды қала, облыс және басқа қалалардың стационарларына жолдау үшін жатқызып емдеу порталының Бюросы қызмет атқарады. 2013 жылы 3323 науқас жолданды.
2013 жылы жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген несиені 1-маман (1001,4 мың теңге), 5 маман көтерме жәрдемақы алды. Жалпы 605,9 мың теңге.
Мәдениет және спорт
Жыл басынан бері мәдениет және өнер мекемелерінде 1497 мәдени шара ұйымдастырылып, оларда 518 335 адам қамтылды. Барлық жоспарланған іс-шаралар белгіленген мерзімінде өткізілді. Коллекционер Ю. В. Невзоровтың 100 жылдығына байланысты «Мұражай қызметіндегі меценат рөлі» атты Халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Маусымда Семей қаласында Татарстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік Кеңесшісі М.Шаймиевтің қатысуымен «Сабантой» мерекесі өткізілді, оған алыс және жақын шет мемлекеттерден қонақтар қатысты. «Полковничий» аралында «Достық» аллеясы ашылды.
2013 жылдың қыркүйек айында қала тұрғындары мен қонақтарына арналып Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында тұңғыш рет заманауи қазақстандық суретшілердің көшпелі көрмесі ашылды. Концерттік мекемелермен 235 концерт (27 гастрольдік) қойылып, 80 мың көрермен қамтылды.
Семей қаласында бүгінгі таңда 337 620 адам тұрады, оның 78000 — мектеп оқушылары мен студенттер. Олардың қызметіне 374 спорт ғимараты, оның ішінде 7 бассейн, 4 стадион, 5 спорт кешені, 123 спорт залы, 1 дене шынықтыру – сауықтыру кешені, 4 шаңғы базасы, 3 мылтық ату тирі, 3 үлкен мұз айдыны (Локоматив, Цементник стадиондары және «Турист» қонақ үйінің маңы), 26 хоккей қораптары, 1 конькимен жүгіру стадионы, 10 футбол алаңдары, 127 жазықта орналасқан және 70 жалғастырылып салынған спорт ғимараттары бар.
2013 жылы 14 футбол алаңы, соның ішінде 4 футбол алаңы ауылдық округтерде салынды. Осы жылы 2 жаңа спорт зал (Евразия колледжі, «Жас ұлан» ерлер лицейі) және № 26 орта мектептің қосымша салынған спорт залы пайдалауға берілді.126 млн. теңгеге Қозбағаров көшесіндегі гимнастика залы күрделі жөндеуден өтті. Қалада спорттың 67 түрі дамуда. Солардың ішінде тұрғындар арасында кең таралғаны жеңіл атлетика, футбол, еркін күрес, бокс, шығыс жекпе – жегі, волейбол, грек – рим күресі, самбо, көркем гимнастика, ауыр атлетика, шаңғы жарысы, қазақ күресі, дзюдо. Қалалық жарыстарды өткізуге және облыстық жарыстарға қала командаларының қатысуына қалалық бюджеттен 30 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Қаланың спорттық өміріне белсенді үлес қосатын қала спортының ардагерлер кеңесі құрылды. Ұлттық спорт түрін дамыту және оны насихаттау мақсатында қала әкімінің тапсырмасымен Степной кентіндегі ипподром базасында ат – спорты клубының ашылуы жоспарлануда.
2013 жыл 22 спорт түрі бойынша қалада Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған ШҚО әкімінің жүлдесіне облыстық XVII халықтық спорттық ойындары өткізілді. 2012 жылғы ХХХ олимпиадалық ойындардың дзюдо бойынша қатысушысы Е. Қосаев, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесіне өткен қазақ күресінен Республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы А. Нұғымаров, ауыр атлетикадан юниорлар арасында Словенияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері В. Вагнер, Азия чемпионатының дзюдодан (Тайпей) күміс жүлдегері Ж. Гизат, таэквондодан Азия чемпионы (Душанбе) Ж. Аманбаева, серіппені жатып көтеру түрінен Азия чемпиондары З. Найманбаев, В. Алтайбаев бар.
2013 жылы қалада 400 – ден астам спорттық жарыстар өткізілді.
Қазақстан футболының 100 жылдығын мерекелеу аясында жыл басынан бері жүзден астам спорттық іс – шаралар өткізілді. Күрестен, жеңіл атлетикадан, бокстан, велосипедтен, волейболдан, каратэден, пауэрлифтингтен өткен жарыстардың барлығы Қазақстан футболының 100 жылдығына арналды.Сонымен бірге Қазақстан футболының 100 жылдығын мерекелеу аясында: — 511 млн. теңге сомасына «Спартак» стадионында күрделі жөндеу жүргізілді; — қалада және ауылдық округтерде 14 шағын – футбол алаңдары салынды. Оның 6-ы бюджеттік қаражат есебінен, 8 қаланың кәсіпкерлері есебінен салынды; — республикалық «Миллиондар кубогы» өткізіліп, ақтық жарыстарға 400 футболшы қатысып, республикамыздың 12 мықты командасы ойын көрсетті; — «Спартак» Москва, «Динамо» Тбилиси, «Динамо» Киев, «Спартак» Семей, «Алга» Бішкек, «Рубин» Қазан, «Қайрат» Алматы, әйгілі командалар ардагерлерінің арасында блиц – турнирлер өткізілді; — Қызыл – Орда» — Қарағанды – Павлодар – Семей бағытында республикалық веложүгіру өтті; Физкультурная көшесін «Қазақстан футболына 100 жыл» көшесі ретінде ауыстырудың салтанатты рәсімі өткізілді. «Спартак» командасы футболдан Қазақстан Республикасының чемпионатында күміс медальді жеңіп алып, премьер – лигаға қатысу құқығына ие болды.
Қоғамдық-саяси жағдай
Экономиканы ары қарай дамыту, әлеуметтік сала мәселелерін шешу, тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған шаралар нәтижесінде өңірде тұрақты қоғамдық-саяси жағдай сақталып келеді.
Бүгінгі күнде өңірде бейбітшілік пен келісімде 80-нен астам ұлт пен ұлыс өмір сүріп, 168-ден астам қоғамдық бірлестік, партиялардың 5 филиалы, 15 этномәдени бірлестік және 35 діни бірлестік құрылып, жұмыс істеуде.
Қала әкімдігі аталған ұйымдармен тығыз әріптестік қатынас орнату мақсатында тұрақты жұмыс жүргізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени мәселелерін шешуде күш жұмылдырады. Аталған ұйымдар барлық жалпы қалалық ірі іс-шараларға, мемлекеттік мерекелерге белсенді түрде қатысады.
Қаладағы барлық іс-шаралар, оқиғалар тізбегі аясында ұйымдастырылып, баспа, электронды БАҚ және интернет-ресурстар арқылы кеңінен жарияланды.
Қоғамдық кеңес, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес, жастар ісі жөніндегі кеңес, әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссия сияқты консультативтік-кеңесші органдардың жұмысы белсенді жүргізілді.
Мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру мақсатында қалада «Жастар орталығы» КММ құрылды. «Жастар орталығы» КММ жастар және мемлекеттік органдар арасында дәнекер болып, жастардың бос уақытын ұйымдастыру және жастар мәселелерін шешумен айналысады.
Әлеуметтік шиеленіс факторларының алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру мақсатында қоғамдық-саяси жағдайдың мониторингі жүргізіледі. Ақпарат жиналып, қалыптасқан жағдайға талдау жасалып, сәйкесті шаралар қабылданады.